2. Кесілген, өртенген жердің топырақ жамылғысы
Орманды - дала зонасындағы сұр және сілтісізденген қара топырақтары. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зоналардың арасында жіңішке болып ирелеңдеп, батыстан шығысқа қарай созылып, өтпелі зона - орманды-далалы, орманның сұр және шалғынды-даланың сілтісізденген қара топырақтары жатыр. Бұл негізінен ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетіп алқаптардың топырақтары. Жалпы орманды - дала зонасының көлемі 150 млн гектардай немесе ТМД елдерінін 6,8%-ін қамтиды.
Орманды территорияларда орманның сұр топырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ таралған. Ауа райы орманды зонадан жылылау, ал далалы зонадан салқындау. Зонаның батыс бөлігі жылырақ және жауын-шашын молырақ, ал шығысқа қарай күн суыта түсіп, ылғал мөлшері азаяды.
Емен өскен жердегі сұр топырақ мынадай болады:
А0 - орман төсеніші 2-4 см, қара қоныр түсті, топырақпен аралас
Л1 - қалыңдығы 20-25 см, түсі қара сұр, өсімдік тамырлары көп таралған
А2 - қалыңдығы 20 см-дей, сұр немесе қоңыр сұр түсті аздаған күлгін тартады
В - қоңырлау түсті, нығыздалған иллювиалды қабат, қалыңдығы 90-130 см-ге жетеді.
С- ақшыл қоныр, В горизонтынан (жиегінен) тілім-тілім болып кейбір жолақшалар түседі.
Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр топырағының құрамындағы қара шіріндінің мөлшері 2-6%, ал шалғынды қара топырақтарда қара шірік 10%.
Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның көп жерін орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей мен Украинаға тиесілі. Казакстаннын ен шеткі терістігіндс бұл зонаның бір азғантай бөлігі кездеседі.
Шалғынды даланың қара топырақтары. Полтава губерниясының егіншілеріне қара топырақ туралы дәріс оқыған В.В. Докучаев "Қара топырақ - Ресейдің негізгі байлығы, ол Ресей халқын өмір бойы асырап келеді және бұдан да былай асырай береді, қара топырақ - топырақ патшасы"- деген.
Қара топырақты зона орманды-даланың оңтүстігін қамтып, батыстағы Молдавиядан, Украина, Ресей мен Қазақстан арқылы Сібірге шейін созылып жатыр. Дегенмен Сібір жақта қара топырақты зона тұтасып біркелкі жатпай таулы алқаптар арасындағы жазықтарда ойдым-ойдым аралдар іспеттес орналасады.
Қара топырақты аймақ жазық келеді, оның ауа райы да жайлы. Бұл жерлердің жазы жылы, қысы суық. Түсетін ылғалдың мөлшері жылына 350-600 мм, жылдың барлық мерзімдерінде біркелкі түседі. Жалпы топырақтардын ылғалдану коэффициенті - 0,6-1,0, яғни ылғалдану мен жерден булану шамамен тепе-тең.
2.2 – сурет. Қара топырақ пен қызғылт-қоңыр (каштановые) топырақтың топырақ кескіні құрылымының схемасы
Қара топырақты аймақтың көлемі орманды далалы зонаның ішіндегі қара топырақтарды қосқанда 191 млн гектар немесе ТМД территориясының 9% жуық.
Қара топырақ негізгі үш қабаттан тұрады: А - қара шіріндісі мол қабат; В - өтпелі қабат; С - топырақтүзуші аналық жыныс.
А - қара шірінді қабаттың қалыңдығы 20-60 см жетеді, түсі қара немесс қара қоңыр, оңтүстік шеттерінде қоңыр түсті.
В - өтпелі қабаттың қалыңдығы 40-80 см-дей, түсі сұр-қоңыр, жоғары қара шірінді қабаттан тілдей болып созылып қара шірінділер мұнда да жылжиды.
С – топырақ түзуші аналық жыныс, әдетте лесс типтес, карбонатты, майда ұнтақ-талған, негізінен шанды жыныстардан тұрады.
Қара топырақтар қара шіріндіге бай. Оның мөлшері 4%-дан 10-12%-ға жетеді. Қара шіріндінің мөлшеріне қарай қара топырақтар үш зонашаға бөлінеді:
а) қара шіріндісі мол немесс терістік қара топырақ;
б) қара шіріндісі орташа немесе кәдімгі ара топырақ;
в) қара шіріндісі аз немесе оңтүстік қара топырағы.
Қара топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мол. Жауын-шашын көп жаумағандыктан және ауа-райының жылылығынан қоректік заттар жуылып-шайылмай топырақ қабаттарына, өсімдік тамырларына жақын жерлерге шоғырланады.
2.3 – сурет. Тыңайтылған жер
Қара топырақ химмялық құрамы жағынан да бай. Сондықтан құнарлылығымен көзге түседі. Бұл зонаның 70-75%-ға жуығы жыртылған жерлер. Мұнда ауыл шаруашылығының барлық дерлік дақылдары: бидай, картоп, жүгері. көкөністср, қант қызылшасы т.б. жақсы өседі.
Бұл топырақтар табиғи жағдайдын өзінде де жақсы өнім береді. Ал қосымша тыңайтқыштар енгізіп, қар тоқтатып, тағы басқа ылғалдандыру, мелиорация шараларын қолданғанда өнім мөлшерін одан да мол арттыруға болады.
Топыраққа және топырақ бетінің қабатына әсер етуі, яғни механикалық, химиялық және биологиялық мүмкіншілігі жаңа орман туғызады. Жер қыртысын сындыру, төсеніштерді топыраққа орналастыру, оның қопсытылуы және жыртуы орман жұмыстарында тұқымдардың жылдам өсуіне әкеледі. Топыраққа гербицид және арборицидтерді енгізу топырақ бетіндегі тіршіліктің өсуін тоқтатады және салған тұқымның көктеп өсуіне мүмкіншілік туғызады.
2.4 – сурет. Жер қыртысының жыртылуы
Шаруашылық үшін маңызы бар тұқымдардың жаңа өнімдерін сақтап қалу – шырша, майқарағай т.б. тұқымдарға жүргізіледі. Мал жаю кезінде топырақ қопсытылады. Бірақта тоқтаусыз мал жаюмен, шаруашылыққа маңызы бар түрлерді жойып жіберуге болады. Жаңа жыртылған топыраққа, сұлы, картоп отырғызу және сазды топырақты әктеу, топырақ құрылымын жақсартады және орманды қайта құруға жағдай туғызады. Кесу кезінде құмды және құмдауыт топырақты қопсытады және құмның өсуін жақсартады.
Орманды тұтастай кесу, яғни көбінесе Ресей ормандарында қолданады, оның жақсы және жаман жақтары болады. Мұның жақсы жағы көп түпті алу болып табылады. Орманды кесу қарапайым механизацияланған жұмыспен жүреді және орман учаскілерін кесуге бұру, біржасты ағаштарды қалыптастыру жарық сүйгіш ағаш түрлерінен бір жағдаймен т.б.
Шоғырланып кесуден кең, үлкендерін алады, 100 м дейін кеспе ағаштың жанасу уақыты 1...3 жыл. Сонымен қатар техникалық нәрселерді ағаш үйінділерінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен тамырдан кесу бағыттан ағашты араластыру немесе тасымалдау жұмыстарына дейін барлығы механикаландырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |