1 глоссарий 1 Стилистика



бет4/8
Дата08.11.2019
өлшемі163,94 Kb.
#51425
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
59d5cdc5-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Стилистика мәтін-1


Бақылау сұрақтары:

  1. Публицистикалық стилге жалпы сипаттама беріңіз

  2. Публицистикалық стильдің шағын түрлерін атаңыз

  3. Публицистикалық стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілерін көрсетіңіз

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997


7-дәріс. Шешендік сөз – классикалық формадағы сөз өнері Шешендік сөз – халық даналығы, әдеби тілдің бастауы
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Шешендік сөз – классикалық формадағы сөз өнері

  2. Шешендік өнердің көркейіп гүлдену кезеңдері

  3. Шешендік сөздердің Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі

  4. Шешендік сөздердің Кеңес дәуірінде зерттелуі

Қазақ халқы сөздің құдіретіне табынып, тоқсан ауыз сөзге тобықтай түйін жасаған. Ұшқыр да ұтымды, мағыналы сөздерді негізгі ойдың арқауы еткен. Ел ішіндегі түрлі дау-жанжал, шешімін таппас мәселелерді де осы сөз арқылы, көрегендіктерімен, тапқырлықтарымен шешіп, әділ бағасын беріп отырған.

Бүгінге дейін жалғасын тауып отырған асыл қазынамыз – шешендік сөздер тарихи оқиғаларды, халықтың тұрмыс-салты мен тіршілігін,оның ішінде жер дауы мен жесір дауын, мінез-құлқын, тайға таңба басқандай дәл, әрі шебер, әрі мәнді бейнелеуімен ерекшеленеді.

Шешендік сөз – тілдік, коммуникативтік, философиялық, логикалық, этикалық, психологиялық, тарихи-мәдени т.б. көпқырлы ерекшеліктері бар классикалық формадағы сөз өнері

Бізге мәлім, өнердің бірнеше түрі болса соның бірі – киелі де қасиетті сөз өнері. Шешендік өнер «өнердің падишасы» ретінде саналған.Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар: шешендер, философтар, ақындар, тарихшылар. Мысыр, Вавилон, Ассирия,Қытай, Үндістан елдерінде шешендік өнер айрықша дамыған. Осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады.

Ділмәр шешендеріміз тек шешендік өнерлерімен ғана танылып қоймай, әрі би, әрі қолбасшы, әрі батыр, әрі жырау, әрі қолбасшы, әрі философ бола білген.

Асыл қазынамыз шешендік сөздердің уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып,ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді сөздер екендігін айта келіп А.Байтұрсынов шешен сөздің бес түрін атап көрсетеді:

Шешендердің жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығару мақсатымен сөйлегендері саясат шешен сөзі деп аталады.

Шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау, иә қаралау мақсатымен сөйлегенде сот билігіне әсер ету ұшін айтқан сөздері билік шешен сөздері деп аталады.

Біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі қошемет шешен сөзі деп аталады.

Білімділердің, ғалымдардың мазмұнды сөйлеген сөздері білмір шешен сөз деп аталады. Дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі уағыз деп аталады.Бүгінде шешендік сөздерімізді әр қырынан, атап айтсақ, тарихта болған би-шешендердің сөздеріне ғана қатысты қарастырылмай, көне заманнан, оның ежелгі дәуірден басталатындығы жайлы айтылып жүр .



Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы мектебі дегенді білмеген қазақ даласында «би» мен «шешен» атанудың жазылмаған өзіндік қағидалары мен ережелері болған. Мәселен, «Би-шешен» дегендегі «би» сөзінің өзінің беретін мәні, атқаратын қызметі ерекше болған. Қазақ тілі Қазақстан Республикасында мемлекеттік мәртебе алып, қазақ тілінің қоғамдық қызметі бұрын болып көрмеген дәрежеде ұлғайған шақта шешендік сөздің әлеуметтік мәнін ұғындыру қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілік шешен сөз, шешендік өнер дегеніміз не, шешендікке қойылатын талаптар қандай, шешендікке үйренудің қайнар көзінде, қазіргі шешендікке қалай баулуға болады деген мәселелер төңірегінде ойланып, шешендік өнер жайында айтылған еңбектерді жинақтап, шешендік материалдары талдап, филология факультетінде арнайы пән ретінде оқытуды мақсат етеді. Шешендікке әлеуметтік қызмет артқан ежелгі Греция мен Рим қоғамынан бастап, көптеген Еуропа халықтары мен шығыс халықтарында шешен сөз дегенді әңгіме еткенде, оның қоғамдық құбылыс екендігіне, яғни оның тек шаршы топ алдында сөйленетін сөз екендігіне көңіл аударылды.
Шешендік өнер қазақ елі жағдайында да әлеуметтік мәселелерді шешуде болсын, жас буынды тәрбиелеуде болсын, үлкен рөл атқарған. Қоғам өмірінде тілдің, тіл мәдениетінде шешендік өнердің алатын орны, атқаратын қызметі ерекше. «Шешендік сөз – халық даналығы, ақыл-ойдың қоймасы, әдеби тілдің бастауы; дәстүрлі шешендік сөз нұсқаларын оқып, үйренумен бірге, шешендік өнер ғылымының сыр-сипатын, ерекше заңдарын жастар да игеруге, білуге тиіс. Сондықтан шешендік сөздерді орта мектептер мен педагогикалық институттардың, университеттердің оқу бағдарламаларына енгізілуі қажет», - деп шешендік өнерді арнайы зерттеген Б.Адамбаев кезінде мәселе көтерген.
Шешендік сөздерді жоғары оқу орындарында оқытудың мақсаты – талғампаз халқымыздың әлеуметтік, әдеби-эстетикалық қажетін әлденеше ғасырлар бойы өтеп келген халық даналығының үлгілі нұсқаларын оқып-үйрету, шешендік өнердің сырын ашқызу, табиғатын таныту, халық алдында өтеген қызметін білгізу, сондай-ақ шешендікке қойылатын талаптарды меңгерту, оны практикалық іс-дағдысында қолдануға үйрету.
Осы уақытқа дейін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық шешендік өнері, яғни би-шешендер мұрасы көркем сөз ретінде бағаланды да, әлеуметтік-қоғамдық мәні, мемлекет тағдырын шешудегі ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалды. Көне Эллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттің көркеюіне, мәңгілік тұғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға ұмтылуына зор үлес қосты.
Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар: 1) шешендер; 2) философтар; 3) ақындар; 4 ) тарихшылар. Риторика немесе шешендік өнер ғылымы «өнердің падишасы» ретінде саналған. Ол поэтиканың, логиканың, стилистиканың және грамматиканың өркендеуіне үлкен әсер етті.
Риторика ғылымы төрт бөліктен түзіледі: а) ойлап табу, ойдан шығару, шығарымпаздық; ә) әшекейлеу; б) орналастыру және в) орындау не айта білу (Ломоносов М.В. Краткое руководство к риторике).
Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б.з.д. Ү ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афиныда және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды.Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждағатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор – латыншы orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.

«Риторика» терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді білдіреді. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады.


Көне дәуірде шешендік өнерінің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.з.д. Ү-ІҮ ғасырлар, Афины елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы.
Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары – риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы – ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
1. Саяси тақырыпта сөйлеу.
2. Салтанатты мәслихатта сөйлеу.
3. Сотта сөйлеу.
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән. Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады.

Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды. Біріншісі, табиғи қабілет пен дарын, екіншісі, теориялық қисындармен қаруландыру, үшіншісі, тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.


Және де шешендік өнер үш мақсатты көздейді: 1. Сендіру; 2. Рахаттану, ләззатқа бөлеу; 3. Толқытып тебіренту. Риторика 5 бөліктен тұрады: 1) материал іздеп табу, 2) материалдарды орналастыру, жайғастыру, 3) сөзбен уиіндіру, 4) есте сақтау, 5) айта білу шеберлігі. Бірінші бөліктің өзі: а) нақты істер мен ә) жалпы мәселелерге тармақталады. Нақты істер мекен-жайға, уақытқа, кейіпкерлерге қатысты. Жалпы мәселелердің өзі теориялық және іс-тәжірибелік болып бұтақталады. Екінші бөлік бес қабаттан тұрады: 1) кіріспе, 2) мазмұндау, 3) тақырыпты айқындау, 4) дәйектемелер, 5) түйіндеме.
1. Кіріспеде негізгі мәселенің мәнін түсіндіру, тыңдаушылардың ынта-зейінін аудару, көңіл-күйін бөлісу қарастырылады.
2. Мазмұндамада пән туралы сатылап әңгімелеленеді. Мазмұндамаға анықтық, қысқалық, шындыққа сәйкестік тән.
3. Көркем тіл саласында а) тілдің грамматикалық және лексикалық нормасын мұқият дұрыс сақтау, ә) сөзді жалпыхалықтық мәнде, сонан соң табиғи тіркесімді бұзбай қолдану, б) асқақ һәм құбылыстарға лайық өзіндік стиль таңдау, в) көркем тілдің әуезділігі мен суреттілігі, мұның өзі екіге бұтақталады: 1) асқақтық пен 2) жағымдылық.
Жалпы айтқанда, сөз өнері 1) сөз таңдау, 2) сөз тіркестері мен 3) фигураларға жіктеледі. Егер де шешен сөз таңдауда, сөз тіркестерін әдемі, әуезді, әсерлі құруға, бейнелегіш-суреттегіш құралдарды шебер қолдануға ниеттенсе, онда оның сөзі ауызекі сөйлеу тілінен жоғары болады. Сондықтан да стильді үш түрге: жоғары, орташа, қарапайым деп бөлуге болады. Жоғары стиль үлгісіне – Демосфен, орташа стильге – Деметрий Фалерский, қарапайым стильге – Лисий жатады. Еске сақтау, жатқа төгілтіп айту шешеннің даралық ерекшелігіне байланысты. Шығарманың графикалық суретіне көз қандырып, көңілге ұялатады, санасына сіңіріп, жатқа айтады. Сенека (фиолософ Сенеканың әкесі) бірден екі мың сөзді немесе екі жүз өлеңді естісімен жатқа заулатқан. Науаи жүз мың өлеңді жатқа білген. Қазақ қоғамында құйма құлақ, естігенін жатқа қайталайтын шешен билер, білгір шежірешілер ересен мол болған. Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туады. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега өнерпаздығы зор әсер етті.
ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басында Америка мен Еуропадан П.Лафарг, В.Либкнехт, Ж.Жорес, Ж.Гед, Г.Эккариус, Э.Джонс, В.Вольф, У.Филлиппс, А.Бебель сияқты жалынды шешендер жарқырап шықты. Риторика ғылымы Кембридж, Оксфорд университтерінде (пән бойынша Квинтилиан мен Цицерон еңбектері оқытылған), Америкада ХҮІІ ғасырдың 1-ші жартысында Гарвард университетінің оқу жоспарларында болған. Шешендердің ұлы шоғырына, атап айтқанда, Георгий Леонтинский, Фрасимах Холкедонский, Протагор Абдерский, Продик Кеосский, Гипий Элидский, Юлий Цезарь, Демосфен тәрізді санаткерлерді қосуға болады. Шешендік өнер тарихы – адамзат мәдентиеті тарихының бір бөлігі. Көне Грекияда риториканы «өнердің патшасы» деп есептеді, б.ж.с.д. 594 жылы Афины басқарушысы Солонның шығарған заңы бойынша, Афины азаматы сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиісті болған. Шешендік өнердің биік дәрежеде дамуы үшін әрбір азамат Отанының саяси-мәдени өміріне мықтап араласуы қажет. Сайып келгенде, демократия – шешендік өнердің анасы.
Б.ж.с. дейінгі Ү ғасырда Эллада жерінде Динарх, Гегесид, Гиперид, Георгий, Исократ, Исай, Эсхин, Филократ сынды шешендер шоғыры тарих сахнасына шығып, өнер туын жоғары ұстаған. Олар шешен сөздің ережелері мен түрлерін, логиканың қисын-қағидаларын шебер игерген. Сондықтан да идеялық және саяси күресте риториканы өткір құрал ретінде пайдаланған.
«Риторика» - тыңдаушының ынта-зейінін аудара білу, иландырып сендіре білу өнері. Риторика ғылымының іргетасын грек софисі Протагор қалаған. «Софист» - дана, кемеңгер деген мағынада қолданылады. Протагордың ақылды, ойшыл болмысын ежелгі грек философы Демокрит (б.з.д. 460-370 жылдар) байқап, фиолофия ғылымына бейімдеп ыңғайлаған.
Шешеннің басты парызы – тыңдаушыларды ортақ пікірге ұйыту, ортақ келісімге келтіру. Фольклор қай халықтың болсын ежелгі рухани мұраларының бірінен саналады. Онда халықтың ақыл-ойы, арман-тілегі, тұрмыс-салты, шаруашылық кәсібі бейнеленеді. Сондықтан да белгілі бір халықтың ауыз әдебиеті сол халықтың ежелгі мәдениетінен, тарихынан мағлұмат береді, өмірге, дүниеге көзқарасын танытады.
Қазақтың ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер, ақындық айтыс секілді, қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі жанрлардың бірі. Жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетін көтеруде мақал-мәтелдермен бірге шешендік сөздерді мұқиятттап жинап, зерттеп сұрыптап жариялаудың әдеби мәні зор. Өйткені сөз өнерінің әлі жеткілікті зерттелмеген саласы – шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал-мәтелдер сияқты, ойды кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол. Әдетте, шешендік өнер айтыс-дауда туып, дамиды. Дүние жүзіне есімдері әйгілі шешендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны ешкімге құпия сыр емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек) шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерондар әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болған. Ал ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П.А.Александров, Ф.Н.Плевако, А.Ф.Кони тағы басқалар адвокаттар еді. Сол сияқты атақты қазақ шешендері Төле, Қазыбек, Әйтекелердің би болғаны мәлім. Қазақтың шешендері мен шешендік өнеріне қазақ ауыз әдебиетін алғаш зерттеуші ғалымдар да назар аударған. «Билер сотының ертеден келе жатқан халықтық түрі» туралы айта келіп, Ш.Уәлиханов былай дейді: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған».
Шоқанның бұл пікірге қарағанда, қазақ қауымында би атағын алу үшін екі шарт: бірінші – әдет-ғұрып заңын жетік білу, екінші – шешендік қабілеті болу керек. Дәл осыған ұқсас пікірді Абай да айтады.
Ежелгі Грек тарихында шешендік өнердің өркендеуіне атақты Солон заңы себеп болған. Солон заңы бойынша Афиннің әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиіс болған.
Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін алғаш бағалаған адамдардың бірі – белгілі ғалым В.В.Радлов. Ол қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларынан өзі құрастырған жинаққа бірнеше шешендік нақыл сөздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді: «Қазақ тілі – исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай, түпкі таза түрін – түркі сипатын сақтап қалған тіл».
Қазақтың шешендік-тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап, жариялаушы ғалымдардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясына», «Ізбасты», «Байұлы», «Жәнібек батыр», «Жиренше шешен» дейтін тапқырлық-шешендік сөздерін енгізіп, оларды оқуға ұсынды.
Осы сияқты қазақтың шешендік-тапқырлық сөздерінің алғашқы қағазға түскен нұсқаларын А.Васильевтің, А.Диваевтың, М.Көпеевтің т.б. қолжазбаларынан, кейбір мерзімді баспасөздердің беттерінен кездестіруге болады. Алайда революцияға дейін шешендік сөздер арнайы жиналған да, зерттелген де емес. Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде бөле зерттеуді М.Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен кездестіреміз. Шешендік сөздердің қайсысы қай уақытта шығып, қалай қалыптасқанын кесіп-пішіп айту қиын. Біз білетін қазақ шешендерінің атасы Жиренше шешен және ел аузында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі де Жиренше атымен байланысты сөздер.

Бақылау сұрақтары:

  1. Шешендік сөз өнерінің қалыптасып, дамуы жайлы әңгімелеңіз

  2. Шешендік сөз – классикалық формадағы сөз өнері?

  3. Шешендік өнердің көркейіп гүлдену кезеңдері?

  4. Шешендік сөздердің Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі?

  5. Шешендік сөздердің Кеңес дәуірінде зерттелуі?

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997


8 –дәріс. Көркем әдебиет стилінің жалпы сипаттамасы. Жанрлары

Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Көркем әдебиет стилінің жалпы сипаттамасы

  2. Көркем әдебиет тілі мен әдеби тіл.

  3. Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер мен кәсіби сөздердің қолданысы

Көркем әдебиет «сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін искусство» Жазушының стилі – көркем шығарма жазу үстінде қалыптасатын әрі жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда көркем сөз стильінің маңызы кең. Мұнда барлық стильдердін элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Көркем әдебиет сөз өнері ретінде ғана танылмайды.Ол өмір шындығын біліп, тануымызға, ықпал жасайтын, біздің өміріміздің эстетикалық жағын қамтитын қоғамдық құбылыс болып саналады.

Көркем әдебиет түрлерінің жанрлық жақтан топтастырылуы, олардың тілдік көркемдік ерекшеліктерімен сараланып жіктелуі, қазіргі таңда стилистикалық категориялар – мәтін стилистикасы – автор бейнесі – қабылдаушы категориясы деген ұстанымдарды қажет етеді. Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларды тарихи шығармалар, эпопея, романдар, фантастикалық шығармалар, сатиралық туындылар, эсселер т.б. деген бөлініске бөлудің өзі осы бір стильдің көркемдік жағын тануда күрделі талдауды қажет ететіндігін танытады. Бұл мәселе – қазақ филология ғылымы алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Филология ғылымдарының қазіргі зерттеу деңгейі соны талап етеді.

Көркем шығарма тілі табиғатының ерекшеліктері, олардың іштей жанрлық жағынан бөлінуіне, оның осы салаларының негізгі функциясына байланысты айқындалатындығына көңіл аударылып отыр. Көркем әдебиет стилі – өте күрделі стиль саласы.

Көркем әдебиет стилі туралы сөз қозғағанда “концепт” туралы айта кету керек. Концепт өте танымал атау ретінде қазіргі лингвистикада жиі қолданылып жүр. Оның пайда болуы тіл ғылымындағы антропоцентрикалық парадигма және когнитивті прагматиканың әдіс-тәсілімен тікелей байланысты. Ол кейде “дискурс”, “әлем картинасы” атауларымен қатар айтылады. Жеке тұлға туындысында әлемді тану эмоционалды қарқындылықты өз санасында қайта қарап бейнелілікке айналдыруы болып саналады.

“Концепт” термині туралы ғалымдардың зерттеулерінде “идеалды-ақиқат”, “сөз бен экстралингвистикалық ақиқаттың делдалы, сарапшысы” деп қорытындылайды.

Концепт әлем картинасының адам санасында бейнеленетіндігін көрсету мақсатында пайдаланылады. Концепт термині тек көркем әдебиет стилінде ғана емес, функционалдық стильдерде, тіл ресурстарының стилистикасында, оның барлық жүйесінде қолданылады.



Публицистикалық стильде қазіргі ассоциациялар арқылы стилистикалық фреймдер жасалынады. Қазіргі уақытта семантикалық талдау мен концептуалды талдау туралы пікірлер айтылып жүр. Концептуалды талдау семантикалық талдаумен түйісе отырып, ең соңғы талдау қорытындыларында материалдық жалпы жан-жақты талдау жүйесіне, яғни концептуалды талдауға сүйенеді. Семантикалық талдау сөздің мағынасын түсіндірсе, концептуалды талдау әлемді тану білімін қамтиды. Концепт арқылы талдау стилистикалық тәсілдерді түсіндірудің жаңа баспалдақтарын көрсете алады. Көркем әдебиет стилінде концепт термині арқылы тілдік-стильдік құбылыстың мазмұнын кеңейтіп қана қоймайды, оның терең мазмұнында стилистикалық әсерді қалыптастырудағы жаңаша рухани ой-сана әлемін танытады.
Диалектизмдер. Кәсіби сөздер. Диалектизмдер, кәсіби сөздер стилистика мәселесімен тығыз байланысты.. Диалектизм ғылыми, ресми стилінде де қолданылады. Кәсіби сөздер қажетіне қарай стиль түрлерінің қай- қайсысында да бола береді. Диалектизмнің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: авторлык реморкада, екіншісі –диалогта.Авторлық реморкада кейіпкер тіліндегімен салыстырғанда, диалектизм аз қолданылады.
Кітаби лексика.Кітаби лексикаға саяси-әлеуметтік терминдер әр алуан техникалық атаулар т.б жатады. Бұлар өздерінің стиль түрлеріндегі қолданылу аясына қарай бір-бірінен өз ара ерекшеленеді. Мысалы: ғылыми стильге, әр түрлi оқулықтар тілінде терминдер, техникамен байланысты сан сала атаулар көбірек ұшырасады.

Көнерген сөздер мен неоогизмдердің қолданылуы. Көнерген сөздер ара-тура сөйлеу тілінен де кездесіп отырады, әсіресе өткен дәуірдегі оқиғаны суреттейтін, тарихи шығармада жиі ұшырасады.Мыс: исі, игі, келе, би, болыс, елу, басы, старшын, тоқал және осы сияқтылар әдеби шығарма стиліндегі белгілі бір көркемдік мақсат үшін жұмсалады.Көркем әдебиет стилінде қолданылатын көне сөздердің мағынасы қазіргі оқушыға әсересе жастарға , көбінесе түсініксіз келеді .Көнерген сөздер архаиздер және историзм болып екіге бөлінеді.

Неологизм. Неологизмдер стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысында, тіпті сөйлеу стилінде де азды көпті қолданылады. Олар көбінесе ғылыми стиль мен публицистикалық стильде жиі ұшырасады.Өйткені неологизмдер көбінесе көп сонда /сол стильдерде/ қалыптасады. Бірақ, көркем әдебиет стиліндегі неологизмдер мен өзге стильдердегі неологизмдер бір емес. Осы екі сала неологим бір-біріне ұқсамайды.Синонимдер публицистикалық стильдерде жиі ұшырасады. Олар мұнда да белгілі бір ойды Жан-жақты түсіндіру, толықтыра түсу мақсатында пайдаланылады. Синонимдер саяси әдебиеттердің өзінде де осындай қызмет атқарады.

Лексикалық синонимдердің қолданылуы. Синонимдердің қай стильде болса да бәрінде бірдей дәрежеде қолданылмайды. Ресми , ғылыми стильде синонимдердің жеке бір сыңарлары кейде ретіне қарай қолданылады. Ал екі не үш синоним бірдей қатар жұмсалмайды. Бұлар тек публицистикалық және сөйлеу стилінде жұмсалады. Мысалы: ағайын және қарындас сөздерінің өз ара синонимдік сипаты бар.Серт, уәде, ант, сөздері бір-бірімен мағыналық жеке күйінде стиль түрлерінің қай-қайсысына да қолданыла береді. Екеуі, не үшеуі қатар көбінесе көркем әдебиет стильінде, сондай-ақ публицистикалық стильде кездеседі.
Бақылау сұрақтары:

  1. Көркем әдебиет стиліне жалпы сипаттама беріңіз

  2. Көркем әдебиет тілінің әдеби тілге қатысы

  3. Көркем әдебиет стилінің көп стильдік болып келетіндігі жайлы баяндаңыз

  4. Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер мен кәсіби сөздердің қолданысына мысалдар келтіріңіз


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

4. Р.Әміров Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері – А., 1977
9- дәріс. Лексика – фразеологиялық стилистика

Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі.
Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Тіл ярустары стилистикасы лингвистикалық стилистиканың негізгі салаларының бірі

  2. Тіл ярустарының стилистикасы.

  3. Лексикалық норма және оның қолданылу аясы

  4. Тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданысы

Тіл ярустары стилистикасының лингвистикалық стилистиканың негізгі салаларының бірі екендігі. Стилистиканың бұл саласына көзқарастар. Тіл ярустары стилистикасының түрлері мен олардың тіл білімінің басты салаларымен арақатынасы.

Фразеологизмдер – қазақ тілінің ең шұрайлы бөлігі.

Қазақ тіл ғылымындағы фразеологияға қатысты еңбектердің қай-қайсын алып қарасақ та олардың ең басты көңіл бөліп, арнайы көрсеткен мәселесі – фразеологизмдердің синонимділігінің эмоционалды-экспрессивтілігі, себебі синонимділік стилистикалық мүмкіндіктерді жеткізудің ең басты көзі бола алады, себебі “қолданыс тілі стилистикасы”, “синонимдер стилистикасы” деп те аталынады.



Бейнелі фразеологизмдер, эмоционалды-экспрессивті фразеологизмдер, стилистикалық фразеологизмдердің құрылымдық ерекшеліктері мен лексика-семантикалық өзгерісі эстетикалық қызметтің орасан күшін көрсете алады. ФТ бейнелілігі – оның негізгі стилистикалық коннотациясынан таралатындығы. Қазақ тілінің аса бейнелі тілдік оралым болып саналатын фразеологизмдер стильдік қатарлары көркем әрі экспрессивті қасиеттерімен ерекшеленеді. Орыс тіл ғылымында және отандық тіл ғылымында фразеологизмдердің стильдік қабат құрайтындығы талас тудырғанмен, оның негізгі қызметі функционалдық стильдерде көрінетіндігін ашып айтқан болатын. Фразеологизмдердің сан алуан қасиеті – функционалды-стилистикалық, эмоционалды-экспресивтілік, коммуникативті-прагматикалық қызметіне тікелей байланысты. Фразеологияның прагмастилистикасы оқырманға қалай ықпал етуді көздейтіндігін анықтау мәселесін алға қоюда. Психологиялық зерттеулерде адам санасына таңба арқылы әсер ету екі негізгі түрге бөлінеді, бірі – сендіру, екіншісі – көндіру. Автор әр уақытта өзінің жадында тұрған ФТ эмоционалдығын дайын күйінде жұмсауға ниеттеніп тұрады, кейде адресант ішкі сезімнің әр түрлі контрастарынан айырылу үшін кәдеге асырады. Басқа стильге қарағанда ауызекі сөйлеу стилінде ерекше мәнге ие болады. Публицистикалық стильде адресант адресаттың интеллектісіне ықпал ету үшін стилистикалық фразеологизмдерді пайдаланады. ФТ айтылуы ауызекі сөйлеуде ситуацияға қатысты болса, публицистикалық стильде контекске және экстралингвистикалық факторлардың рөліне қатысты болып келеді.
Мысалы, публицистикалық стильде сойылын соғу деген ФТ қоғамдағы саяси мәселенің арақатынасын көрсету үшін жиі қолданылса, ұнжырғасы түсу ауызекі сөйлеу стилінде жиі ұшырасады.
Тіліміздегі фразеологиялық тіркестер – лексиканың ең бір айшықты бай саласы. Бұлар өзінің экспрессивтік –эмоциялық әсерлілігімен көзге түседі. Фразеологиялық тіркестер көркемдік қасиетіне орай көркем шығармада молынан қолданылады. Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің үлкен белгісі. Халық қазынасы болып табылатын фразеологизмдерді жақсы білетін кісі ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп береді. Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келетін студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс. Сонда фразеологизм дегеніміз не? Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық тіркес деп атайды. Мысалы: қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, ит арқасы қияда, тайға таңба басқандай, үріп ауызға салғандай, ат үсті қарау, ата мекен, су ми, су жүрек т.б. сияқты сөз тіркестері фразеологизмге енеді. Мысалы, Басқарма маған мына бір сөзді мірдің оғындай қадап айтып еді. Салым суға кеткендей жабырқау тартып үйге келсем, жастығымның үстінде Шегеннен келген хат жатыр екен. Фразеологизм мен күрделі сөздерді салыстыру. Мысалы, бас тарту; 1. Байсал ақсақалға қой сойып, бас тартты. 2. Бауыржан олрады қоштаудан бас тарты. Жағасын ұстау; 1. Марат келіп Мұқанның жағасынан ұстай алды. 2. Шұбар соны есітіп жағасын ұстап келді. Қазақ тілінде фразеологиялық тіркестер үшке бөлінеді: идиома, фраза және мақал-мәтелдер. 1. Идиомалардың білдіретін мағыналары олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатыспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында ойды әсерлі, образды етіп айту үшін жұмсалады. Мысалы: қара қылды қақ жару, аузымен орақ ору, қой аузынан шөп алмау, қой үстінде боз торғай жұмыртқалау т.б. Бұл идиомалардың білдіретін мағыналары осы тіркестерді құрастырушы сөздердің мағыналарынан келіп шықпайды. Мысалы, аузы-мұрны қисаймастан деген идиоманың білдіретін бір бүтін мағынасы осы тіркестің құрамындағы аузы-мұрны және қисаймастан деген сөздердің білдіретін мағыналарына мүлдем сәйкеспейді. Идиома ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында жұмсалады. Мысалы, мидай дала, асқар тау, шалқар көл, ата мекен, ата жау, аталы сөз, су жаңа, қыпша бел т.б. осы сияқты тұрақты сөз тіркестері енеді. Идиоманың құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсалуға икемді болса, фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөз бір не бірен-саран сөзбен ғана тіркеседі. Мысалы, мидай дала, шалқар көл деген сөздер әр түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе (жазық дала, кең дала, ұлан-ғайыр дала, терең көл, кішкене көл т.б.) фразеологиялық байлаулы мағынасында мидай сөзі дала сөзімен, шалқар сөзі көл сөзімен ғана тіркеседі.

2. Тіліміздегі тұрақты тіркестердің бір түрі – мақал- мәтелдер. Олар халық данышпандылығының айнасы. Сонау атам заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшелеп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге қонымды, ұтымды келеді. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Мысалы, «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұттан бол!», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас!» - десе ата-бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер дейміз?! Мақал-мәтел аз сөзді, терең мағыналы, әрі ұтымды болғандықтан, сөйлеген сөзде пайдалана білуі жоғары мәдениеттілікті, ойлылықты байқатады. Өйткені «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал» дегендей мақал-мәтел айтылайын деген ойға мазмұндылық дарытады. Мысалы, «Шегірткеден қорыққан егін екпес», «Еңбек түбі – береке», «Еңбексіз егін бітпес, оқусыз білім бітпес» сияқты мақалалар еңбекті ұйымдастыру барысында әңгімеде пайдалану сөз мазмұнын жандандыра түседі. Осындай орынды қолданған мақал-мәтелдер ауызекі сөзде де, жазбаша сөйлеуде де шешендік, көркемдік элементтерінің бірі болғандықтан халықтың тіл байлығын қадір тұтып, тіл өнерін үйренемін деушілер оларды көп біліп, дұрыс пайдалануы қажет. Мақал-мәтел адамды бейнелі ойлатуға үйретеді.



3. Қанатты сөздер. Қанатты сөздерді айтылатын оймен орайластырып дұрыс қолдана білген адамның сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге бірден ұялай қалатын, дәл, әрі көркем болады. Бұлар бұрын-сонды шешендер мен көркем ақын-жазушылардың аузынан, қаламынан шығып жұртшылыққа тарайды да, олар бүкіл халықтың қасиетіне ие болып, жалпылық сипат алады. Мысалы, «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы», «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды», «Ит үреді, керуен көшеді», «Сырдың суы сирағынан келмейді» сияқты қанатты сөздерді о баста қашан? кім? Айтқаны белгісіз, сондықтан олар халықтың нақыл сөздері деп айтылады. Бірқатар қанатты-нақыл сөздердің авторы белгілі. Мысалы, «Баяғы жартас бір жартас», «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» (Абай), «Достың сыры досына паш» (С.Торайғыров), «Жаңылмайтын – жақ, исүрінбейтін тұяқ жоқ». Қанатты сөздер – ұшқыр ойдың қанаты. Айтылатын ой-пікірдің көркем бейнелеудің құралы. Оны көп біліп, сөйлеуде, жазуда сөйлей алу – үлкен өнер. Қорыта айтқанда, көркем тілмен бейнеленген кестелі сөздерді жазған (не сөйлеген) кезде өз сөзінде пайдалану – тыңдаушылық құлақ құршын қандырып, ойына ой қосып, қиялына қанат бітіреді. Сезіміне әсер етіп, эстетикалық талғамын арттырады. Сөйлеуші тіліндегі қантты сөздер, мақал-мәтелдер, ұшқыр да ұтымды афоризмдер айтылатын ойдың ажарын ашып, көркемдігін арттырады. Тыңдаушының зейінін өзіне еріксіз аударады. Тілдік қарым-қатынаста кездесетін лексикалық тұлғаның бірі – тұрақты сөз тіркестері. Тілдік қатынастың жүзеге асуы хабардың (ақпараттың) айтылуына, жеткізілуіне, қабылдануына тікелей байланысты. Қандай болмасын, хабардың түрі тілдік қарым-қатынас арқылы лексикалық тұлғалардың қатысымен жүзеге асады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік бөлшектердің де, тұрақты тіркестердің де өзіндік атқаратын қызметі бар. Қатысымдық әрекетте басты көңіл бөлетін нәрсе – тілдік тұлғалардың жеке қолданылуы емес, олардың бір-бірімен өзара байланысқа түсу арқылы белгілі бір ойды, пікірді жеткізуге себепші болатын заңдылықтары. Тілдік бөлшектер өз алдына жеке, дербес тұрғанда қарым-қатынас құралы бола алмайды, сондықтан мұндай жағдайда түсінісу де болмайды. Белгілі бір хабарды жеткізу мақсатында әрбір сөз нақтылы мағынаны білдіру арқылы бүтіндей жүйелі байланысқа түседі де, адамның ойын екінші біреуге түсінікті етеді. Сөз жеке тұрғанда зат не құбылыстың аталымы ғана болып табылады. Ол басқа тілдік тұлғалармен өзара мағыналық байланысқа түсіп, ойды жеткізу арқылы қатысымдық қызмет атқарады. Бірақ сөздің жеке қолданылуының екінші жағы да бар. Егер сөз белгілі бір ойды жеткізу мақсатында атаулы сөйлем ретінде қолданылса, ол дербес лексикалық тұлға есебінде емес, қатысымдық тұлға тұрғысында жұмсалады. Қатысымдық тұлға ретінде жеке сөз бен тұрақты сөз тіркестерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер сөз хабар беру мақсатымен қоса жауап алуды қамтамасыз етсе, онда бұл қатысымдық әрекеттің жүзеге асқандығын білдіреді, ал тек баяндау үшін айтылса, ол хабарлау (информация) ғана болып табылады. Тұрақты сөз тіркестерінің қатысымдық ерекшеліктері олардың құрамында бірнеше сөздердің тіркесіп келуі жағынан көрінбейді, керсінше, сол бірнеше сөздердің қатыса келіп, әрі атаулы, әрі экспрессивті мағынаны білдіру арқылы қатысымдық және ақпараттық мәнге ие болуына қатысты қарастырылады. Мысалы, «қой аузынан шөп алмас» деп айту арқылы адам мінезінің жуастығын, момындығын атап қана қоймай, сонымен қатар оған мінездеме де беріп, оның өзіндік ерекшелігін сипаттаймыз. Осындай мінездеме берілген жанмен қандай қарым-қатынас жасауға мүмкіндік болатындығын да түсініп, соған қарай өзімізді бейімдейміз. Жалпы, тұрақты тіркестің мағыналық, экспрессивті-эмоциялық ерекшелігіне сай адамдар арасындағы қатысымдық байланыстың алғышарттары қалыптасады. Қатысымдық қасиеттеріне қарай фразеологиялық сөз тіркестері мағыналары жағынан ұқсас болып келуі арқылы бір-бірімен синонимдік қарым-қатынаста жұмсалады. Мұндай жағдайда мағыналары сәйкес бірнеше сөздер бірыңғай синонимдік қатар жасайды. Бұл тұрақты тіркестердің мағыналық, экспрессивтік сипаты бір-бірімен күшейе түседі де, сөйлеу тілінде заттың, құбылыстың сын-сипатын айқындай түсу үшін пайдаланылады. Мысалы: тайға таңба басқандай – соқырға таяқ ұстатқандай – бесенеден белгілі – айдан анық т.