Мелдебек Дана
«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені Атырау инженерлік- гуманитарлық институты колледжінің II,ІІІ курс студенттеріне арналған.
Тұжырымдама: Студенттің пән бойынша оқу-әдістемелік кешені ҚР-ы мемлекеттік оқу стандарттарының мазмұнына сәйкес, мамандық сипатына қарай, мамандықтың типтік және оқу жоспарының негізінде, даярлық бағытына бейімделіп, оқыту тіліне сай жасақталып, оқытылатын пәннің негізгі мазмұнын бейнелейді.
Студенттің пән бойынша оқу-әдістемелік кешені келесі бөлімдерден тұрады:
1. Глоссарий
2. Дәріс конспектілер
3. Тәжірибелік сабақ тақырыптары
4. Емтихан сұрақтары
5. Ұсынылатын әдебиет тізімі
1. Глоссарий
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері — Оларға ҚР-ның Конституциясы, Азаматтық құқық кодексі,нормативтік құқықтық актілер.
Заңды тұлға дегеніміз – ол жеке меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, немесе жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі бар, сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап қайтаратын, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарға және міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер болатын ұйым.
Азаматтық құқық объектісі дегеніміз - ол азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына себеп болатын және субъектілердің әрекеттері оған бағытталатын (ықпал ететін) заттар.
Мәмілелер- азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері
Өкілдік - өкілдік берушінің атынан өкілдің сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмлесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттері
Достарыңызбен бөлісу: |