1. Глоссарий Орман Пирологиясында



бет3/30
Дата20.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
îðìàí ïèðîëîãèÿñû

Өрт қадағалау мачтасы- бетонды іргетасқа шегенделіп, тіке тартылған жүйелермен ұсталатын бір бағаналы ағаштан немесе металдан тұрғызылатын (биіктігі 35 метр) ғимарат.

  • Өрт сөндіру-химия станциясы- орман өрттерін сөндіру үшін өртке қарсы техникамен, жабдықтармен, байланыс құралдарымен, көлік құралдарымен жарақтандырылған және арнайы даярланған қызметкерлері бар арнайы үй-жайларда орналасқан мемлекеттік орман иеленушінің мамандандырылған бөлімшесі.

  • Орман өртін табу- орман өртінің шығу фактісі мен орнын анықтау.

  • Орман өртінің картасы- әрбір орман орамындағы өрт қаупі деңгейін, басым ағаш тұқымдыларын, өрт сөндіру объектілерін көрсететін карта.

  • Орман өрт сөндіру станциясы- орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі.

  • Орман өртінің сұлбасы- от шарпып өткен орман алаңының сыртқы шекарасы.

  • Орман учаскелеріндегі өрт қаупінің класы- оларда өрт шығу және оның үдей түсу мүмкіндігіне орай орман учаскелерінің өрт қаупі деңгейін шамалап бағалау.


    1 дәріс. Тақырыбы. Орман өрті
    Кіріспе.
    Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып , қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.
    Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.
    Aбайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді.
    Орманда зиянды жәндіктердіңағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар(диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. 
    Адам шаруашылық құрғанда топырақтың механикалық құрамы өте мағналы болады. Одан судың топыраққа сіңуі, суды ұстауы, өсімдіктердің тамырларының дамуы және өңдеуші құралдарға топырақтың қарсы тұруы. Соңдықтан құмды және құмдау топырақтар өңдеуге жеңіл, саздақты және сазды – ауыр. Еңбек пен қаржы жұмсау әртүрлі болады. Топырақтың механикалық құрамы ағаштардың өсу құрамына әсер етеді. Құмды топырақта қарағай жиі өседі, ал құмдау топырақта шырша.
    Топырақтың тығыздалуы оның тығыздығын және қуыстылығын көрсетеді. Сондықтан өте тығыз (күрекпен өңделмейді), тығыз (күрекпен өңделеді), жұмсақ (күрек оңай кіреді, лақтырғанда шашылады), өте жұмсақ (топырақ төгіліп тұрады).




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет