1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі анықтама


Репарация.Эксцизиялық немесе қараңғылық репарация



бет18/19
Дата20.06.2023
өлшемі64,07 Kb.
#179008
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
1. Ãåí òóðàëû òñ³í³ê. Ãåíäåðä³ æ³êòåëó³ àíûòàìà

25. Репарация.Эксцизиялық немесе қараңғылық репарация
Эксцизиялық репарация көзге көрінетін күндізгі жарықты қажет етпейді. Репарацияның бұл түрінде ДНК – ның бұзылған учаскесі арнайы ферменттер тобының қатынасуымен кесіліп алып тасталады да, оның орнына қалыпты нуклеотидтер жалғанады. Эксцизиялық репарацияға қатынасатын гликозилаза ферменттерінің әрқайсысы нуклеотидтердіңтүрлі бұзылуларын тауып байланысады.
Эксцизиялық репарация мына кезеңдерден тұрады:
1. Мутагеннің әрекетіне байланысты ДНК молекуласында тиминдік димер (T–T)түзіледі.
2. Тиминдік димер uvrA және uvrB белоктарымен танылады. Тиминдік димерге А белогының екі молекуласы және В белогының бір молекуласы жалғанады.
3. ДНКға иілген пішін беру үшін және В белогы конформациясының өзгеруіне АТФ энергиясы жұмсалады.
4. А белогының екі молекуласы ДНК – дан бөлініп кетеді де, димерлік аймақта В белогының бір молекуласы ДНК – мен байланысқан күйде қалады.
5. ДНК молекуласына uvrC белогы жалғанады.
6. uvrC белогы ДНК тізбегін 5´- ұшынан, ал uvrВ белогы 3´- ұшынан кеседі. Соңынан С белогы ДНК молекуласынан бөлініп кетеді.
7. Геликаза ферменті (uvr Д белогы) екі жағынан кесілген, ұзындығы 12 нуклеотидке тең ДНК фрагментін негізгі тізбектен бөліп ажыратады. Бұл әрекет те АТФ – ң бір молекуласындағы энергияны сіңіре жүреді.
8. ДНК полимераза І бұзылған тізбектегі түзілген бос, ашық жерді бұзылмаған екінші тізбекке комплементарлы нуклеотидтермен толтыра бастайды.
9. Синтезделген жаңа фрагменттің екі ұшын ДНК – ның бос ұштарына ДНК – лигаза ферменттері тігіп, жалғап ДНК – ның қалыпты құрылымын түзейді.

26. Репарация. Пострепликативтік репарация.
Ағзада немесе жасушада жарықтық және эксцизиялық репарация механизмдері жұмыс істемей қалған кезде келесі бір репарация типі – пострепликативтік репарация іске қосылады.
Егер ДНК – дағы барлық кемістіктер репликацияға дейін жойылмаса, онда ДНК – дағы бастапқы екі тізбектің біреуінде сол бұзылған учаске (тиминдік димер) сақталып, оған комплементарлы екінші тізбек қалыпты күйінде қалады. Репликация кезінде бұзылған учаскесі бар тізбекке комплементарлы түзілген жаңа тізбекте сол тиминдік димерге қарсы тесік ашық жер қалады, ал екінші тізбекке сай түзілген жаңа тізбек қалыпты жағдайда синтезделеді. Бұдан кейін, бұзылған учаскенің пострепликативтік репарациясы жүреді:

1 – RecA белогының молекуласы ашық қалған учаскеге жалғанады;

2 – RecA белогының бақылауымен рекомбинация жүреді, яғни бастапқы екінші тізбектің комплементарлы бөлігін, бірінші тізбектегі ашық жерге орналастырады;

3 – комплементарлы бөлігі алынған бастапқы екінші тізбектің бос қалған жері репликация кезінде толықтырылады. Қосылған жаңа учаскелер мен ескі тізбектердің ұштары лигаза ферментінің көмегімен жалғанады.


Бактериялық жасушаларда ультракүлгін сәулелендіруден кейінгі жарықтық және қараңғылық репарация механизмдерінің бұзылуын алғаш байқап, зерттегендер У. Рапп, және П. Ховард – Фландерс болды /1968/.
Бактериялардың ДНК – репарациясына қабілетті болмауы, біріншіден эксинуклеаза ферменттеріне жауапты гендердің мутацияға ұшырауы болса, екіншіден тәжірибе қараңғылық жағдайда жүргізілгендігі.
Бірақ жасушалар осы жағдайлардың өзінде, бұзылған ДНК – ның құрылысы мен қызметін бастапқы қалпына қайта келтірген.
Олай болса, пострепликативтік репарация ДНК – ның бұзылмаған тізбегінің көмегімен іске асырылады. Мутагеннің әрекетіне байланысты ДНК тізбектерінің біреуі бұзылып, онда тиминдік димер (Т–Т) пайда болады, ал екіншісі қалыпты күйінде қалады. Репликация кезінде ДНК – ның мутантты тізбегіне сәйкес түзілген жаңа, комплементарлы тізбекте мутантты тізбектегі тиминдік димер орналасқан учаскеге қарсы тесік, ашық жер түзіледі. ДНК – ның бұзылмаған тізбегінде репликация қалыпты жағдайда жүреді, нәтижесінде жаңа, құрылысы қалыпты тізбек түзіледі.
Пострепликативтік репарация кезінде uvrA белогы синтезделіп ДНК – ң қалыпты тізбегімен байланысып, одан ұзындығы комплементарлы тізбектегі ашық қалған учаскеге сәйкес фрагмент кесіп алады. Фрагментті сол ашық учаскеге орналастырып, лигаза арқылы ДНК тізбегіне жалғайды. Жаңадан түзілген комплементарлы тізбек қалпына келтіріледі. Ал, бастапқы, фрагмент кесіп алынған ДНК тізбегі ДНК – полимераза І көмегімен толықтырылып, лигазаның қатынасуымен өзара тігІліп, жалғанып тұтас, ДНК молекуласы түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет