1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


Шарт тараптары, олардың жауапкершілігі



бет57/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
3. Шарт тараптары, олардың жауапкершілігі.
Сатып алу, сату шартының субъектілері:

  1. Сатушы

  2. Сатып алушы.

Сатып алу, сату шартының нысаны, ауызша жазбаша, жай жазбаша, нотариалды, конклюдентті.
Шарттың кез-келген ережесі бұзылған жағдайда жауапкершілік туындауы мүмкін.
Жауапкершіліктің нысаны:

  1. Айыппұл төлеу.

  2. Келтірілген шығынды өтеу.

Сатылған мүліктің сапасы немесе саны шартқа сәйкес келмесе жәбірленуші тарапқа заң бойынша қосымша құқықтар берілген. Ол құқықтар Азам. Код. 419-428 б/да.
Егер сатылған тауардың сапасы шартқа сәйкес келмесе, сатып алушы өз қалауынша сатушыдан:

  • сатып алу бағасын сол мөлшерде кемітуді;

  • қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсалған өз шығындарын өтеуді;

  • сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен алмастыруды;

  • шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

Сатушының негізгі міндеті:

  • сатылған мүлікті сатып алушының иелігіне беру;

  • сатып алушының меншік құқының пайда болуын қамтамасыз ету;

  • сатылған тауарды сақтауды қамтамасыз ету.

Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны. Сапаға қатысты талаптар сатып алу - сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу – сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталады.
Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының шекті сиымдылығымен бекітілсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет