Қазақ тілі. Қысқа мерзімді жоспар.
Сыныбы: 2
|
Күні
|
Сабақтың тақырыбы:
| Зат есім |
Мақсаты:
|
Зат есімге сұрақ қоя білуге үйрету.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
А. Зат есімге сұрақ қоюды біліп түсінеді.
В. Зат есім тақырыбына байланысты түсінік толықтырады.
С. Тақырып немесе сурет бойынша өз ойынан сөйлем құрайды.
|
Қажетті құрал-жабдықтар:
|
Қазақ тілі. Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С. Лекерова, 2013 ж «Алматыкітап» Әдістемелік құрал Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С. Лекерова. 2014 ж «Алматыкітап»
дидактикалық материалдар, көрнекіліктер, доп
|
|
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақы-ты
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
5 мин
|
Түстер арқылы топқа бөлемін.
Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлері жазылған парақшаларды тарату.
Алдыңғы сабақтарымызда қандай тараумен таныстық?
«Серпілген сауал» әдісі бойынша өткен тақырыпты еске түсіру.
|
Түстерге байланысты топқа бөлінеді.
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді және сұрақ қояды.
|
Тұсау
кесер
|
7 мин
|
«Ойлан,бөліс» әдісі бойынша жаңа тақырыпты ашу.
Зат есім дегеніміз не?
Сабақтың табыс критерийлерін анықтау:
А.Зат есім туралы біледі, түсінеді.
В.Зат есімге сұрақ қоя алады, салыстырады.
С.Берілген тақырып бойынша сөйлем құра алады.
|
Оқушылар берілген ресурстағы тапсырмаларды жеке орындайды.. Жауаптарына қарай сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу.
|
Негізгі бөлім:
|
20 мин
|
Зерттеушілік әңгіме:
Ойлануға түрткі сұрақтар:
Семантикалық кестеге қарап, қалай атар едіңіздер?
Оқулықтағы 1 жаттығуды оқып, «Жұптық әңгіме» әдісі бойынша талқылатуды ұйымдастыру.
Дәптермен жұмыс
2 жаттығу. Жеке жұмыс
Сергіту сәті
«Жұптасып - ойлан - бөліс» әдісі арқылы 3- жаттығуды орындату
|
Сөзжұмбақ арқылы, тақырыбын қою
Топта,жұпта бір-біріне түсіндіріп талқылайды.
Жеке дәптерге орындау, Мәтінді оқып,мағынасына қарай мәтіннің басталуын таңдап, толықтырылған мәтінді көшіріп жазу
Жаттығуды жеке ойланып, жұпта талқылап, топта орындайды.
|
Қорытынды:
|
5
мин
5 мин
|
«Бір айналым сөйлесу» әдісі арқылы 4-5 сөйлемнен тұратын логикалық байланысқан сөз құрату.
Топтардың жұмыстарын «Ыстық орындық» бойынша сабақты бекіту.
|
Әр топ тақырыпты таңдап алып сол тақырып бойынша әр оқушы сөйлем ойлап мәтін құрастырады.
|
Рефлексия.
|
3мин
|
«Көзіммен не көрдім?»
«Құлағыммен не естідім?»
«Денем арқылы не жасадым?»
|
Балалар осы сұрақтар бойынша өз ойларын стикерге жазады.
|