Идиограмма– бұл хромосомалардың көлемдерінің кішіреюі бойынша
орналасатын жүйеленген кариотип.
7.Хроматиннің ұйымдасу деңгейлері.Эухроматин.Гетерохроматин.
1-ші
ДНҚ спиралы
Диаметрі 2 нм
2-ші
Нуклеосомдық жіпше
Нуклеосомалық гистондардың 4 түрі. Н2А,
Н2В, Н3, Н4 2
молекуладан шайба немесе қатпар құрайды. Мұндай
нәруыздық қатпардан ДНҚ ширатпа тәрізді айналады.
Әр нуклеосоманы орап орналасқан ДНҚ 146
нуклеотидтен тұрады. Нәруызбен байланыспаған бос
бөліктері байланыстырушы (линкерлік) учаске деп
аталады. Бір цикл шамамен 200 нуклеотидты жұп
түзеді,нуклеосомалық жіпше диаметрі – 10 нм
3-ші
Хроматиндік фибрилла
Әрі қарай, ДНҚ молекуласының оралуын Н1 гистоны
қамтамасыз етеді, оларды бір-біріне жақындатып,
нәтижесінде диаметрі 20–30 нм тең болатын жаңа
құрылым түзіледі.
4-ші
Интерфазалық хромонема
Диаметрі 100-200 нм болады. Құрылымдық ұйымдасуы
хроматинді фибриллалардың ілмектерге
байланысуымен негізделеді. Олардың түзілуіне
гистондық емес нәруыздар қатысады
Эухроматин және гетерохроматин
Интерфазалық ядрода хромосомалардың барлығы бірдей, ұқсас болады да хроматин болып табылады. Хроматинді екіге ажыратады: гетерохроматин және эухроматин.
Гетерохроматин – тығыз ширатылған және сондықтан хромосоманың функционалды активсіз аймақтары. Олар базофильді бояулармен анық боялады.
Эухроматин – функционалды активті, әлсіз ширатылған және бояуды нашар сіңіретін хромосоманың аймақтары, олар гетерохроматиндердің арасында орналасады.Жасушаның интерфазадан митозға өтуі хроматиннің суперкомпактизациясымен жүреді. Жекелеген хромосомалар- айқын ажыратылатын метафазалық хромосомаларға айналады.
8.Адам кариотипі.Денвер классификациясы.
Кариотип – бір түрге жататын организмнің сомалық жасушаларына тән хромосомалардың нақты санымен, құрылысымен және генетикалық құрамымен сипатталатын диплоидты жиынтық. Хромосомаларды аутосомаларға (екі жыныста бірдей) және жыныс хромосомаларына бөледі. Мысалы, адам кариотипінде 22 жұп аутосома және екі жыныс хромосомалары – ХХ-әйелдерде және XY-ер адамдарда (сәйкесінше 44, ХУ және 44, XY) болады. Организмдердің сомалық жасушаларында хромосомалардың диплоидты (қосарланған) жиынтығы болады, ал гаметаларда – гаплоидты (бірегей) болады. 23 жұпты құрайтын жеке хромосомалар көлемдері мен центромераларының орналасуы бойынша ерекшеленеді. Хромосомалар олардың құрамындағы айырмашылықтарды анықтауға арналған арнайы бояулармен боялады
. Хромосомалардың кейбір жұптарының көлемдері бір-біріне жақын болғандықтан, оларды көлемі бойынша дәл орналастыру барлық жағдайда мүмкін емес. Сондықтан I960 ж. хромосомалардың көлемдерінен басқа, формасын, центромераларының жағдайын, екіншілік тартылулар мен серіктерінің болуын есепке алатын хромосомалардың Денвер классификациясы ұсынылды. Бұл жіктелуге сәйкес мөлшері мен пішіні ұқсас адамның 23 жұп хромосомасын А мен G арасындағы 7 топқа бөлген. Жіктелуді жеңілдететін маңызды белгі қысқа иінің ұзындығын хромосоманың барлық ұзындығына қатынасын көрсететін - центромералық индекс болып табылады.