1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі анықтама


Хромосомалардың морфологиялық жіктелуі. Идиограмма



бет6/19
Дата20.06.2023
өлшемі64,07 Kb.
#179008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1. Ãåí òóðàëû òñ³í³ê. Ãåíäåðä³ æ³êòåëó³ àíûòàìà

6. Хромосомалардың морфологиялық жіктелуі. Идиограмма.
Хромосомалардың морфологиясы және көлемі. Хромосомалардың жалпы морфологиясы оларды ең қысқарған және экватор жазықтығында орналасқан метафаза немесе анафазаның бастапқы стадиясында жақсы байқалады.

Бұл кезде хромосомалар жақсы көрінеді, олар пішіні мен үлкендігі жөнінен айрықшаланады (2-сурет). Әр хромосоманың формасы негізінен алғашқы тартылыс кезінде анықталады, ол жерде центромера бо-лады. Әр түрлі хромосомолардағы центромераның орны түрліше болады, бірақ ол әр хромосоманың өзіне тән және тұрақты болады.


Центромера хромосоманың ең ұшында болмайды деп бол-жайдьц Хромосомалардың ең үшындағы сеғменттері теломера ‘ деп
аталады./Хромосоманың центромераға жақын орналасқан. учаскесін проксимальді, қашығырақ учаскесін дистальды деп атайды.
Хромосомада алғашқы тартылыстан өзге, үршық жіпшелерімен байланыссыз екінші тартылыс болуы мүмкін. Хромосомадағы бүл тартылыс ядрошықтың қалыптасуымен байланыстьу оны ядрошық уйымдастырушы деп атайды. ;Хромосоманың бұл учаскесінің құрылысы күрделі екені анықталды және рибосомалық РНК синтезіне жауапты.ІЕкінші тартылыс кейде өте ұзын болуы мүмкін, ондай жағдайда ол тартылыс хромосоманың негізгі денесінен шағын учаскені бөліп тұрады, ол спутник деп аталады Мұндай хромосомалар спутникті деп аталады .
Жоғарыда айтылғандай, метафаза кезінде хромосомаларды полюске тарататын центромераға ұршық жіпшелері бекітіледі. Егер хромосоманың центромерсіз учаскесі (ацентрлік фрагмент) бүзылса, ол репродукциялана алуға қабілетті, бірақ центромераны қалпына келтіре алмайды. Центромерасы болмағандықтан, мұндай ацентрлік фрагмент ориентация жасай алмайды, сондықтан клетка бөлінуі кезінде көбінесе жойылып кетеді.
Фрагментцентромерасымен басқа хромосомаға байланысса ғана сақталады.
Алайда таякша тәріздес хромосомалар да белгілі, ұр-шық жіпшелері оның бүкіл денесінің ұзына бойына жалғасады. Мұндай хромосомалардың диффузды центромерасы болады. Мұндай жағдайда бөлек қалған хромосома фрагменттері анафазаға бір қалыпты ажырауы мүмкін. Бүл құбылыстың та-биғаты әлі жете зерттелмеген. Хромосомалардын, морфологиясы ғана емес, үлкендігі де әр түрлі. Олардың ұзындығы 0,2—50 мкм аралығында; диаметрі 0,2—5 мкм (немесе 20—50 нм). Алайда белгілі бір хромосоманын, ұзындығы біршама түрақты.
Жіктеп бояуға мүмкіндік беретін хромосоманы бояудың жаңа әдістерін қолдану, яғни хромосоманың боялған және боялмаған бөліктерінің заңды кезектесуін — диаметрі әр түрлі дискілерін анықтау, әр хромосомаға дәл сипаттама беруге яғни хромосоманың жеке-даралығын анықтауға мүмкіндік берді (3-сурет).
Сонымен әр клеткада хромосомалардың формасын, үлкендігін және жіктеліп боялуын қарастырған кезде олардың бәрін өзара ұқсатуға болады. Ал зерттеп білуді жеңілдету үшін, әр-қайсысын ажыратып нөмірлеу керек. Мысалы, адам хромосома-лары (28-тарауды қараңыз) және бірқатар басқа организм хромосовдалары осылай істелген.
Идиограмма – бұл хромосомалардың көлемдерінің кішіреюі бойынша орналасатын жүйеленген кариотип. Хромосомалардың кейбір жұптарының көлемдері бір-біріне жақын болғандықтан, оларды көлемі бойынша дәл орналастыру барлық жағдайда мүмкін емес. Сондықтан I960 ж. хромосомалардың көлемдерінен басқа, формасын, центромераларының жағдайын, екіншілік тартылулар мен серіктерінің болуын есепке алатын хромосомалардың Денвер классификациясы ұсынылды. Бұл жіктелуге сәйкес мөлшері мен пішіні ұқсас адамның 23 жұп хромосомасын А мен G арасындағы 7 топқа бөлген. Жіктелуді жеңілдететін маңызды белгі қысқа иінің ұзындығын хромосоманың барлық ұзындығына қатынасын көрсететін - центромералық индекс болып табылады.

7Хроматиннің ұйымдасу денгейлері.Эухроматин.Гетерохраматин?


ДН Қ жіпшелері гистондык акуыздармен байланысып, оралып нуклеосома жіпшесін түзеді, оның ұзындығы ДНҚ жшшелерінін ұзындығынан 6,2 есеге кем, ал диаметрі 10 нм. Нуклеосома жіпшесі әрі қарай ширатылып, тығыздалып хроматин жіпшесіне айналады. оның ұзындығы нуклеосома жіпшесінің ұзындығынан 18 есе, ал ДНҚ жіпшелерінің үзындығынан 100 есе кем болады. Хроматин жіпшесінің диаметрі 100-200нм. тең.Хроматин эухроматин және гетрохроматин күйінде болады.хроматин митоз кезінде тығыз ширатылып, митоздан кейін ширатылуы босайтын учаске. Бұл жерлерде орналаскан гендер экспрессияланады (транскрипцияланады). Гетерохроматин жасуша циклынын барлық кезеңдерінде, яғни митоз кезінде де, митоздан кейін де тығыз ширатылып тұратын және үнемі генетикалык инертгі күйде болатын учаске. Гетерохроматин учаскесіндегі генетикалык акпарат транскрипцияланбайды. Онын констутиатік және факультативтік гетерохроматин деген түрлері белгілі. Конститутивтік гетерохроматин центромера айналасында және теломерлік учаскелерде кездеседі. Ол мүлдем транскрипцияланбайды. Онын кызметі-ядроның жалпы кұрылымын сактап тұру, хроматинді ядро қабықшасына бекіндіру, мейоз кезінде гомологтық хромосомалардын өзара тануын камтамасыз ету болып табылады.Факультативтік гетерохроматин ағза жасушаларында, әдетте гомогаметалы (XX) жыныстарда, жыныс хроматині күйінде кездеседі, мысалы ұрғашы ұрықтың дамуының 16 күні екі X хромосоманың біреуі инактивтеніп, жыныс хроматиніне айналады, оны Барра денешігі деп атайды..Факультативтік гетерохроматан гендерінін активсізденуі аркылы казіргі кезде актнвтенуі кажет емес гендер тобының экспрессиясын реттеу механизмдері (тетіктері) іске асады.Мигоз кезінде хрокитан жіпшесі әрі карай ширатылып хроматиннің супер ширатпасы-митоздық хромосомалар түзіледі, оларды микроскоп арқылы көруге болады.

8 Адам кариотипі.Денвер Класификациясы.


Кариотип – бір түрге жататын организмнің сомалық жасушаларына тән хромосомалардың нақты санымен, құрылысымен және генетикалық құрамымен сипатталатын диплоидты жиынтық.Хромосомаларды аутосомаларға (екі жыныста бірдей) және жыныс хромосомаларына бөледі. Мысалы, адам кариотипінде 22 жұпаутосома және екі жыныс хромосомалары – ХХ-әйелдерде және XY-еадамдарда (сәйкесінше 44, ХУ және 44, XY) болады. Организмдердің сомалық жасушаларында хромосомалардың диплоидты (қосарланған)жиынтығы болады, ал гаметаларда – гаплоидты (бірегей) болады.23 жұпты құрайтын жеке хромосомалар көлемдері мен центро-мераларының орналасуы бойынша ерекшеленеді. Хромосомаларолардың құрамындағы айырмашылықтарды анықтауға арналған.
Хромосомалардың кейбір жұптарының көлемдері бір-біріне жақын болғандықтан, оларды көлемі бойынша дәл орналастыру барлық жағдайда мүмкін емес.Сондықтан I960 ж. хромосомалардың көлемдерінен басқа, формасын, центромераларының жағдайын, екіншілік тартылулар мен серіктерінің болуын есепке алатын хромосомалардың Денвер классификациясы ұсынылды. Бұл жіктелуге сәйкес мөлшері мен пішіні ұқсас адамның 23 жұп хромосомасын А мен G арасындағы 7 топқа бөлген. Жіктелуді жеңілдететін маңызды белгі қысқа иінің ұзындығын хромосоманың барлық ұзындығына қатынасын көрсететін
- центромералық индекс болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет