1. Глоссарий Орман Пирологиясында


Өртке қарсы орман жолақтары



бет2/30
Дата20.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
îðìàí ïèðîëîãèÿñû
ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ. 2020-2021 уч. год, ЖО 9, ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж., Документ 4, Тотыгу-тотыксыздану тест, 67, 5f48db6acc320 1598610282 (1)
Өртке қарсы орман жолақтары-орманда жасалатын ж/е өрттің таралуына кедергі келтіретін алқаптар.

  • Орман өрттері-жер бедеріндегі өрт түрлері, оларға даладағы, шабындықтағы, орман батпағындағы ж/е басқа өрттер де жатады.

  • Сүрек тұқымдыларының өртке төзімділігі- ағаштар мен олардың шоғырларының орман өрті кезіндегі қызу әсерінен кейінгі тіршілігін сақтау мүмкіндігі.

  • Өрт қаупі бар маусым- күнтізбекті жылдың ішінде сол аумақта орман өрттері шығуы мүмкін кезең.

  • Ормандағы өрт қаупі- орманның түрі, оның табиғи ж/е басқа да ерекшеліктерімен айқындалады.

  • Ормандағы өрт қаупі бар маусым- климат ж/е ауа райы факторларын негізге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, обылыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, орман өрті шығу қаупі болуы мүмкін күнтізбелік жылдың бір бөлігі.

  • Өрт телімі-орман өртіне қатыстылығы жағынан салыстырғанда біртектес келетін орман қорының учаскесі.

  • Сұлама өрт- жану материалы топырақ бетіндегі сүрек болып табылатын төменгі жағындағы өрт.

  • Үстіңгі қабатты өрт- ағаштардың шашағын шарпыған өрт.

  • Ландшафтық өрт- географиялық ландшафтың түрлі бөліктерін шарпыған өрт.

  • Орман шымтезегінің өрті- шалшықтанған әрі батпақты топырақтың шымтезектенген қабаты жанатын орман өрті.

  • Төменгі қабат өрті- орман өсімдіктерінің төменгі қабаттары, орман төсеніші, құлаған бұтақтар арқылы таралатын орман өрті.

  • Қаулаған өрт- орман биогеоценозының барлық бөліктерін қамтыған орман өрті.

  • Орман өртінің ауданы- оттың өсімдіктерге тигізетін зардабы байқалатын орман өртінің сұлбасы шегіндегі көлемі.

  • Өрт қадағалау мұнарасы- өртті жоғарыдан бақылау үшін ағаштан немесе металдан (биіктігі 25 метр ж/е одан да жоғары) тұрғызылған ғимарат.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет