10.1.1.2. географиялық мониторинг әдістерімен танысу
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Жеке және топтық тапсырмалар (Т) Географиялық зерттеу әдістерін түсіндіреді.
(Д) Оқушылар өздерінің таңдауы бойынша географиялық зерттеу әдісінің бірін алып зерттеу жүргізеді.
(Д) Оның нәтижесін картасызба түрінде ұсынады.
(Ж) Оқушылар арнайы статистикалық деректерді қолдана отырып салыстырады.
Географиялық ғылым құрылымы
Географияның барлық салалары адамдар мен мемлекеттердің қажеттіліктерінен пайда болды. Олардың зерттеулері қазіргі уақытта барлық адамзат қоғамын қамтитын проблемаларды шешуге бағытталған.
Зерттеу тақырыбын талдау алгоритімі
Географиялық ақпарат көздері:
Энциклопедия, анықтамалық, статистикалық материалдар және т.б.
Ғарыштық және аэрофотосуреттер:
Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ)
Географияда зерттеу әдістерінің көпшілігі далалық және камералдық деп екіге бөлінеді.
Мониторинг-ұзақ уақыт белгілі бір мақсат негізінде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субьектілерді ақпарат нәтижесінде қамтамасыз ететін кері байланыс.
Мониторингтің негізгі міндеті:-мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.
Мониторингтің атқаратын қызметі: 1.Әрекет ету барысында түзетулер енгізіу.
2.Елеулі проблемаларды, оларды себептерін анықтау, оларды шешуге ықпал ету.
3.Аралық міндеттерін орындау сапасын анықтау, түпкілікті нәтижені болжау.
4. Сауатты түрде басқарушылық шешімдер қабылдау.
1-тапсырма Каспий және Арал теңіздеріне физикалық география тұрғысынан ерекшеліктерін қарастырыңыз.
«Мониторинг» ұғымына сипаттама беріңіз.
Екі теңіздің алып жатырған аумақтарын көрсеткіштер бойынша анықтаңыз
Ластану себептерін көрсетіңіз.
Жұппен жұмыс: 2.Тапсырма.Төмендегі статистикалық мәліметтерді пайдаланып Қазақстан халқының ұлттық құрамының пайыздық ара қатынасын салыстыра отырып, диаграмма тұрғызыңыздар.
Қазақстан халқының ұлттық құрамы. 2018 жылдың басындағы есеп бойынша Қазақстан халқының 2/3 астамы қазақтар (67,47%), бестен бір бөлігі орыстар (19,76%) екен. Басқа ұлттар арасында өзбектер (3,18%), украиндар (1,53%), ұйғырлар (1,46%), татарлар (1,11%), немістер (0,99%) көп.
Қазақстан
Қытай
Тапсырма №3 Топпен жұмыс. Екі мемлекеттің демографиялық саясатын зерттеу және салыстыру (Қытай мен Қазақстан мысалында). Болашағына болжам жасау.
4-тапсырма. Физикалық- географиялық карта және атластарды пайдаланып, картометриялық және визуалды әдіс арқылы бір көл туралы қысқаша ақпарат алу.
- географиялық орны
- қалай қалыптасты
- ең терең жері
- тұздылығы
- ағынды, ағынсыз
- экологиялық проблемалары