б. Мұндай бір синонимдік қатарға бірнеше тұрақты сөз тіркестері бірігіп келіп, ашық, белгілі, айқын деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл тіркестер өте айқын, тым ашық, анықтың анығы деген экспрессивтік мағынаға да ие болады. Қазақ тіліндегі сын есім синонимдері бірде фразеологиялық сөз тіркестерінің жеке сөзбен синонимдес болып келуі арқылы жасалса, бірде фразеологиялық сөз тіркестерінің өзара синонимдес болып келуі нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан ақпараттық және қатысымдық мәнге ие болатын сын есімге қатысты фразеологиялық сөз тіркестерін екі топқа жіктеуге болады. Бірінші – фразеологиялық сөз тіркестерінің бір-бірімен өзара мағыналас болуы нәтижесінде пайдаланылатын тұрақты сөз тіркестері. Екінші – фразеологиялық сөз тіркесінің жеке сөздермен мағыналық жағынан ұқсас келуі нәтижесінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері. Мысалы: мұрнын көкке көтерген, кеудесіне нан піскен, кеудесі зор; тонның ішкі бауындай-қыл өтпестей, сүттен ұйыған; бір ұрты май, бір ұрты қан шаш ал десе, бас алатын т.б. Немесе, аяғының желі бар – жүйрік; әліпті таяқ деп білмейтін –сауатсыз; ағаштан түйін түйген –шебер т.б. Тілдік қолданыста жеке сөздерге қарағанда, тұрақты сөз тіркесінің баяндау, хабарлау, әсіресе сипаттау ерекшелігі басым. Сондықтан да қатысымдық қызмет атқаратын фразеологиялық сөз тіркестері жеке сөзбен мағынасы жағынан сәйкес болғанымен, тепе-тең бола алмайды. Фразеологиялық тіркестер сөздерге тек балама болады да, эмоциональды-экспрессивті реңкті білдіреді. Осындай қасиетіне байланысты фразеологиялық сөз тіркестері көбінесе стильдік мақсатта жұмсалады. Қорыта келгенде, қазақ тілі пәнін оқыту кезінде лексикалық білім беру барысында оқушылар сөздердің лексикалық мағынасын игеру ғана емес, оның сөйлемде пайдаланылуы, грамматикалық мағынасы және ол мағынаның қолданылуы бойынша жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл дағдыландыру жұмысы сол сөз бен сөз тіркестерінің сөйлеу әрекетіндегі мақсатқа сай қолдана білу икемділігін арттыра отырып, сөздік қорын саны жағынан ғана емес, сапа жағынан да арттыруға ықпал етеді. Мектеп оқушыларына лексика туралы білім берумен бірге ол сөздердің қолданылуы, лексикалық стилистика туралы мәлімет беру оқушының тілін дамытуға ықпал етеді. Мәселен, синоним сөздердің мынадай қасиеттері үйретіледі: 1) Лексикалық синонимдер белгілі бір стильге бағынып, ерекшеленіп қолданылады. Мұндай ерекшелікті белгілі бір синонимдік қатардың құрамындағы сөздердің қолданылуынан аңғаруға болады. Мысалы, «көк», «аспан» деген синонимдік қатардың құрамындағы «аспан» сөзі, «жер жүзі», «жер шары» деген синонимдік қатардағы «жер шары» тіркесі көбінесе ғылыми стильге (астрономияда) қолданылады. Мысалы: халық, жұрт, әлеумет, халайық деген синонимдік қатарлардың құрамындағы сөздерді қолданылу жағынан салыстырып қарағанда (жұрт, әлеумет, халайық) бірінші синонимдік қатардағы «халық», жұрт» дегендердің жалпылама қолданыла беретіндігін көруге болады. Осы синонимдік қатардағы «жұрт, әлеумет, халайық» деген сөздер көбінесе поэтикалық тілде қолданылады да, ауызекі тіл стилімен байланыста болады. 2) Синоним сөздер қолданылуда бір-бірінен мағыналық және стильдік ерекшеліктерімен көрінеді. мысалы, Базарлы науқасынан оңалып, қайтадан азамат қалпына келгенде, қараша үйлердің үлкен-кішісі түгел қуанды (М.Әуезов). Петербургтағы үлкен достар - Әбішке қатты сақтандыру айтқан. Бұнда жаңа басталуға мүмкін болып аңғарылған ауру бар. Қаны қатты азаюмен аралас өкпесіне ілінген сырқат бар (М.Әуезов) деген сөйлемдердегі «сырқат», «ауру», «науқас» деген синоним сөздер берілетін ойға таңдап алынған. Өйткені соңғы сөйлемдегі «сырқат» деген сөздің орнына «ауру», «науқас» деген сөзді қойса, ол сөйлемнің стильдік мәні бұзылған болар еді. Мұнда жазушы «сырқат» сөзді «ауру» деген сөздің мағынасына қарағанда тар, жұмсарта қолданылған. 3) Синоним сөздердің айтушы мен жазушы бір зат пен құбылысқа ерекше назар аудару мен оның сөйлемдегі мәнін өсіруде қолданады. Мысалы, бұның ар жағындағы ішкі тайталас тартыстың біреуін де Әзімбай айтқан жоқ. Бақ бұтақтан, гүл жапырақтан, дән нәрден айрылыпты (М.Әуезов). 4) Синоним сөздерді қолдану, тыңдауда сөйлемнің, сөздің экспрессиялылығы артады. Бәріміздің арамазда өте қайратты, өте қажырлы жолдас Катченко еді (С.Сейфуллин). Ақырын ғана қоңыр үнмен, бөгде бірулер естіп қоймасын дегендей жалтақ көзденіп айтады (М.Әуезов). Бөтенсің, жатсың демеймін (Ғ.Мұстафин). 5) Синоним сөздер тіл стильдеріне байланысты ерекшеленеді: кенеттен (жазба), байқаусызда (ауызекі), толық, жуан т.б. Мұндай ерекшеліктері игерілгеннен кейін синоним сөздерді сөйлеуде қолдана білуге жаттықтырылады: Мысалы: Синоним сөздерді мағынасына орай сөйлемдегі басқа сөздермен дұрыс тіркестіре білуге үйрету үшін мынадай тапсырмалар мен жаттығулар орындаттырылады: 1. Берілген сын есім сөздерді жақшаға алынған сөздермен дұрыс тіркестіріп, сөйлем құрату: ұзақ мерзімді, уақыт, кез; 2. Сөйлемдегі баяндауыш сөздің сәйкес синоним сөздердің бірін қойып көшірту. Оны неге дұрыс деп есептегенін түсіндірту: 1) Жазда балалар аулына (барып келді, оралды, барып қайтты); 2) Бала анасына (көмектесті, жәрдемдесті, көмек берді, қолғабыс етті) т.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет