1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет69/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана

2. Мүлік жалдау объектілері.
Мүлік жалдау объектілері. Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар (тұтыналмайтын заттар) берілуі мүмкін.
Мүлік жалдау шартының мазмұны үш элементтен тұрады:

  1. объект

  2. субъект

  3. тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Объект: жалға берілетін зат.
Субъект: жалға беруші, жалға алушы.
Мазмұны: міндеттері мен құқықтары.
Мүлік жалдау шартының нысаны:
Бір жылдан астам мерзімге жасалған, ал егер тараптардың біреуі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ, мүлік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс (544 б).
Қозғалмайтын мүлікті, мүліктік жалдау шарты, егер заңда өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік тіркеуге жатады.
Азаматтар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге мүлік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкін.
Мүлікке меншік құқығының, кейіннен жалға алушыға ауысуын көздейтін мүлік жалдау шарты, сондай мүлікті сатып-алу, сату шарты үшін көзделген нысанда жасалады.
Шартты өзгерту және бұзу тәртібі 556-562 баптарда көрсетілген.
3. Мүлік жалдау шартының тоқтатылуы.
Мүлікті жалдау шарты тараптардың келісімімен кез-келген уақытта
тоқтатылуы мүмкін. Одан басқа да тараптардың біреуінің талап етуі бойынша да бұзылуы мүмкін. Жалға берушінің талабы бойынша мүлік жалдау шарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:
а) егер жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін шартта белгіленген
төлемнің мерзімі өткеннен кейін екі реттен астам төлем жасамаса.
б) заң актілерінде немесе шартқа сәйкес күрделі жалға алушы күрделі
жөндеуді шартта белгіленген мерзімде жүргізбесе, мерзім шартта қарастырылмаса, оны қисынды мерзімде жүргізбесе.
Барлық жағдайларда, жалға беруші жалға алушыға өз міндетін
қисынды мерзімде орындауға мүмкіндік берілгеннен кейін ғана шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
Жалға алушының талап етуімен шарт мынадай жағдайларда:
а) жалға беруші мүлікті жалға алушыға пайдалануға бермеген не мүлікті
шарт талаптарына немесе мүліктің мақсатына сәйкес пайдалануға кедергі жасаған болса.
б) жалға беруші өзіне жүктелген мүлікті күрделі жөндеу міндетін шартта
белгіленген мерзімде ал, ол шартта болмаған жағдайда қисынды мерзімде жүргізбеген.
в) жалға алушыға берілген мүлікте оны пайдалануға кедергі келтірген кемшіліктер болып, оны шарт жасалған кезде жалға беруші ескертпеген, жалға алушыға алдын-ала белгілі болмаған және мүлікті көрген кезде немесе шарт жасаған кезде оның ақаусыздығын тексерген кезде оның байқалуы мүмкін болмаған болса.
г) мүлік жалға алушы жауап бермейтін мән-жайларға байланысты пайдалану үшін жарамсыз күйде болған реттерде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет