1 глоссарий 1 Стилистика


Лексикалық норма және оның қолданылу аясы



бет5/8
Дата08.11.2019
өлшемі163,94 Kb.
#51425
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
59d5cdc5-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Стилистика мәтін-1


Лексикалық норма және оның қолданылу аясы. Академик Л.В.Щерба өзінің «лексикографияның жалпы теориясын жасау тәжірибесі» атты бағдарламалық мақаласында сөздіктердің негізгі типтерін анықтауды мақсат етеді. Ғалым академиялық типтегі сөздікті анықтамалық сөздікке қарсы қоя отырып, түсіндірме сөздік аталып жүрген бір тілді сөздіктерді екі топқа бөледі. Ғалымның пікірі бойынша, түсіндірме сөздіктер әдетте белгілі бір әдеби тілге қатысты не сол әдеби тілдің қалыптасуына, нормалануына қызмет ету мақсатымен («Француз академиясының сөздігі») немесе сол әдеби тілдің белгілі бір себептермен түсініксіз болып отырған элементтерін айқындау мақсатымен, демек, бұл жолы да әдеби тілді қалыптастыру, оны байыту, ең бастысы – оның байлығын жақсы меңгеру мақсатымен жасалады. Ғалым академиялық және анықтамалық сөздік терминдерінің шартты түрде алынып отырғандығын ескертеді, яғни ғылыми терминнің шарттылығын мойындайды. Академиялық сөздікті адамның өзі бұрыннан білетін сөзінің қолданылу ерекшеліктерін айқындау, біле түсу мақсатымен құрылатын кітап ретінде, ал анықтамалық сөздікті тек қана сөздің мағынасын анықтау мақсатымен қаралатын кітап ретінде қарастырады. Адамдардың нормативті (немесе академиялық) сөздікке біліктерін тексеру үшін және белгілі бір контекске қажетті сөзді іздеген кезде қарайтындығын, ал өздеріне оншалықты таныс емес өзге тілдердегі мәтіндерді, әсіресе сол тілдердегі кәсіби әдебиет мәтіндерін оқуға, сондай-ақ ана тілінде жазылғанмен, өте көне дәуірлерге жататын ескі мәтіндерді оқуға қажеттілік туған кезде анықтамалық сөздікке қарайтындығын сөз етеді. Бірінші типтегі сөздіктердің негізінде белгілі бір уақыт кезеңіндегі белгілі бір адамдар қауымының бірбүтін сана-сезімі жататындығын, ал екінші типтегі сөздіктерде жинақталған сөздердің түрлі тарихи кезеңдерге, түрлі қауымдарға қатысты екендігін атап өтеді. Ғалым академиялық типтегі сөздіктердің әлеуметтік негізін айқындаудағы қиыншылықтарды сөз етеді: «Әдеби тілге әдеби сөйлеу тілімен қатар әдеби жазба тіл де кіреді. Біз өткен ғасырлардағы шығармаларды да оқи береміз. Ал, бірақ солардағы сөздердің көпшілігін түсінгенмен, оларды айтпақ былай тұрсын, жазбаймыз да. Себебі қазіргі тілдік норма басқа... осы жерден келіп актив сөздік қор, пассив сөздік қор мәселелері шығады...» Осы тұрғыдан ғалым әдеби тілдің сөздігіне қазіргі ұрпаққа түсініксіз сөздердің кірмеуі қажеттігін, ондай сөздікке, мәселен, орыс тіліне қатысты алғанда, А.С.Пушкин қолданған сөздердің ішіндегі қазіргі тілдік нормаға қайшы келмейтіндері ғана енетіндігін ескертеді. Бір тіл үшін екі сөздік жасаудың қажеттігін, оның біреуі – нормативті, екіншісі – тарихи анықтамалық болуы қажеттігін сөз етеді. Нормативтілік туралы: «Жақсы нормативті сөздік – нормаларды ойдан шығармайды, ол тілде бар норманы ғана сипаттайды», - дейді. Ғалым екі сөздік жасауға мүмкіншілік болмаған жағдайда ымыраға барып, барлық жағдайын ашық атап өту қажет дейді. 1970 жылдары лексикографияның теориялық мәселелерін зерттеумен арнайы айналысқан белгілі маман В.П.Берковтың нормативтілікке қатысты айтқан пікірлеріне назар аударатын болсақ, ғалымның: «Түсіндірме сөздік, бір жағынан оқырманның сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтауына мүмкіндік беретін анықтамалық құрал, екінші жағынан, ол тілдегі лексиканың ғылыми сипаттамасы бола алуы керек. Түсіндірме сөздіктер көптеген жағдайларда сонымен бірге лексиканың нормативтік сипаттамасы да бола алды. Алайда түсіндірме сөздіктердің нормативтіліктің көрсеткіші болуы міндетті емес», - дегендей ойлар айтқанын байқаймыз. Демек, бұл жердегі ғалымның пікірі Л.В.Щербаның пікірінен сәл өгзешелеу болып отыр. Л.В.Щерба академиялық сөздік пен нормативті сөздікті және әдеби тілдің сөздігін сөздік бір түрі ретінде қарастырады. В.П.Берковтың түсіндірме сөздікті ғылыми шығарма ретінде қарастыруы және анықтамалық құрал болу міндеті мен ғылыми еңбек болу міндетін бір сөздікке ұштастыру, үйлестіру жолдарын көрсетуі. Еліміздегі лексикографияның теориялық мәселелері бойынша жаңа бағдардың нышаны еді. В.П.Берков тілдегі сөздік бірліктерді қолданылу жиілігіне қарап сұрыптау мен нормаға қарап сұрыптаудың үнемі сәйкес келе бермейтіндігін, тілде жиі қолданылатын қарапайым сөздердің нормаланбаған лексикаға жатқызылып жүргендігін ескертеді. Осыған байланысты ғалым Б.Эвенс («Түсіндірме сөздік сөздікшенің пиғылы бойынша жасалмайды») пен И.А.Бодуэн де Куртенэнің «Тілді зерттеуші әдепсіз, келіссіз сөз дегенді білмейді. Ол үшін сөздердің бәрі де бірдей әдепті, келісті сөздер. Ешқандай екіжүзділік,...болмасын!»... деген пікірлерін келтіреді. В.П.Берков норманың белгілі бір дәрежеде субъективті ұғым екендігіне тоқталып, бұл туралы Б. Эвенс айтқан сөзді («there is no standard for standard») келтіреді. Ғалым мұны тілдегі бір сөздің түрлі сөздіктерде әр түрлі стильдік белгілермен белгіленуінен, сондай-ақ бір тілде сөйлеуші адамдардың бір сөздің стильдік сипатын әр түрлі бағалауынан көреді. Ғалым норманың маңызды белгілері қатарында: 1) тілдік деректердің бұрынғы жазушылар тілінде қолданылуын және ол деректердің тілде ұзақ уақыт болуын; 2) тілдік деректердің тіл заңдылықтарына сәйкес болуын, яғни тілде оларға ұқсас құбылыстың болуын; 3) тілдік деректердің таралымын атай отырып, олардың кемшіліктерін көрсетеді. Тілдегі ресми норма ретінде көбінесе нормативті құралдарды жасаушы адамдардың өздері жөн деп тапқан сөзқолданым қағидаларының жүйесі ұсынылатынын жаза отырып, түсіндірме сөздікті құрастырушы сөздікшілердің тілдегі қолданыста бар құбылыстың бәрін де сөздікке тіркеп, анықтама берулері жөн екендігіне тоқталады. Жалпы Л.В.Щерба мен В.П.Берковтың норма, нормативтілік туралы жазған ой-пікірлері ұзақ уақыт бойы еліміздегі сөздікшілер тарапынан қолдау таппай, қолданылмай, кейінге қлдырылып, лексикография мәселелерінде 1990-жылдрдн басталғн өрлеу кезеңінде ғана ескеріле бастағанын айтқан жөн. Сөз байлығы тіл байлығы. Бірақ тілдегі сөз байлығының барлығының жұмсалу аясы бірдей емес. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі- ақ әдебиетте жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналды да, бірқатары қолданудан қалып қойды, немесе өте сирек қолднылады. Сөйлеу тілінде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы, шаһар, кент, әм, әтеш, бойлай, жүдә сөздері бұрын-сонды жазушылардың шығармаларында кездеседі, бірақ олар әдеби емес те, - қала, және (тағы), қораз, ылғи (әрқашан), әруақытта (өне бойы), өте (аса, тым, мүлде) сөздері әдеби. Сөздердің әдеби, әдеби еместігін айыру оңай да емес, біреуге асыл көрінген сөз екінші біреуге жасық көрінуі де мүмкін. Әдеби нормаға қай сөз жатады, қай сөз жатпайды дегенді субъективті көзқарас тұрғысынан болжамай, әдебиетте жалпы халыққа бірдей ортақ байлық ретінде жиі қолдана ма, жиі қолданылмай ма деген тұрғыдан болжау керек. Солай еткенде, әшейінде айтыла берілетін ас, шеге, тіс, су, өмір, сұлу, кір, түс, жүгір сияқты қарапайым сөздер де, махаббат, әсемпаз, дидар, жүрек, майталман тәрізді поэтикалық сөздер де, мүсін, құрылыс, өнеркәсіп, радио сияқты терминдік мәні бар сөздер де әдеби тіліміздің сөз байлығы болып есептеледі. Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы жалпы халықтық қасиеті бар байырғы және өзге тілдерден ауысқан сөздерден, ғылымның, өнер-білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің... әр алуан терминдерінен құралады. Сөйлеу тілі мен әдеби тіл тығыз байланыста болғандықтан, екеуіне де ортақ сөздер көп. Бірақ сөйлеу тілінде олар ауытқығыш, құбылмалы болады. Мысалы, «есеп» сөзі бір елде, кейде бір жанұяда түрліше айтылуы мүмкін (есеп, қысап, қисап, хисап), «көшет» сөзін біреу біліп, біреу білмеуі мүмкін, «құрылыс», «құрам» сөздерінің қайсысы қай мағынада екенін қарапайым шаруа айыра алмай, ауыстырып қолдануы мүмкін. Ал, әдеби тілде ондайға жол жоқ. Онда сөздер анық, дәл, дұрыс қолданылуы тиіс. Сонда ғана ойды ешбір қалтқысыз, мүлтіксіз дұрыс айтуға болады. Ол үшін сөздер әдебиетте жұмсала жүріп әбден қалыптасып кетуге тиіс. Мысалы, қазақ тілінде «шаруа» сөзі бұрыннан бар болатын. Оған шылық қосымшасы жалғанып «шаруашылық» сөзі жасалды, ол мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, құс шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дегендей құрамда айтылып, мағынасы кеңейіп, қалыптасып кетті. Бұрын қазақ тілінде «революция» сөзі болмайтын. Кейін сол ұғым пайда болғанда, әдепкіде «төңкеріс» деп аталып еді. Әдеби тіл оны қабылдамады да, «революция» сол қалпында, «төңкеріс»- переворот сөзінің орнына жұмсалатын болды. Соның өзінде «революция» сөзі ескі алфавит, орфография бойынша «реуалутса», «револютсиа» түрінде жазылып, солай айтылып, ақырында, жалғыз бұл емес, сол тәрізді көптеген терминдер жөнін тауып, әбден әдеби тілмен жымдасып, тұрақты болып кетті. Сондай-ақ, мысалы, коммунист, психология, философия, геометрия сөздерінің қалыптасу тарихы бар:бір кезде коммунист сөзі «ортақшыл», «кеменис», «көменіс», «кәмуним» түрінде жазылып, айтылып келіп, бұл күнде олардың бәрі қалып қойды. Психология сөзі – «жан жүйесі», философия –«пәлсапа», геометрия – «пішіндеме», «әндаса» түрінде айтылып жүріп, кейін жазуымен араб, латын алфавиті кезінде ондай терминдерді орысша қалпында қабылданғанмен, талай саққа жүгіртіп бұзып жазатынбыз. Сөйтіп келіп, 1930-1940 жылдары олар дұрыс шешімін тауыр қалыптасып кетті. Көптеген сөздер осы күнге дейін әдебиеттен берік орын ала алмай, қиыр-шиыр болып жүр, бірталай сөздер екі-үш түрлі нұсқада айтылып, солай жазылып берекесі қашып жүр. Мысалы: масқара – машқара, тізе –дізе, домалақ –дұмалақ, шүберек –шүперек. Сөйлеу тілінде бір сөздің, осылай, түрліше айтылуы, сөздің бұзылып айтылуы, әрине, жақсы емес. Ал, әдеби тілде де солай болса, -оңбағаны. Әдеби тілі жіптіктей халықтрға мұндайлар өрескіл-ақ. Біз шөре-шөре сөздердің дұрысын әдеби тілдің арнасына қарай бет бұрғызуға тиіспіз. Сондай уақыт жетті! Ол үшін дублет сөздердің әдебиетте жиі қолданылатын нұсқаларын әдеби нормаға жататын сөз деп тауып, соларды ғана жаппай жаза беретін болу керек.солардың ішінде екі ұштылары да жоқ емес. Мысалы: айқай-айғай, жиналыс- жиылыс, сұрақ-сұрау, палуан-балуан, ғашық-ашық, адым-қадам. Бұлардың бәрі де әдебиетте жиі қолданылады. Сонда да, бір сыңарларын негізгі етуге келісіп, әдеби нормаға айналдырып жіберуге болады. Бір кезде, мысалы, және-жана, ұшін-ұшын, өйткені-үйткені, хат-қат, қазір-кәзір сөздерінің қайсысын жазуды білмейтінбіз. Кейін әлгі сөздердің алдынғы нұсқаларын қабылдауға патуаласыпедік, бұл күнде соларымыз баянды болған жоқ па? Ондай, түрліше айтылтын сөздер аз емес, оларды да бір сүрлеуге түсіру керек. Мұндайда қиыны - бір заттың бірнеше сөзбен аталуы. Мысалы, орысша спичка дегеннің қазақ тілінде сегіз аты бар: күкірт, оттық, шырпы, сіріңке, іспіешке, шқпақ, шишақпақ, кеуірт. Орысша «петух» дегеннің қазақша екі аты бар: қораз, әтеш. Мұндайлардың мынасын әдеби деу қиын. Сонда да, термин сөздерді қабылдап, жұртшылыққа ұсынып, бір ізге салып жібергендей, ондай сөздерге де келісім жасай отырып, жөн сілтеуге болады. Сөйтіп, қазақ тіліндегі сан алуан сөздердің әдеби тілге тәндері - әдеби нормаларға жататындары бар. Соларды айыра, таңдап, талғай жұмсасақ, әдеби тілдің лексикалық нормаларын тұрақты етуге мұрандық болар еді. Сөйтіп, «лексикалық норма» дегеніміз - әдеби тілдің жалпыға ортақ сөз байлығының қалыптасқан тұлғада, жалпыға ортақ мағынада жұмсалуы. Нормаға түскен сөз қалпында қатып қалмайды, әдеби тілдің талабына лайық, заңды өзгеріске ұшырап отыруы да мүмкін. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар: 1. Диалектизмдер. Бірқатар сөздер жалпы халыққа бірдей түсінікті болмай, тек кейбір облыстағы, кейбір аудандағы қазақтардың сөйлеу тілінде кездеседі. Олар жер-жерде әдеби тілде бар сөздердің орнына жұмсалуы да мүмкін. Мысалы: Ә д е б и Д и а л е к т и з м жаңғақ шаттауық жүгері борми ылғи бойлай көрпе жуырқан тәрізді рәуішті балапан шіби тақия тебетей барлығы әмбесі, әммасы Жер-жерде әдеби тілде бар сөздердің тұрқын бұзып айту жиі ұшырайды. Олар диалектизм болуы да, ел аузында өзгеріске ұшыраған дөкер сөз болуы да мүмкін. Мысалы: Ә д е б и Ә д е б и е м е с шейін шекейін сияқты сиықты дөңгелек доңғалақ түзеу дүзеу диірмен тиірмен рұқсат ұлықсат жиырманшы жиырмасыншы Диалектизмдер мен дөкір сөздерді диалогта қолдануға болады, ал автордың баяндауында қолдану тіл мәдениетіне кір келтіреді. Бірқатар авторлар оларға түксие қараудың орнына, қызық көріп жаза салады. Мысалы: «Емешесі құрып», «тырли арық қара қатын» (Ә.Нұрпейісов). «Жақып дүзеліп қалды», «...дізесін бүкті» (Ғ.Мұстафин). Мұндайды, әрине, әдеби тілдің нормасын бұзу деп қараймыз. Әдеби тілде бар сөздің мағынасы әр жерде әр түрлі болуы мүмкін. мысалы, елек, елгезер сөздерінің орнына шығыста қалбыр сөзін қолданады екен, ал «қалбыр» әдеби тілде, ұн емес, бидай, арпа, тары сияқты дақылдарды елейтін елеуіш. Кейбір сөздердің әдеби тілдегі орныққан мағынасы бірнешеу болса, қарапайым сөйлеу тілінде нормға жатпайтын басқа да мағынада жұмсалуы ықтимал. Мысалы, «тіл» дегенді адамның, жан-жанурдың дене мүшесі, адамның сөйлеу құралы деп түсінсек, сөйлеу тілінде оны «сөз» дегеннің де орнына айтады. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің «Қарағандасында» Мейрам былай дейді: «Көмір» деген қазақтың ескі тілі. Тіл тегін жасалмайды. Әрине, бұл да әдеби емес. Автор бұл сөзді Мейрам емес, сауаты шамалы басқа біреудің аузына салса, жарасымды болар ма еді? Мұндайға мін таққысы келгендерге, кейбіреулер «Ел аузында бар сөз ғой» деген уәж айтады. қазақ тіліндегі сан алуан сөздердің әдеби тілге тәндері - әдеби нормаларға жататындары бар. Соларды айыра, таңдап, талғай жұмсасақ, әдеби тілдің лексикалық нормаларын тұрақты етуге мұрандық болар еді. Ел аузындағының бәрін қалдырмай әдеби тілге енгізе берсек, батыстағы қазақтардың «Ботташықты іңкәлға салып жесең, сірә жқсы болады»... дегендерінен де қашпау керек қой. Олай етсек, әдеби тілдің өзіндік қасиеттері жойылады, сөздер сөз шеберлігінің талғампаз елегінен өтпей, түбі тесік шелектен аққан судай болады да қалады. 2. Профессионализм. Жергілікті халықтардың кәсібіне, шаруашылығына байланысты сөздері болады. Мысалы, Каспий, Арал, Балқаш өңіріндегі балықшылар тілінде былайғыларға түсініксіз сөздер көп. Сондай-ақ, бау-бақша, мақта, күріш шаруашылықтарымен кәсіп ететін оңтүстік аудандарда сүдігер, көшет, әңгелек, масақ, собық, қарық, атыз тәрізді сөздер бар. Мұндай кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы болмаса, оларды әдеби нормаға айналдырып, әдеби тілдің байлығын арттыруға болады. Мысалы, дақыл, собық, атыз, қарық деген сөздер бұрын әдеби тілде қолданылмайтын, қазір бұлар жиі кездесетін болды. Түрлі кәсіптегі еңбек ерлерін, олардың іс-әрекетін сөз еткенде, сол айналаның сөздерін айтпасқа болмайды. Мысалы, С.Мұқанов «Сырдария» романында күріш егісімен байланысты көптеген сөздерді, Ә.Сәрсенбаев «Толқында туғандар» романында блықшылардың көп айта беретін үкі, шоланда, батаға, талка тәрізді, Ә.Көшімов аңшылар өмірінен жазған повесінде аңшылыққа байланысты көптеген сөздерді енгізген. 3. Дөрекі, былапат және жаргон сөздер. Бұлар - әдеби тілдің, жалпы тіл мәдениетінің ата жауы. Сондықтан олар әдеби тілдің лексикалық нормалары қатарынан орын алуы мүмкін емес. Лексикада бірізділікті көбірек тілейтіндер – терминдер. Термин дегеніміз - өндірістің, ғылымның, техниканың, өнердің, мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін арнаулы сөздер. Қазақ тіліне термин сөздер, негізінде, орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енді. Соның арқасында қазақ тілінде бұрын болмаған революция, шахта, депутат, актер, инженер, роман, мотор, хлор, химия, философия сияқты сөздер пайда болды және де тілде бар сөздер негізінде өндіріс, өнеркәсіп, қоғам, құрылыс, құрам, ғылым, білім, оқулық тәрізді терминдер жасалды. Бұл сияқты терминдердің дені ресми түрде қабылданғандықтан, жұрттың бәрі оларды бірдей, бұлжытпай қолдану керек. Ертеректе, мысалы, география – жағрапия, совет – кеңес, помещик – алпауыт, философия – пәлсапа, партизан – аламан болып айтылатын, не болмаса бір терминді әркім әр түрлі қолдана беретін. Сондай жаман әдет әлі де жоқ емес, әсіресе терминдік мәні бар сөздердің орысша-қазақша нұсқауларын араластыра беретіндер көп. Мысалы: Ә д е б и Ә д е б и е м е с жұмысшы жұмыскер совет кеңес қаһарман, ер, батыр герой жоспар план үгітші агитатор жер серігі спутник Шет тілден енген терминдерді қазақшаға аударуға болатыны да, болмайтыны да бар. Соңғыларды ескеріп Ф.Энгельс былай дейді: «Керекті шет сөздер, көбіне жалпыға бірдей ғылыми техникалық терминдер, аударуға келетін болса, керексіз де болар еді. Аудару тек оның мағынасын бұзады. Оны түсіндірудің орнына (аудару) шатастырады». Сондайға философия, партизан, институт, телеграф, шахта, мотор, самолет, машина, радио сияқтыларды мысал етуге болады. Қазақ тілінде бұрын ондай зат, ондай ұғымдар болмаса, оларға балама болатын сөз қайдан болсын? Сондықтан орыс тілінен алынған мұндай атаулардың бізге ешқандай жаттығы жоқ екенін өмір көрсетіп отыр. Терминология қай сала да болса да, тек жаңа ұғымның пайда болуымен байланысты дамып отырады. Мысалы, «жазушы», «суретші» мамандық кәсіп болмай тұрғанда, ондай атау да болған жоқ. Кейін ондай жаңа ұғым пайда болған соң, жаз, сурет және т.б. сөздерге –шы, -ші жұрнағын жалғау арқылы жаңа сөздер жасалды: жазушы, суретші, үгітші, тәрбиеші. Осындай тілде бар байырғы сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғап, кейде ескі сөздің өзін жаңа мағынаға ие етіп, сөз бен сөзді біріктіріп жасаған жаңа атаулар да көп қазақ тілінде бұрын болмаған революция, шахта, депутат, актер, инженер, роман, мотор, хлор, химия, философия сияқты сөздер пайда болды және де тілде бар сөздер негізінде өндіріс, өнеркәсіп, қоғам, құрылыс, құрам, ғылым, білім, оқулық тәрізді терминдер жасалды. Бұл сияқты терминдердің дені ресми түрде қабылданғандықтан, жұрттың бәрі оларды бірдей, бұлжытпай қолдану керек. Мысалы: науқан, ұйым, үйірме, басқарма, оқулық, шекара, көзқарас, өнеркәсіп, балмұздақ. Мұндай жаға атаулар да баспасөз бетінде сыналып, мемлекеттік терминология комиссияның ұйғыруымен әдеби тілдің нормасына айналып отырмақ.
Бақылау сұрақтары:

  1. Лексика – фразеологиялық стилистикаға мысалдар келтіріңіз

  2. Лексикалық норма және оның қолданылу аясы.

  3. Тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданысына мысал келтіріңіз

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Сергалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоциональная-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Алматы, 1995

6. М.Балақаев, М.Серғалиев Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 2004

10-дәріс. Грамматикалық стилистика. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы
Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Грамматикалық стилистиканың жалпы сипаттамасы.

  2. Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері.

  3. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.

Стилистиканың басты мақсаты, бұдан бұрын айтылғандай, жеке сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ синтаксистік конструкциялардың қолданылу заңдылықтары мен экспрессивтік сапасын айқындау. Олай болса грамматикалық стилистиканың басты міндеті — грамматикалық категориялар мен синтаксистік конструкциялардың мәні мен мағынасын айқындау, сол мән-мағы-наның туу, пайда болу тәсілдерін көрсету және жеке тұлғалар мен шумақтардың қолданылу жүйесі мен сферасын белгілеу. Осы міндеттер тұрғысынан келгенде, стилистиканың грамматикалық саласының маңызы аса ден қоярлық. Өйткені оған мына тәріздес себептер бар: грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік конструк-циялардың жеке сөздер тәріздес стильдік салаларға жіктеліп, қа-лыптасуы кең таралған құбылыс емес. Белгілі бір тұлғалар мен шумақтардың қолданылу заңдылығы олардың мән-мағынасы мен грамматикалық табиғатына тәуелді болады.

Арагідік жазуда, не ауызекі сөйлеуде жеке грамматикалық тұлғаларды оғаш қолдану олардың сыр-сыпаты мен табиғатын жете білмеуге байланысты болып отырады. Газет беттершен кездескен мынадай бір фактілерді талдап көрейік: Сауданың мұндай басшылары өз тұтынушылары нені қажет етіп отыр, нені талғайды — бұл жағын зерттеуге селқос қарайды (газеттен). Москвадан келген Колотов деген жолдас өте бір тығыз шаруа жөнінен сізбен сөйлескісі келеді (газеттен). Осы сөйлемдердің қайсысы да бір оқығанда сындарлы көрінгенмен, грамматикалық қателерден құр емес. Алғашқы сөйлем құрамындағы сауданың мұндай басшылары шумағын қарастырайық. Әдетте ауылдың басшысы, мекеменің басшысы деп ілік жалғау қолданылғанмен, жалпылық мәнде, әсіресе абстракт ұғьш туғызатын тіркестер құрамында ілік жалғау түсіріліп мемлекет басшысы, ел ағасы, сауда мәдениеті деп айтылып, жазылады. Бұл нормаға айналды. Олай болса, жоғарғы шумақты да мұндай сауда басшылары деп құру әлдеқайда жатық, түсінікті, құлаққа да жа-ғымды. Сол» сияқты, екінші’ сөйлемдегі тығыз шаруа жөнінен сөй-лескісі келеді шумағының құрамындағы жөн сөзінің шығыс жал-ғауында қолданылуы да аса жарасымды емес. Шығыс жалғаулы сөз әдетте іс-қимылдың шығар көзін, таралу мекен-орнын білдіреді. Ал мына сияқты реттерде жатыс жалғауын қолдану икемді(жөнінде). Баяндауыш қызметіндегі сөйлескісі келеді күрделі етістігі де сол жалғауды (жатыс жалғауын) қажет етеді.

Жазуда, сөйлеуде грамматикалық тұлғалар мен шумақтардың орнын айқын біліп, айырмау кейде қате түсінікке соқтырады. Мынадай бір мысал келтірейік:Сауда жұмысын жақсарту көп жағдайда сауда қызметкерлерінің өздеріне, олардың тапсырылған іске жан ашырлықпен қарауына, инициативашылдығы мен іскер-лігіне, тұтынушыларға жайдары, жұмсақ мінезбен сапалы қызмет көрсете білуіне байланысты (газеттен). Осы сөйлемді бір оқығанда алғашқы “Сауда жұмысын жақсарту көп жағдайда сауда қызметкерлерінің өздеріне” дейтін бөлігін бүкіл сөйлем мағына-сымен ұштастыра түсіну қиын-ақ. Өйткені бұл шумақ дұрысында, бүкіл сөйлем бойында айтылған мағынаны жалпылай қорытын-дылап тұр. Автордың айтайын дегені: сауда жұмысының жақсаруы сауда қызметкерлерінің іскерлігіне, инициативашылдығына, тұтынушыларға жақсы қатынас жасауына, қысқасы, олардың өздеріне байланысты деу ғой. Сол себептен жалпылауыш мәнді шумақты сөйлемнің соңғы жағына көшіру орынды, түсінікті бола-тын еді. Әдетте халық тілі мұндай реттерде: “алма, жүзім, жидек, өрік — бәрі жеміс” деп жалпылауыш сөзді ең соңында айтады.

Ұзақ текстерде бірінен соң. бірі айтылатын синтаксистік шумақ-тардың формалық жағынан да, мағыналық жағынан да бір-бірімей қабысып, үйлесіп келуі сөздіқ әуезділігін арттырады. Сондықтан әр шумақты тиянақтап, даралап тұратын грамматикалық тұлғалардың өз орнында, өз иінінде қолданылуы қажетті шарт. Осы орайда мынадай бір мысалға назар салайық: Әрбір сатушы тұтынушыларда биязы, кіші пейілдік мінез көрсете, мінсіз қызмет етіп қана қоймай, сонымен бірге сауданық осы заманғы жаңа прогрестік түрлері мен тэсілдерін кеңінен қолдану жолында табанды. күрес жүргізуге міндетті (газеттен). Осы сөйлемнің басқы әрбір сатушы, тұтынушыларға биязы, кіші пейілдік мінез көрсете дейтін бөлімі келесі шумақпен (“мінсіз қызмет етіп”) мағыналық жағынан да, формалық жағынан да қабыспайды. Өйткені шумақтың соңында -е тұлғалы көсемше айтылған. Ал бұндай тұлғалы сөздердің, бір ерекшелігі — өзінен кейін басқа бір тиянақты мән беретін сөздің айтылуын қажет етеді. Сондықтан бүл жерде -п тұлғасын (көрсетіп) қолдану қолайлы. Сонда бір-бірімен жалғасып, үндесіп жатқан екі шумақ форма жағынан да, мәні жағынан да қабысып тұрар еді.

Ұзақ текст құрамындағы дербес сөйлемдер жігінде де тұлға-лардың мағыналық жағынан қабыса, үйлесе айтылуы қажетті шарт екені мәлім. Мағыналары бір-бірімен ұласып жатқан дербес сөйлемдердің баяндауыштары мәні жағынан бір-бірімен қабыспай тұрса, логикалық ойдың жүйесі бұзылып, сөздің ырғағы кемиді. Мынадай бір үзінді келтірейік. Міне, партия мен үкіметіміз осы товарларды алдағы жылы жеткілікті мөлшерде шығарудың шұғыл шараларын қолдануда. Сонымен қатар, халықтың мал шаруашы-лығы өнімдеріне деген қажеттілігін тез арада толык, өтеудің мүм-кіндіктері де қарастырыла бастады. Жергілікті партия, совет ұйымдары мен ёауда мекемелері өздеріндегі қорларды шебер пай-даланып, халықты тұтыну товарларымен үзбей жабдықтауды қам-тамасыз етіп отыруға тиіс. Әйтсе де республикамыздағы сауда ісінде елеулі олқылықтар орын алып келеді (Газеттен). Үшінші сөйлемнің мәні оған дейін не одан кейін тұрған сөйлемдердің мәнімен ұласпайды. Өйткені баяндауыш формасы өзгеше.

Ойдың логикалық жүйесі әуелі істеліп жатқан шараларды ‘баяндап, содан соң болып отырған кемшіліктерді айтып, осыдан кейін ғана мін-деттерді көрсетуді қажет етеді. Бірақ автор грамматикалық фор-маның (отыруға тиіс) мәнін түсінбеуден ой желісін үзіп алған.

Бұдан шығатын қорытынды: грамматикалық тұлғалардың қа-лыптасқан қолданылу жүйесін айқындап көрсету қажет. Ал бұл — грамматикалық стилистиканың, міндеті. Грамматикалық стилистика жеке тұлғалар мен шумақтардың қолданылу жүйесін айқындап, дәлдеуде нормативтік грамматиканың деректеріне сүйенеді. Алайда, бұдан нормативтік грамматика мен стилистика бірдей деген қорытынды шықпайды. Нормативтік грамматика сөздердің құрылысы мен өзгерісіне көп көңіл бөлсе, стилистика грам-матикалық тұлғаларды мағынасы мен қолданылуы тұрғысынан ғана қарастырады.

Стилистика ‘сонымен қатар сөзге қосымша жалғаудық тілімізде қалыптасқан нормаларын айқындау мәселелерін де қарастырады. Сөз мағынасы қажет етпейтін жағдайда, қандай қосымшаның болсын жалғанып, колданылуы тілдін. қалыптасқан нормасын, сыпатыи бұзады. Қазіргі уақытта күнделікті баспасөз тілінде әр-дайым жиі ұшырайтын кіші пейілділік мінез, балалар дәрігерлері, өндірістік технологиялык, процесс тәрізді тұлғалануды мағыналық қажеттіктен туған деуге болмайды. Қазақтың халық тілінде болсын, әдеби тілінде болсын, зат есімнің анықтауышы қызметінде жұмсалған сын есімге тағы басқа бір қосымша жалғамайды. Өйт-кені мағыналық тұрғыдан ешбір қажеті жоқ. Сондықтан кіші пе-йілділік мінез емес, кіші пейіл мінез болуға тиіс. Сөз тұлғасын орынсыз күрделендірудің қажеті жоқ. Осы қосымшаның (-лық,-дық) қолданылуында кейде басқа да ыңғай байқалады. Мысалы: Жеңіл өнеркэсіп орындарында осындай өрескел кемшіліктердің элі де болса орын алуының басты себебі өндірістік технологиялык, процестер тэртібінің бұзылуында болып отыр (газеттен). Сөйлем құрамындағы “өндірістік технологиялық процесс” шумағында-лық қосьшшасының қатарынан екі рет қолданылуы, әрине, орын-сыз. Алғашқы сөзге (өндіріс) -лық қосымшасының қажеті жоқ.-лық — сөз бен сөзді байланыстырушы емес, сөзге жаңа мән береді, сын есімге қосылып, зат есім туғызады, зат есімге жалғанып, сын есім жасайды. Бұл жерде -лық емес, ілік септіктін, қолданылуы қажет еді (өндірістің технологиялық процесі).

Қолдануда ұқыптылықты кажет ететін қосымшалардың бірі-лар көптік жалғауы. Әдетте қазақ тілінің нормасы бойынша екі зат есім тіркесіп жұмсалғанда көптік жалғау тек соңғысына ғана жалғанады да, алдыңғысына жалғанбайды. Сондықтан ғылым академиясы (ғылымдар академиясы емес), оқу орындары (оқулар орындары емес) деп жазып жүрміз. Ал балалар дәрігерлерітәрізді қолданыстар кұлаққа тосаң естіледі. Сол сияқты қазақ тіліндегі кейбір сөздер көптік жалғауды қажет етпейді. Ондай сөздер халық тілінде бір тұтас ұғым ретінде қалыптасып кеткен. Мына мысал-дарға назар салайық: Сондықтан менің еңбектес құрбыларымның Қазак, ССР Жоғарғы Советінің бүгінгі сессиясынан үлкен жақсы-лықтар күтуі де заңды… Менімен бірге жұмыс істейтіндердің бар-лығы осындай игіліктерге жетіп отыр (газеттен). Қазақ ұғымында игіліктің де, жақсылықтың да аумағы өлшеніп, оның мөлшері бел-гіленбейді. Ондай сөздер бір тұтас ұғым атаулары есебінде сол күйінде ұғынылады. Сол себептен ондай сөздерге көптік жалғауын қосудың ешбір қажеті де жоқ.

Кейде әдеби тілде қалыптасқан формалардың орнына диалек-тілік ерекшеліктерді қолдану да ұшырасады. Мысалы: Әсіресе республикадағы жеңіл ‘және тамақ өнеркэсібінің кейбір түрлері, суармалы жерлердің кейбір бөлегі осында шоғырланулы (газеттен). Сірә, мақала авторы батыс облыстардың бірінен болса керек, сол аймаққа тән ерекшелікті қолданған. Әдеби тілде бұл ретте -ған (шоғырланған) тұлғасы айтылады. Мұндай тұлғалардың әдеби нормаға жатпайтыны әдетте нормативтік грамматикада баяндалады. Сол себептен мұндай ауытқулар стилистиканың объектісі бола алмайды.

Стилистйканың айрықша көңіл аударатын мәселелерінің бірі — грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік шумақтардың белгілі бір мағына беруде синонимдес қолданылуы. Мұндай синонимдік топтар — сөз қайталамаудың, жинақы да жатық болудың аса таптырмас құралы, тіліміздің икемділігінің дәлелі. Қазақ тілінің мор-фологиялық категорияларының ішінде де, сирек болса да, бір-бірі-мен синонимдес мәнде қолданылу фактілері кездеседі. Мысалы, сын есімнің шырай түрлерін жасайтын -рақ және -лау аффикстерін алайық. Сөйлем ішінде күштірек, күштілеу тәрізді сын есімдік тұлғалар бір-біріне балама есебінде қолданыла береді. Кейде олар, мағынасы жағынан синонимдес болғанмен, әр түрлі мәнде қолда-нылуға икем келеді. Немесе осы шырайлық тұлғалардыд гөрі сө-зімен келген синтаксистік шумақтарға синонимдес қолданылуын айтуға болар еді (Асаннан гөрі Мұрат икемді, Асаннан Мүрат икемдірек). Қейде сын есім сөздері басқа да синтаксистік шумақ-тардың синонимі бола алады. Мысалы: әңгімешіл кісі — әңгімені жақсы айтатын кісі т. б. Қазақтың әдеби тілінде де, халық тілінде де септік жалғаулары мен көмекші есімді тіркест,ер сан-салалы си-нонимдік қатар құрады. Бұлардың колданылатын мағыналық са-лалары да аса көп. Сондықтан бұндай синонимдік қатарлардың қолданылу өрісі де аумақты, кең болып отырады. Мысалы, мезгіл — уақыт мәнінде сағат 5-ке келу — сағат беске дейін келу, сол уақытқа үлгеру — сол уақытқа дейін үлгеру, мекен — кеңістік мәнінде үйде отыру — үйдің ішінде отыру т. б. синтаксистік шумақтар қолданылады.

Қазіргі қазақ әдеби тілінде үйірлі мүшелер мен жай сөйлемдердің (кейде құрмалас сөйлем) синонимдігі — кең таралған құбылыс. Әрине, қазіргі тіліміздегі үйірлі мүшелердің көп салалы тобы — әдеби тіліміздің кейінгі дамуының жемісі. Олар көбінесе сөзді жинақы айтудың тәсілі есебінде пайда болды да, жай сөйлемдердің синонимі болып қалыптасты. Мен сияқты жолдан оралып, бірақ уақиға маңайына менен бұрын жеткен Николай ағашты тасаланып, күбірлеп, балағат айтып тұр екен (Ғ. Мүсірепов).

Осы сөйлемдегі қарамен терілген шумақты (үйірлі анықтауыш мүшені) өз алдына бөліп алып, жеке сөйлем түрінде Николай мен сияқты жолдан оралса да, бірақ уақиға маңайына менен бұрын, жетті деп айтуға болар еді. Бірақ авторлық акцентуация Николайдың бұрын жетуін хабарлау емес, қазіргі күйге дейін болған уақиғаны жай ғана ескерту есебінде айтылып отыр. Ол үшій дербес сөйлемдік құрылыстан гөрі үйірлі мүшелік құрылыс әлдеқайда тиімді, жинақы, айқын. Сол сияқты мына сөйлемнің құрамындағы үйірлі мүшенің қолданысын байқайық. Ж ы л а у ы да ертеден кешке дейін бір-ақ үнмен шығатын жетім баланың бей-жай, үмітсіз жылауына ұқсайды (Р. Мүсірепов). Осы үйірлі мүшені дербес сөйлемге айналдырып айт ұға болар еді. Бірақ онда автор көздеген экспрессия бәсеңдеп, әсері азаяр еді.

Осылар тәріздес синонимдік қатарларды айқындап, олардың мән-мағынасын баяндау — тіл ұстартудың аса қажет тәсілдерінің бірі.

Бұдан бұрын айтылғандай, жеке грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік шумақтардың белгілі бір сөйлеу, жазу стилі кұра-мында қолданылуға икемдігі байқалып отырады. Бұл, әрине, лек-сика саласындағыдай кең таралған құбылыс емес, бірақ арагідік кездесіп отырады. Мысалға морфологиялык, тұлғалардың ішінен -паз, -қор, -қой жұрнақтарымен келген сөздерді алайық. Әсемпаз, жасампаз, дүниеқор, намысқор, әзілқой, сауыққой, даңқой тәрізді сөздерді стильдік жағынан бейтарап сөздер деп қарауға болмай-тыны белгілі. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір сөйлеу, жазу жүй-есінде қолданылуға бейім. Кез келген иінде айтыла бермейді. Егер әсемпаз, әзілқой сөздері жеңіл әзіл, зілсіз сықақ ыңғайында қол-данылуға икемді болса, дүниеқор, даңқой сөздері өткір мысқыл, шенеу мәніне лайық. Мұндай қабілет, әрине, сөз құрамындағы қосымшалардан туса керек. Немесе бармақ керек, баруға тиіс, ба-руы қажет тәрізді күрделі тұлғалар, сол сияқты -уда тұлғасы (мал шаруашылығының табыстары күннен-күнге артуда) көбінесе жазба тілге, оның ішінде публицистика тіліне тән. Әрине, бұлар ауы-зекі сөйлеуде де кездеседі. Бірақ сөйлеу тіліне тән элемент ретінде емес, жазба тілден ауысқан элемент ретінде ғана айтылады. Сөйтіп; морфологиялық құрылыстың да кейбір категориялары жеке стиль салаларында жиі қолданылатын элементтер ретінде көзге түседі.

Тілдің синтаксистік құрылысы, морфологиялық категорияларға қарағанда, стильдік қолданылуға біршама бейімдірек болады. Сөйлем ішінде сөздердің орын тәртібінің өзгеруінен туатын ва-риациялардың, әр түрлі қалыптасқан шумақтардың т. б. бір ғана стйль жүйесінде, соның сөз саптау тәсілі есебінде қолданылуын жиі кездестіруге болатыны мәлім. Іс қағаздарындағы стандартқа айналган синтаксистік шумақтардың қолданылуын, публицистика-дық стиль құрамында жиі кездесетін сұраулы сөйлемдер мен лепті сөйлем түрлерін алуға болар еді. Олардың сол салаларда қолданылу иіні мен сипаты әдеби тілдің басқа ыңғайында кездесе бермейді, сол стиль топтарын басқалардан ерекшелейтін сипат есебінде көзге түседі.

Сонымен, стилистика грамматикамен тығыз байланысты, оны-мен тығыз ұштасып жатады. Бірақ стилистика сөз бен оның фор-маларын синтаксистік тәсілдерді белгілі бір мән-мағына мен экспрессиялық мәнер туғызудың тәсілдері есебінде ғана қарас-тырады. Стилистика мен грамматиканың арасындағы түбірлі айыр-машылық осында жатыр.

Сол себептен де сөйлем мен сөзді стильдік жағынан талдау мен грамматикалық талдау әсте бірдей емес. Стильдік талдауда сөй-лемнің қолданылу мақсаты, сөздердің мағыналық, экспрессиялық жағынан сәйкестігі ғана еске алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет