1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


Сабақтас құқықтардың қолданылуы



бет100/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Сабақтас құқықтардың қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда орындаушының және оның мұрагерлерiнiң, сондай-ақ азаматтығына қарамастан орындаушының өзге де құқықтық мирасқорларының құқықтары танылады.
Орындау алғаш рет шет мемлекеттiң аумағында жүзеге асырылған жағдайда да орындаушының, сондай-ақ оның құқықтық мирасқорларының құқығы танылады.
2. Егер фонограмма жазбасы алғаш рет Қазақстан Республикасында көпшiлiк алдында қайта жаңғыртылса немесе оның даналары көпшілікке таратылса, бұл фонограмма шығарушының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жерi немесе тұратын орны бар заңды тұлғалардың да фонограмма шығару құқықтары танылады.
3. Егер ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында ресми орналасқан жері болса және хабарларды Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан таратқыштар көмегiмен жүзеге асырса, оның эфирлiк немесе кабельдiк хабар таратуды ұйымдастыру құқығы танылады.
4. Өзге де шетелдік орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалады.


Лицензиялық шарт.
Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немссе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Лицензиялық шарт ақылы болып саналады. (966-бап).
Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтің өзге де нәтижесін жасау және өзінің жүмыс беруіпісі болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзіне міндеттеме алуы мүмкін. 967-ші баптың 1-тармағында көзделген шарт интеллектуалдық шыгармашылық қызметтің жасалуға тиісті нәтижесінің сипатын, сондай-ақ оны пайдаланудың мақсаттарын не әдістерін белгілеуге тиіс. Шарттың белгілі бір түрдегі не белгілі бір саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелерін жасауға автордың құқығын шектейтін талаптары жарамсыз болады (967-бап).
Интеллектуалдық шығармашылық кызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетілген материалдық объектіге меншік күқығына қарамастан, айрықіпа құқық қолданылады (968-бап).
Интеллектуалдық меншік объектісіне айрықша құқық Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген мсрзім ішінде қолданылады. Заң актілерінде мұндай мерзімді үзартудың мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне жекс мүліктік смес құқық мерзімсіз қолданылады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгілі бір уақыт ішінде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкін (969-бап). Айрықша құқықтарды қорғау Азаматтық Кодекстін 9-бабында көзделген әдістермен жүзеге асырылады. Айрықша құқыктарды қорға:

  1. пайдалану арқылы айрықша құқықты бүзған материалдық объектілерді және осындай бүзушылық нәтижесінде жасалған материалдық объектілерді алып қою;

  2. жіберілген кемшіліктер туралы, оған бүзылған құқықтың кімге қатысты екендігі туралы мәліметтерді қоса отырьш, міндетті жариялау жолымен;

  3. заң актілерінде көзделген өзге әдістермен де жүзеге асырылуы мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтін нәтижелері мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бүзылған жағдайда міндеттемелерді бүзғаны үшін жауапкершілік туралы жалпы ережелср қолданылады. (970-бап).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет