1. Географиялық зерттеулердің негізгі әдістері



бет1/20
Дата25.01.2022
өлшемі48,36 Kb.
#114394
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция №1 Зерттеу әдістерінің түрлері


І бөлім. Географиялық зерттеу

Тақырып 1. Зерттеу әдістері, әдістерінің түрлері
Жоспар

1. Географиялық зерттеу

2. Географиялық зерттеулердің негізгі әдістері.

  1. Географиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі:

Картографиялық әдіс.

Тарихи әдіс.

Статистикалық әдіс.

Экономикалық-математикалық әдіс.

Географиялық аудандастыру әдісі.

Далалық зерттеулер мен бақылау әдісі.

Қашықтықтан бақылау әдісі.

Географиялық модельдеу әдісі.

Географиялық болжам.
География (гр. γεωγραφία, «жерді сипаттау» деген мағына береді: гр. γαία — «Жер» және гр. γράφειν — «сипаттап жазу», «суреттеу») — жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым

Географияның зерттеу нысаны - әр түрлі дәрежедегі географиялық орта компоненттерінің орналасуы мен өзара әрекеттесу заңдары мен заңдылықтары болып табылады. Зертеу нысанының күрделілігіне және кеңдігіне байланысты география пәні ортақ географиялық ғылымдар жүйесін құрайтын бірнеше мамандандырылған (салалық) ғылым түрлеріне бөлінеді. Олардың ішінде ерекше аталатындар: жаратылыстану география ғылымдары (физикалық география, жердің географикалық қабықтарын тану ғылымы, тoпырақтану, климатология, гляциология, гидрология, океанология, палеография) және қоғамдық географиялық ғылымдар (әлеуметтік-экономикалық география, тарихи география). Кейде географиялық картографияны да жеке ғылым ретінде бөліп айтады.

Географиялық зерттеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет