Патенттік құқық - өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар алдын ала патент, патент беру, ал пайдалы модельге-тек патент беру.
Мұрагерлік дегеніміз - қайтыс болған кісі - мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттерінің мұрагерге ауысуына байланысты қатынастар. Мұрагерлік әмбебап құқық мирасқорлығының бір түрі.
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы.
Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ.
Неке шарты -ерлі-зайыптылардың құқық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығы.
Ата-ана құқықтарынан айыру – бұл өз міндеттерін орындамаған не өзінің ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған, өз баласына қатысты кінәлі іс-әрекет жасаған ата-анаға қолданылатын жауаптылық шарасы.
Патронат - бұл уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны.