Орман Пирологиясында ҚОЛДАНАТЫН НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР:
Орман пирологисы-орман өрттерінің сыры ж/е олардың салдары, орман өрттеріне қарсы күрес туралы ж/е орман шаруашылығында отты пайдаланудың оңтайлы жақтары туралы ғылым.
Ормандарды өрт қаупіне қарсы орналастыру-орман өрттерінің алдын алуға, өрт қаупінің деңгейін төмендетуге, орманның өртке төзімділігін арттыруға, өрт ошағын жайылмаған бастапқы кезде іздеп табіға әрі оларды жоюға бағытталған техникалық ж/е орман өсірушілік іс-шаралардың жүйесі.
Өртке қарсы кедергілер- орман өрттерінің тарап кетуі мен өріс алуына кедергі келтіретін аумақ учаскелері.
Өртке қарсы тосқауыл-жоғары қабаттағы өртті тоқтатуға арналған ені 300 метрге дейінгі ормандағы құрастырмалы (күрделі) өртке қарсы кедергі.
Өрт жолындағы үзілім- ормандағы табиғи түрде ағаш өспейтін жерлер, су айдындары н/е өртке қарсы арнайы жасалған ені 10-20 метр болатын соқпақ түріндегі кедергілер, әдетте, солардың үстімен жол өтеді.
Орман өртінің алдын алу- орман өртінің шығуын ж/е таралуын болдырмауға бағытталған шаралар кешені.
Өрт сөндірудің амалы- орман өрті кезінде сөндіру күштері мен құралдарын бөлу ж/е өрт сөндіру кезінде оларды кезектілікпен пайдалану.
Орман өрттерін сөндіру- өрт сөндіру мынадац кезеңдерден тұрады: бөгеу (өрттің өріс алуына жол бермеу); жайылдырмау (от шарпымаған аумақты өрт шалған алқаптан бөліп тастау); сөндіру (өрті сөндірілген алаңдағы қоламта ошақтары жою); күзету (өрт қайта шығып кетпес үшін өренген жерлерді қадағалап оларда бықсыған от ұшқындарын қайтадан лапылдап кетпеуін зер салу).
Өртке байланысты орманды аудандастыру- орман қоры аумағын орман өртіне қатысты біртекткс аудандарға бөлу.
Қарсылай өрт салу жолағы- орман өрті жиектерінің шарпу бағыты бойынша одан әрі жануына кедергі жасау үшін қарсы өрт салынатын алқап.