Сенімхат - бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі.
Талап қою мерзімі – тұлға (адам) құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі
Ортақ үлесті меншік, яғни ортақ үлестік меншік құғындағы меншік иелерінің әрқайсысының үлестері анықталған ортақ меншік түрі.
Ортақ бірлескен меншік, яғни қатысушылардың үлестері белгіленбеген ортақ меншік.
Міндеттемелік құқық – бұл мүлікті берумен, жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты туындайтын міндеттемелік қатынастарды ретейтін азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы.
Шарт - бұл екі немесе одан да көп тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі
Жария оферта-шарттың барлық елеулі ережелерін қамтитын ,ұсыныс жасаушы тұлғаның кез келген хабар алушымен ұсыныста көрсетілген жағдайларада шарт жасасу еркі көрінетін ұсыныс.
Акцепт – бұл оферта жолданған тараптың оны толығымен және бұлтарыссыз қабылдауы туралы жауабы.
Моральдық зиян – бұл тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің және құқықтарының бұзылуы, кішіреюі, жойылуы және тұлғаның өзіне қарсы жасалған құқық бұзушылық салдарынан физикалық және рухани күйзеліске түсуі.
Сабақтас құқық субъектiлерi -орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары.
Лицензиялық шарт - интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немссе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығы.