Өртке қарсы орман жолақтары-орманда жасалатын ж/е өрттің таралуына кедергі келтіретін алқаптар.
Орман өрттері-жер бедеріндегі өрт түрлері, оларға даладағы, шабындықтағы, орман батпағындағы ж/е басқа өрттер де жатады.
Сүрек тұқымдыларының өртке төзімділігі- ағаштар мен олардың шоғырларының орман өрті кезіндегі қызу әсерінен кейінгі тіршілігін сақтау мүмкіндігі.
Өрт қаупі бар маусым- күнтізбекті жылдың ішінде сол аумақта орман өрттері шығуы мүмкін кезең.
Ормандағы өрт қаупі- орманның түрі, оның табиғи ж/е басқа да ерекшеліктерімен айқындалады.
Ормандағы өрт қаупі бар маусым- климат ж/е ауа райы факторларын негізге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, обылыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, орман өрті шығу қаупі болуы мүмкін күнтізбелік жылдың бір бөлігі.
Өрт телімі-орман өртіне қатыстылығы жағынан салыстырғанда біртектес келетін орман қорының учаскесі.
Сұлама өрт- жану материалы топырақ бетіндегі сүрек болып табылатын төменгі жағындағы өрт.
Үстіңгі қабатты өрт- ағаштардың шашағын шарпыған өрт.
Ландшафтық өрт- географиялық ландшафтың түрлі бөліктерін шарпыған өрт.
Орман шымтезегінің өрті- шалшықтанған әрі батпақты топырақтың шымтезектенген қабаты жанатын орман өрті.
Төменгі қабат өрті- орман өсімдіктерінің төменгі қабаттары, орман төсеніші, құлаған бұтақтар арқылы таралатын орман өрті.
Қаулаған өрт- орман биогеоценозының барлық бөліктерін қамтыған орман өрті.
Орман өртінің ауданы- оттың өсімдіктерге тигізетін зардабы байқалатын орман өртінің сұлбасы шегіндегі көлемі.
Өрт қадағалау мұнарасы- өртті жоғарыдан бақылау үшін ағаштан немесе металдан (биіктігі 25 метр ж/е одан да жоғары) тұрғызылған ғимарат.