1. Глоссарий Орман Пирологиясында



бет7/30
Дата20.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
îðìàí ïèðîëîãèÿñû

3. Топырақ ылғалдылығы

Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында әр уақытта азды-көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның құнарлығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр қилы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі әр түрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді.


Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды.
Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін, судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.
2.1–кесте. Ылғал түрлері ( С. А. Монин бойынша )



Топырақ ылғалының түрі

Байланыс мөлшері мен өзгешелігі

1.Сұйық, ылғал немесе су
а) гравитациялық су
б) Топырақ түйірлерінің ішіндегі су бос сулар
в) жарғақты су физикалық бос байланысты
2.Бу
г) Бу 1/2 ұшпалы су
д) Гигроскопиялық су физикалық берік байланысты
3.Қатты күйдегі су
е) Мұз қатты
ж) Кристалданған су 1/2 химиялық байланыстағы
гидратты сулар
з) Жасушадағы су биологиялық байланысты су

Гигроскопиялық су топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. Топырақпен тығыз байланысқан бұл суды тек 100° астам температураға дейін қыздыру арқылы ғана түгел буға айналдыруға болады.
Топырақтың ауадағы су буының құрамындағы суды өз бойына тарту және сақтау қабілетінің мөлшері гигроскопиялық ылғалдылық деп аталады. Оның көлемі топырақтың құрылымдық және химиялық құрамы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты. Соңғысы неғұрлым жоғары, ал топырақ майда болса, соғұрлым гигроскопиялық ылғалдылық та жоғары болады. Ылғал топырыққа сіңе отырып, ондағы саңылаулардың бәрін толтырады. Топырақтың бойына сіңіре алатын судың ең көп мөлшері-топырақтың толық ылғал сіңіргіштігін құрайды. өсімдіктер үшін ең қолайлы ылғалдылық топырақтың толық ылғал сіңіргіштігінің 60 % –не тең мөлшері болып табылады.
Топырақтағы су өзінің салмағы әсерінен төмен қарай жылжи бастайды. Су еркін ағып болғаннан кейін топырақ ұстап қалған ылғалдылықтың ең көп мөлшері топырақтың /сіңіргіштігі/ ылғалдылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш құрғақ топырақтың салмағына пайыз есебімен шаққанда: құмдақ топырақтар үшін - 12%, күлгін сазды топырақтар үшін -18%-ке, қара топырақтар үшін- 24% тең болады да оның одан әрі төмендеуі судың капиллярлар деп аталатын саңылауларға орналасуына әкеп соғады. Судың бұл түрі капиллярлық су деп аталып, өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етудің тұрақты көзі болып табылады.
Капиллярлық судың мөлшері азайып, ол топырақ бөлшектері немесе майда түйірлері арасында ғана сақталып қалса, өсімдік қурай бастайды. Демек, топырақтағы судың бәрі де өсімдіктерге жете бермейді. Егер топырақтағы су мөлшері егістік ылғалдылықтың (сіңіргіштіктің) 2/3 нәтижесінен азайса, өсімдік өсуін баяулата бастайды. Сондықтан егістік ылғалдылығын анықтау арқылы топырақтың сумен қанығу тәртібін реттеуге болады



2.5 – сурет. Өртенген жерде өскен өсімдіктерді гигроскопиялық


сумен суғару

Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжи отырып өсімдіктер бойына оңай сіңеді. равитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астына жерасты ыза суының қорына қосылады.


Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үшін пайдаға асады. Табиғаттағы олардың көлемі негізінен суық аймақтарда, Антарктида түгелдей, терістік мәңгі тоң тараған алқаптарда жыл бойы кездессе, кей аймақтарда тек жылдың қыс айларында, ал кейбір аймақтарда тіпті жылдың қыс айларында да болмайды. Себебі, әлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі.
Жерасты ыза суы топырақтың, ал көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әр түрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстінде жиналады. Жерасты ыза суы көбіне топырақ қабатынан көа тереңдікте жататындықтан топыраққа және өсетін өсімдіктерге еш әсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, әдетте, ТМД елдерінің батыс және теріскейде жатқан ылғал мол түсетін аудандарында, өзен бойлары мен сағаларында және суармалы егіс алқаптарында топырақ астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге, өсімдіктер өміріне өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда көбінесе шалғынды топырақтар кездеседі.
Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек. Бұл құрамында суға еріген әр түрлі заттары бар топырақ ерітінділері. өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы – оның құнарлығының негізгі шарттарының бірі. Академик Г.Н.Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келіп, оны адам қанымен салыстырған (Г.Н.Высоцкий, 1962).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет