Сағидоллақызы Лаура, 214 ом тақырып: Судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар Жағдаяттық есептер Ситуациялық есеп №1



Дата07.02.2022
өлшемі8,9 Kb.
#82281
түріҚұрамы
Байланысты:
Лаура Сагидоллакызы
Лаура Сағидоллақызы

Сағидоллақызы Лаура, 214 ОМ
Тақырып: Судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар
Жағдаяттық есептер
Ситуациялық есеп №1
Ауыз суға қойылатын талаптарды ескерсек, талдау нәтижесінен алынған нәтиженің көрсеткіштерінің кей бірі сай келмейді. Судың құрамындағы микроптар 1 мл-де норма бойынша 50-ден аспауы қажет. Ал талдау нәтижесінде олардың саны 400. Колиформфы бактериялар 3 рет зерттеу жүргізгендегі нәтижесі де нормаға сәйкес емес. Судың талдаудан алынған қасиеттері иісі-4, дәмі-3 нормаларға сәйкес келмейді және батпақ иісі шығады. Судың құрамындағы нитраттар мөлшері 40 мл, лайлануы 0,9 мг, түсі 25, сульфаттар, хлордың қалдық мөлшері фенолдың мөлшері, нитритті азот, аммоний азоты нормаға талапқа сай келеді.
Суды тұндыру және коагуляциялау нәтижесінің өзінде судың құрамында микроағзалар қалып қоюы мүмкін. Сондықтан да сүзу әдісін қолдануға болады. Біздегі судың иісі мен дәмі талапқа сай келмегендіктен суды дезодорациялау әдісі арқылы суға енген иіс пен дәмді кетіру үшін қолдану қажет болатын.
Ситуациялық есеп №2
Хлорды қолдану арқылы біз судың құрамындағы кездесетін, микробтарды, бактериоциттерді жоя аламыз. Өзен суларын залалсыздандыру үшін хлордың 1,5 – 3 мг/л3 мөлшері қолданылады. Бұл жерде оның мөлшері кішкене ауытқыған. Соның салдарынан қалдық хлор мөлшері 0,5-0,7 мг/л3 мөлшерде кішкене ауытқу байқалады. Суды хлорлау арқылы тазартудың тиімділігі өте жоғары, сенімді және сыналған әдіс болып табылады. Су қоймаларын залалсыздандыру үшін хлорлы әктің 1% ерітіндісі қолданылады. Оның мөлшері 20% аспауы тиіс. Хлордың бактериоциттерді жою қабілеті өте жоғары және тиімді.
Ситуациялық есеп № 3
Хлорлау кезінде хлор мөлшері көп қолданылған. Алынған талдауға сәйкес зертхана мәліметтері бойынша, судың түсі, лайлылығы, микробтар саны нормаға сай. Судағы хлор қалдықтарында ауытқулар бар. Хлор жеткілікті мөлшерде қолданылғанына қарамастан суда бактериялардың мөлшері нормаға сай емес хлор дозазы, нормаға сай емес таңдалған. Ол мөлшерден көп таңдалған, соның салдарынан қалдық хлор 0,5-0,7 мг\л3 мөлшерде.
Хлор жеткілікті мөлшерде қолданғанда бактериялар болмауы қажет болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет