1 глоссарий


,26,27-Сабақ. 10. Сан есім. Сан есімнің түрлері



бет30/30
Дата06.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#26885
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
25,26,27-Сабақ. 10. Сан есім. Сан есімнің түрлері.
Мәтін: Интернет – адамзат санасының жетістігі. Компьютер тарихы.


Сан есім
(Имя числительное)

Заттың санын, ретін, мөлшерін білдіретін сөз табын сан есім деп атайды.


Имя числительное обозначает количество, порядок предметов. Отвечает на вопросы қанша? неше? (сколько?) нешінші? (который?).
Сан есімнің мағыналық түрлері
(Разряды имен числительных)



Түрлері
(Типы)

Сұрақтары
(Вопросы)

Жасалу жолдары
(Способы образования)

Мысалдар
(Примеры)

1. Есептік

қанша? неше?




бір, екі, үш, торт, бес,

(Количест-

(сколько?)




он, жиырма, отыз, елу,

венные)







жүз, жүз мың, бес мың

2. Реттік

нешінші?

-ЫНШЫ, -ІНІІІІ,

бірінші, оныншы,

(Порядковые)

қаншасыншы?
(который?)

-ншы, -нші

жүзінші, мыңыншы

3. Жинақтық

нешеу?

-ау, -еу

біреу, екеу, үшеу,

(Собира-

(сколько?)




төртеу, бесеу, алтау,

тельные)







жетеу

4. Топтау

нешеден?

-дан, -ден,

бестен, оннан, жүзден,

(Раздели-

қаншадан?

-тан, -тен,

отыз бестен, екі-екіден,

тельные)

(по сколько?)

-нан, -нен

бір литрден

5. Болжалдық

қанша? неше?

-дай,-дей,

елудей, отыздай,

(Предполо-

қаншадай?

-тай, -тей,

жетпістей,

жительные)

нешеге жуық?

-даған,-деген,

ондаған, жүздеген,




(приблизи-

-таған,-теген

мындаған




тельно

-ер

бірер




сколько?)

-лап, -леп, -дап, -деп,

ондап, елулеп, жүздеп







-лар+септік жалғ.

ондарда, елулерде







есептік+есептік

екі-үш, елу-алпыс

6. Бөлшектік

қанша? неше?

есептік+шығыс сеп

оннан бір, бір бүтін

(Дробные)

(сколько?)

жарты, жарым,

бестен үш, мың жарым.







ширек

жүздің жартысы

Жаттығу жұмыстары:


1-тапсырма: Төмендегі сөздердің сындық мағыналарын анықтап, тиісті зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
Үлгі: Ұзын арқан. Ұсақ моншақ.
Ұзын. Қысқа. Аласа. Биік. Ақ. Қызыл. Көк. Сұр. Қатты. Жұмсақ. Сұлу. Лас. Таза. Нас. Ақ. Жаман. Үркек. Өткір. Білгір. Зе-рек. Алғыр. Елгезек. Қу. Сараң.


2-тапсырма: Мәтіннен есептік, реттік сан есімдерді тауып, олардың жазылу емлесін еске түсіріңіздер.


3-тапсырма: Төмендегі есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазып, емлесін есте сақтаңыздар.
10, 50, 17, 6, 8, 60, 70, 1970, 18, 29, 31, 100, 100 000.


4-тапсырма: Төмендегі мақалдарды оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жазыңыздар.
1. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. 2. ... сом ақшаң
болғанша, ... жолдасың болсын. 3. ... кісінің түсін білгенше, ...
кісінің атын біл. 4. ... саусақ бірдей емес. 5. Білекті ... жығады, білімді... жығады.


Керекті сөздер: тоқсан, бір, мың, бес, жүз, он.


5-тапсырма: Күрделі сан есімдер қалай жасалады? Мысал келтіріңіздер.
Су және өмір
Адам сусыз тұра алмайды. Адам денесінің 65% судан тұрады. Егер судың мөлшері 10-20 % кеміп қалса, адам өледі. Су адам организмінде тазартқыштық қызмет атқарады. Су денесіне керексіз заттарды жуып-шайып отырады.
Бір килограмм өсімдік, дән, жемісті өсіру үшін орта есеппен екі тонна су қажет болады. Адам тамақтану процесінде орта есеппен жылына үш жүз алпыс тонна су ішеді.
Атмосферада су өте көп. Жер бетінің шаршы километрі үстінде орта есеппен алғанда 20 мың тонна су "қалқып тұрады". Ол бу күйінде болады.
Дүние жүзінде көптеген қалаларда тұщы су жетіспейді. Әсіресе Токио, Париж, Нью-Йорк пен Филадельфия қалаларында су тапшы. Дүниежүзілік өзен суының ішінде төрт мың текше кило-метрден артығы біздің елдің үлесіне тиеді.Жалпыалғанда дүниежүзілік өзендердің суы шамамен 30 мың текше км тең деп есептеліп отыр.
28,29,30-Сабақ. 11. Есімдік. Етістік.
Мәтін: Туған-туыс атаулары. Туыстық-қарым қатынас.


Есімдік (Местоимение)

Заттың, құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды.


Местоимения — это слова, которые указывают на предметы и лица или их признаки, но не называют их.



Түрлері
(Типы)

Мысалдар
(Примеры)

I. Тұлғасына қарай
(По способу образования)

1. Негізгі
(Непроизводные)

мен, сен, не, кім

2. Туынды
(Производные)

біреу, мынау, қандай, барлық

ІІ. Құрамына қарай
(По составу)

1. Дара
(Простые)

ол, анау, сонау, қанша

2. Күрделі
(Сложные)

бірнеше, кейбіреу, ешкім, әрбір, бірде-бір, қай-қайсы, кімде-кім

ІІІ. Мағынасына қарай
(Позначению)

1. Жіктеу
(Личные)

мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, олар, сіздер

2. Сілтеу
(Указательные)

бұл, сол, ол, мына, мынау, осы, осынау, міне, әні, сона, сонау, әне, әнеки, ана>

3. Сұрау
(Вопросительные)

кім? не? неше? қай? қандай? қалай? қанша? қайсы? қайдан? қайда? нешеу?

4. Өздік
(Возвратные)

өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз

5. Белгісіздік
(Неопределенные)

а) бір, біреу, бірдеңе, бірнеше, біреу-
міреу, кейбір, кейбіреу, қайсыбір
ә) әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрдайым, әрқашан
б) әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әрне-
ше, әрқалай, әлдеқашан, алдақашан

6. Болымсыздық
(Отрицательные)

еш, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқайда, ештеме, дәнеме, ешқайсы, түк

7. Жалпылау
(Определительные)

бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, бар, бүткіл, түгел

1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, мақсаты қандай соны анықтаңыздар.


2. "Шөпшек", "абақты", "имандылық", "туажат", "ат тергеу
дәстүрі" сияқты сөздерді теріп жазып, түсіңдірме сөздікпен жұмыс жасаңыздар.
3. Қысқаша жоспар құрып, мәтіннің мазмұнын айтыңыздар.


Туыстық қарым-қатынас


Ата-бабаларымыз "адам адаммен бай", "кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар" деп адам арасындагы қарым-қатынасқа зор мән берген.
Үлкенді сыйлау, кішіге қамқоршы болу, тіпті бейтаныс жолаушыға қой сойып, дастарқан жаю, сот-абақтысыз-ақ ел арасындағы түрлі дау-жанжалдың әділетті шешімін табу және т.б. - бұның бәрі қазақтың қоғамдық қарым-қатынасының имандылыққа, жалпы адамгершілікке сүйенген негізін, бір тәртіпке бағынған жүйелілігін дәлелдейді.
Қоғамдық қарым-қатынастың бір бөлшегі - туыстық қарым-қатынас.
Қазақ халқында туыстық қарым-қатынас (еркек тарапынан) жеті атаға, яғни жеті ұрпаққа созылады. Жетінші ұрпақты қазақтар "немене", я "туажат'* деп атайды. Мұның өзіндік мәні бар. "Немене" деген атаудың өзі беймәлім, түсініксіз деп сұрақ қойып тұрған сияқты. Ал "шөпшек" шөбереден кейін. Шөпшек деп қазақтар ағаштың қурап сынып түскен жіңішке бұтақтарын айтады. Осығанқарағанда, жеті атаға толғанда сегізінші ұрпақтың туыстық мәні жойылып, туажат (бөтен) елге саналады да, қыз алысуға жол ашылады.
Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты" деген сөз туыстық карым-қатынастың бағытын, ор-нын көрсетеді.
Жігіттің екінші жұрты - шешесінің елі жағынан, яғни нағашы жұрты. Нағашы жұртына қатысты туыстық-атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат.
Қазақта қандас туыстық әке тарапынан ғана жүргізілгендіктен жиендерді бөтен ру деп есептеген. Соңдықтан да халық "Жиен ел болмас, желке ас балмас" деп, оның туыстық алшақтығын айтқан.
Жігіттің үшінші жұрты - әйелінің туыстары - қайын жұрты. Екі елдің арасында қыз беріп, қыз алысса құдандалық қарым- қатынас, күйеу мен қайын жұрт арасындағы қарым-қатынас пайда болады.
Құда болған ауылдың әйелінің барлығы құдағи; қыздарының барлығы құдаша деп аталуы - қазақ халқының ат тергеу дәстүрінің бір көрінісі.
Қайын жұрты "Пайғамбар да күйеуін сыйлапты" деп күйеуді әр уақытта сый тұтады. Алған әйеліне дұрыс қарап, жақсы адам-гершілік қасиетін білдірген күйеулер қайын жұртына сыйлы, ерке болады. Қайын жұрттың әр шаңырағы күйеудің сыбағасы деп әрдайым төс сақтайды.
Күйеуіне әйелінің әпкесі - қайын бике, сіңлісі - балдыз. Әй-елінің сіңлілері мен бауырларына оның күйеуі – жезде.
Жезде мен балдыз арасындағы қарым-қатынас қазақ ха-лқында ерекше сыйластықпен, ойын-күлкімен, әзіл-қалжыңдасумен
сипатталады.
Ағайыңды кісілердің әйелдері - абысын, ағасының әйелі -жеңге, інісініңәйелі - келін, апалы-сіңлілерінің күйеулері - бажа, олардың балалары - бөле, апаның күйеуі - жезде (баласы жиен), сіңлісінің (қарындасының) күйеуі - күйеу бала (баласы жиен).
Сонымен, қазақта туыстық және құдандалық салттарға бай-ланысты әр түрлі қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек сияқты шым-шытырық әрекеттер болады. Бұл жоралғылардың әрқайсысының өзіне ғана тән сан қилы бөлекше міндеттері мен жауапкершіліктері бар. Оларды әр уақытта білетін де, оны бұлжытпай жүргізуге тырысатын.


* * *
Інісі бардың, тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Жақынға өтірігіңді айтпа,
Шетке сырыңды айтпа.
Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса, ас көп.
Көсеуің ұзын балса, қолың күймес, Ағайының көп болса, ешкім тимес.
Ағайынның азары болса да безері болмайды.
Ауыл сыйласа, сен де сыйла,
Әкеңнен қалған құл емес.
Ауыл сыйламаса сен де сыйлама,
Ол патшаның ұлы емес.
Мәтін бойьшша тапсырмалар.
1-тапсырма: Мәтіннен синоним сөздер тауып, өз мысалда-рыңызбен толықтырыңыздар.
2-тапсырма: Сұлулыққа, туыстыққа, тұрмыс-салтқа байланысты 10 тұрақты тіркес жазып, мағынасын түсіндіріңіздер.
3-тапсырма: Төмендегі тұрақты тіркестердің беретін мағынасын анықтаңыздар.
Жүрек жұтқан
Ит өлген жер –
Аузына құм құйылу –
Кежегесі кейін тарту
Үріп ауызға салғандай –
Көзге түртсе көргісіз -
4-тапсырма: Мәтін соңындағы мақал-мәтелдерді оқи отырып, туыстық қарым-қатынасқа байланысты тағы да 5 мақал-мәтел ойлап жазыңыздар, мағынасын ойлап жазыңыздар.

5-тапсырма: Иман, сыбаға, жоралғы, жеті ата сөздерін қалай түсінесіздер. Осы сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.


1. Мәтінді мән бере, дауыстап оқып шығыңыздар.
2.Мәтінде берілген мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсіндіріңіздер.
3. Мәтін соңында берілген мақал-мәтелдерді оқып, жаттап алыңдар.


31,32,33-Сабақ. 12. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары.
Мәтін: Жақсы ат - ер серігі. Жылқы – малдың патшасы.


Етістік
(Глагол)


Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіріп, не істеді? не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.
Глагол обозначает действие предмета и отвечает на вопросы что делать? что сделать?



Түрлері (Типы)

Мысалдар (Примеры)

I. Тұлғасына қарай

1. Негізгі

оқы, жаз, бар, кел, бер

(По способу

(Непроизводные)




образования)







2. Туынды

тұзда, ойна, кешік,




(Производные)

тазар

П. Мағынасына

1. Негізгі




қарай
(По значению)

(Основные)

Ал, қал, көр, сөйле, әкел

2. Комекші

а) е, ет, де




(Вспомогательные)

э) бол, әкет, тұр, шық

III. Объектіге

1. Салт

бар, кел, отыр, жүр, тұр

қатынасына қарай
(По отношению

(Непереходные)










к объекту)

2. Сабақты
(Переходные)

жаз, ал, бер, айт, аш, жап

IV. Іс-әрекеттің

1. Болымды

бар, кел, окы. жаз

орындалуына қарай
(По отношению к результату

(Положительные)




2. Болымсыз

барма, барған жок,

действия)

(Отрицательные)

келген емес

V. Құрамьша

1. Дара (Простые)

жаз, окы, ойна. гүлде

қарай







(По составу)









Нақ осы шақ (Жай түрі)
Собственно-настоящее время (Простая форма)


Нақ осы шақ сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіреді.
Нақ осы шақтың жай түрі отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктеріне жіктік жалғауының тіркесуі арқылы жасалып, іс-әрекет, қимылдың тура сөйлеу кезеңінде болып жатқандығын білдіреді.
Болжалды келер шақ
(Будущее предположительное время)

Еолжалды келер шақ алдағы уақытта болатын іс-әрекеттің жүзеге асу. аспауын күдікті, болжалды түрде аңғартады.


Мақсатты келер шақ
(Будущее время цели)
Мақсатты келер шақ істелетін істі мақсат ете айтады, алда болатын қимыл-өрекетті ашық білдірмейді.
Ауыспалы келер шақ
(Переходное будущее время)


Ауыспалы келер шақ контекстегі сөздердің ыңғайына қарай бірде осы шақ, бірде келер шақ мағынасында ауысып жұмсалады.
Нақтылы өткен шақ
(Прошедшее категорическое время)
Нақтылы өткен шақ қимыл әрекеттің нақтылы болғанын білдіреді.


ШАРУАШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР
АТА КӘСІП


Ертеде ата-бабаларымыз амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ұғуға болады. Малдың күші, сүті, жүні, қылы, еті, терісі - халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй-жиһазы -өмірінің, тіршілігінің негізі. Мал өсіру, малшылық тіршіліктің (егіншіліқ, балықшылық сияқты) бір түрі. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн қиын.
Қазақтың көшпелі тұрмысындағы жылқының орны ерекше. Шексіз-шетсіз далада жаяу адам ұзаққа бара алмайды, шаруасын да мезгілінде бітіре алмайды, ал астында аты болса, қашқанда құтылып, қуса жетіп дегендей тіршілік ете алады. Сол себептен қазақтың «Жылқы - ердің қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын дұрыс көрсетеді.
Қазақтың өмірі қаншама ғасыр жаукершілікпен өтті. Солардың барысында халқымыздың басына сан рет өлім қауіпі төнген жерден, оны құрып кетуден жылқы аман алып қалған, ата-бабаларымыз, әже-аналарымыз сан рет төніп келген ажалдан атқа мініп қашып құтылған. Жаумен айқасып, жеңіп, қуғанда да атпен қуған. Қазақстан ұланбайтақ жерді азғана қазақ иемденуіне себеп болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші - жылқысы. Жылқысыз жаяу халықтың қолынан бұл келмес еді. Сондықтан қазақ жылқыны ер қанаты деп есептеп, жанындай жақсы көрді.
Жылқы туралы қазақтың мақал-мәтелі де көп: «Жылқының сүті шекер, еті бал», «Жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар», «Адам жылқы мінезді», «Атың барда жер таны, желіп жүріп, асың барда ел таны, беріп жүріп» басқа мал туралы мақал-мәтел мұншама көп емес. Көп мақалдарда жылқы мен адам қатар айтылады. Ал мақал өзінің тура мағынасынан ғана қолданылмай, көп жағдайда астарлы мағына берерін ескерсек, қазақтың жылқыны жақсы көретіндігінің шегі жоғы, осыдан-ақ байқалады.
Қазақтың көшпелі мал шаруашылығы түйесіз мүмкін емес, сондықтан қазақ үшін қымбат мал. Қазақ түйені киелі мал деп есептеген. Түйенің зор денесі, күші, жуас та жайлы мінезі, көнбістігі оған адам баласын ырза еткендей.
Түйенің тұқымы екеу: нар (жалғыз өркешті түйе) және айыр қос өркешті түйе. Бұлардың арасынан шыққан сан алуан будандар бар. Ғылымда нарды дромадер, айырды бактриан дейді.
Нар түйенің шыққан және көп тараған жері Батыс Азия мен Солтүстік Африка. Сондықтан нар суыққа төзімді бола бермейді.
Айыр түйенің шыққан және көп тараған жері Орта және Орталық Азия - Солтүстік және Батыс Қытай, Монғолия, Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінде өсіріледі. Қазақстанда көбінде айыр түйе және онымен нар түйенің арасынан шыққанбудандар болады. Таза қанды нар түйе көбінде Түркіменстанда кездеседі.
Көшпелі тұрмыста түйені құнанша кезінен үйретіп көші-қонға жеңіл жүк артып пайдалана бастайды. Түйенің жабдығы жылқыныкінен мүлде өзге-салт міну үшін емес, жүк арту үшін ыңғайланған.
Түйені ерттемейді - жазылайды. Жазының үстіне ұштары бір-біріне байланған жазы ағаш салынады. Осының үстіне барлық заттарды салады.
Түйе күтімді аса қажет ете қоймайды, сортаң шөп жеп, ол мол болса жемді қажет етпейді, суды да көп талғамайды. Аштыққа да шөлге де төзімді. Бір жеті, он күн нәр татпай ауыр жүк көтеріп, сусыз даламен жүруге шыдайды, бағуы да аса қиын емес. «Қазақ қартайса түйе бағады» деген мақал осыған дәлел.
«Ауырды нар көтереді, өлімді ер көтереді», «Қабырғалы қара нар қабырғасын сөксең бақ етпес», «Нар жолында жүк қалмас» деген мақалдар қазақтың түйеге деген зор ықыласын білдіреді.
Қазақ түйенің пірі - Ойсыл қарадан былай тілейді.


... «Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешін қом басқан,
Тілін тікен теспеген,
Алабота, теріскен, мұрыңдығы келіскен,
«Шөк!» - дегенде, «Бық?» - деген,
Шешіп үйін жүктеген,
Ойсыл қара баласы -
Түйе бассын үйіңді!
Кие бассын үйіңді!»


Мәтін бойынша тапсырмалар:


1-тапсырма: Мәтіннен жай шырай тұлғасында тұрған сөздерді табыңыздар.
2-тапсырма: -ды, -ді, -ты, -ті, -ғы, -гі, -дық, -дік, -сыз, -сіз жұрнақтары арқылы жасалған сын есімдерді көрсетіңіздер.
34,35,36-Сабақ. 13. Есімше. Көсемше. Етіс.
Мәтін: Ас – адамның арқауы. Тамақтану.
Етістік заттың қимылын, іс-әректін білдіріп, не істеді? не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.
Лексикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне орай етістік екі топқа бөлінеді: негізгі етістіктер және көмекші етістіктер. Негізгі лексикалық мағынасына ие болып, сөйлем ішінде белгілі бір мүше бола алатын жеке етістікті негізгі етістік дейді.
Мысалы: айт, қадірле, бағала.
Негізгі етістікке тіркесу арқылы толық мағына бере алатын, өзіндік лексикалық мағынасы жоқ етістікті көмекші етістікдейді. Көмекші етістіктерге е, де, ет етістіктері жатады.
Есімге де, етістікке де тән грамматикалық белгілерді қамтитын етістіктің категориясы есімше(причастие)деп аталады.
Жұрнақтары:
-қан,-кен,-ған,-ген: отырған, терген, сатқан, жеткен.
-шы,-ші: тасушы,-тиеуші
-ар,-ер,-р: алар, сезер, сөйлер.
-атын,- етін,-йтын: қарайтын, беретін, сермейтін.
Етістікке тән қимыл-әрекеттің себебін, белгісін, сын-сипатын көрсетіп тұратын категория көсемше(деепричастие)деп аталады.
Жұрнақтары:
-а,-е,-й: күле, жаза, сөйлей.
-п,-ып,-іп: алып, іліп, санап.
-қалы,-келі,-ғалы,-гелі: ұсынғалы, бергелі, жапқалы, кеткелі.


Етіс (Залог)
категориясы
Іс-әрекет, қимыл мен субьект және обьект арасындағы қатынастарды білдіретін етістіктің категориясы етіс деп аталады.
Етістің төрт түрі болады: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.

Етістіктің рай категориясы
Етістіктің іс-әрекетті орындаушымен, уақытпен байланысты жаққа, шаққа түрленуін етістіктің райы деп атайды. Рай төрт түрлі болады: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.


Етістіктің шақ категориясы
Іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды.
Етістікте үш шақ болады: өткен шақ, келер шақ,осы шақ.


ТАҒАМДАР ТУРАЛЫ
Ет пісіру. Етті пісіру, асу малдың түріне және оның кәрі, жасына байланысты. Кәрі малдың еті теі піспейді. Етті тезек немесе ағаш жағып пісірген жақсы, мұндайда ет бабымен піседі. Газға піскен ет дәмсіз және қатты болады.
Еттің қанды көбігін алғаннан кейін тұз салып, аударыстырып отырады. Ет пісіп жатқанда аршылған пияз, дала жуасын салып жіберсе, сорпасы тұщы, сүйкімді, дәмді болады. Ет әбден піскен соң астын басып, баяу қайнатады.
Етті кептіру мен сүрлеу. Жаз айларында ет бұзылып, иістеніп кетпеу үшін аздап тұз сеуіп, желдің өтіне сорғытады. Сонда оған шыбын қонбайды, көгермейді.
Сүрлеу көбінесе күздікте, қыстық соғымда болады. Қазы мен қартаны айналдырып, жал, жаяны осып тұздап, шошаланың ішіне көлденең ағашқа іліп, астына тобылғы немесе қайың ағашын жағып түтінге ыстап сүрлейді. Түтін сіңген ет үсімейді. Халқымызда «сүр сақтау» деген сөз бар. Ол-биылғы сүрді келер жылға дейін сақтау деген сөз.
Еттен жасалатын тағамдардың кейбіреуі мына төмендегідей.
Құйрық-баур. Жаңа құдалар шақырылғанда мал сойылысымен қазанға құйрық май мен бауырды салып пісіреді. Піскен соң екеуін де турап, араластырып, құдаларға сыйлы тағам ретінде береді. Құдалар ризалық танытып, құйрық-бауыр желінген соң табаққа ақша салу ырымы дәстүрге айналған. Құйрық-бауырдың сыйластық пен жақындықтың бастамасы сияқты да сипаты бар


СҮТ ТАҒАМДАРЫ ТУРАЛЫ
Айран. Айран қой мен ешкінің, кейде сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытылады. Піскен сүтті біраз салқындатады да, бұрынғы айраннан ұйықты құйып, араластырып, үстін қымтап жабады. Айран әбден ұйығаннан кейін бетін ашып, салқындатады. Жақсы ұйған айранға шанышқан қасық тік тұрады. Айран қалған сүт тағамдарын жасауға негіз болады.
Сүзбе. Ұйытылған айранды дорбаға құйып, биікке іліп суын сорғытады. Мұның тұздамаған және тұздаған түрлері болады. Тұздаған қатық көбірек сақталатындықтан, ұзақ сапарға шыққанда, жорықтарда жолазыққа әрі сусын, әрі тоқ ас ретінде пайдаланылады. Сүзбе көжеге, сорпаға қосып ішүге де жақсы.
Құрт. Қалған қатық, майын алған сүт, ашыған айран, шикі сүтті күбіге жинап, қазанның түбіне май жағып, қоюланғанша қайнатады.
Қоюланған құртты қапқа салып, тағы сорғытады. Содан кейін өреге сықпа, күлше, шығыршық, шақпақ формаларына келтіріп күнге жаяды. Кейді қатықты іркіт етпей сүзеді де, тұздап , домалақтап кептіреді.
Ірімшік. Бұл ақ ірімшік, сары ірімшік болып екіге бөлінеді. Қазанға құйылған сүтке айран құйып қайнатады. Ол іріген кезде ірімшігін сүзіп алады. Сары ірімшік жасау үшін оны одан ары сары болғанша қайната береді.
Ерлан, халқымызда бұлардан басқа уыз, мәндір, малта, ақлақ, ақ түшпара, жент, қорықтық, піспе т.б. сүт тағамдарының түрлері бар


37,38,39-Сабақ. 14. Үстеу. Шылау.
Мәтін: Қазақтың ақын жазушылары: Абай. Шоқан. Ыбырай.


Үстеу (Наречие)
Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретің лексика-грамматикалық топ үстеу деп аталады.
Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін лексика-грамматикалық топүстеу деп аталады.
Үстеу мағынасына қарай:
1. Мезгіл (Времени
2. Мекен (Места)
3. Мөлшер (Количества и меры)
4. Сын-бейне (Образа и способа; действия)
5. Күшейту (Усилительные)
6. Мақсат (Цели)
7. Себеп-салдар (Причины и следствия)
8. Топтау (Разделительное).
Шылау(Союзы)
Өзара тең тұрған сөздерді (бірыңғай мүшелерді), сөйлемдерді (салалас сөйлемдер) байланыстырып, солардың арасындағы грам-матикалық қатынасты білдіріп тұрған шылаулар жалғаулықтар деп аталады.
Шылаудың үш түрі бар:
Жалғаулық шылаулар (Союзы)
Септеулік шылаулар(Послелоги)
Демеулік шылаулар(Частицы)
Абылай хан
Абылайдың шын аты - Әбілмәнсұр. Ол 1711 жылы Түркістан қаласының сұлтаны әкесі Уәлидің үйінде дүниеге келді. Абылай әке-шешесінен жастай жетім қалып, Ұлы жүз Төле бидің қолында малшы болып, басына үлкен сеңсең бөрік киіп, үсті-басы жалба-жұлба, қалай болса солай жүреді. Осы түріне қарап, бұл баланың аты "Сабалақ" болсын дейді Төле Би. Осылайша Сабалақ болып атанған бала 15 жасында қазақтың жонғарларға қарсы соғысына қатысып, "Абылайлап" ұрандап үлкен ерлік көрсетіп, Абылай атанып кетті деседі аңыздарда. Одан кейін орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы бірнеше күрестер ұйымдастырған. 1771 жылы Әбілмәмбет дүние салғаннан кейін Абылай Орта жүздің ханы болып сайланып, 48 жыл хандық құрды.
Абылай хан халқымыздың тарихында шебер ұйымдастырушы, батыл қолбасшы, іскер дипломат, әрі тілге шешен, алғыр, амал-ойласы мол адам ретінде қалды. 1741 жылдың басында қапыда жоңғарлардың қолына түсіп, олардың ханы Галдан-Цереннің сарайында болып, оның тікелей бақылауында болса да, мойымай, екі жылда ойрат тілін, жазуын үйреніп алады. Олардың мықты жағы мен осал жағын зерттейді. Абылай хан Ресей патшасы, Қытай империясы, Жонғар, Бұхар, Хиуа хандарымен қарым-қатынасты жақсартты. XVIII ғасырда елімізге көзін алартып, жаулап алуды көздеп отырған жонғар хандығына қарсы үш жүздің басын қосып біріктірген де Абылай болды.
1756-1758 жылдары Маньчжур-Қытай империясы 90 мың әскермен Жонғар хандығын біржолата күйретіп, елін жаулап, халқын қырып салуларын Абылай шебер пайдалынды. Абылай хан шығысында Қытаймен, іргесіндегі Ресеймен екі жақты дипломатиялық қарым-қатынас жасап, қай жағынан қысым көре бастаса екінші жағында арқа сүйеп отырады. Ресей мемлекетіне қосылуға 1740, 1772 жылдары уәде берумен ғана шектелді.
Абылай Қазақ мемлекетін жергілікті сұлтандар, тікелей ақылшысы болған Бұқар жырау сияқты ақылды адамдардың көмегімен басқарды. Ол шаруашылық пен сауданы дамытып, көршілес халықтармен мәдени байланысты нығайтты. Оған дәлел - Шынғыс тауының бөктерінен басталып, Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа қарай созылып жатқан "Хан жолы" ("Шаңды жол").
Абылай хан 1781 жылыжетпісжасындадүниесалды. ОныңсүйегіҚожаАхметИассауисағанасынажерленді.
Ауызәдебиетітуралы.
Қазақтың көркем әдебиеті ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Ауыз әдебиетінің (фольклордың) өзін екіге бөліп қарайды: бірі – авторлары мүлде белгісіз шығармалар, екіншісі – авторлары шамамен белгілілері. Біріншісіне мақал, мәтел, тақпақ, жұмбақ, ертегі және тұрмыс-салтымызға байланысты (қыз ұзату, шаруашылықтың түрлі саласына қатысты), кейбір көне айтыстар сияқты ұсақ жанырлар жатады. Екіншісіне «Батырлар жыры», «Ғашықтық жырлар» сияқты күрделі шығармалар жатады.
Батырлар жыры – көп халықта бар эпос жанры. Мысалы, көне гректің ақыны Гомердің «Илиада» мен «Одиссеясы», грузинның ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр», қырғыздардың «Манас» жыры т.б. бұлардың көлемі 20 мыңнан 100 мың жолға дейін жетеді.
Қазақ эпостарының көлемі бұлардай үлкен емес, көбі бір мың жолдан аспайды. Мұнда қара сөз (проза) шағын мөлшерде ғана қатысып, басынан аяғына дейін өлеңмен айтылып, көлемі шағын болып келеді. Қазақ эпостарында табиғаттан тыс мифология жоққа тән. «Батырлар жыры» болсын, «Ғашықтық жырлар» болсын, түгелімен дерлік – драма. Сондықтан болу керек, бұл эпостардың көпшілігі сахнада еркін қойылып жүр. Халқымыздың дүние жүзіне әйгілі батырлар жырына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қамбар», «Едіге», «Шора», «Баян» т.б. жырлар жатады.
Бұл жырлардың қайсысында болмасын негізінен үш кейіпкер болады. Олар: батырдың өзі, оның сүйген жары және сенімді сәйгүлік тұлпары. Мысалы, «Қобыландыда» - Құртқа, «Алпамыста» - Гүлбаршын, «Қамбарда» - Назым т.б. Аттың жақсысы: «Қобыландыда» - Тайбурыл, «Алпамыста» - Байшұбар, «Едігеде» - Бозтарлан т.б. Театры, киносы жоқ ескі ауылда бұларды жатқа орындайтын шеберлер – жыршылар болған.
Ғашықтық жырларды – лиро-эпостық жырлар деп атайды. Оларға «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан» жырлары жатады. Бұлардың бәрінде де екі жастың сүйспеншілігі баяндалады.
Қазақ көркем әдебиетіне эпикалық жанр ретінде араб, иран, шағатай елдерінен келген қиссалар енген. «Қисса» арабша «баяндау» дегенді білдіреді. Қиссаларда өлең мен қара сөз (проза) араласып келеді.
Қазақ қиссаларында сипатталатын ғашықтар: «Жүсіп пен Зылиқа», «Бәдігүл Жамал мен Сейфілмәлік», «Әміре мен Зияда», «Ләйлі мен Мәжнүн» сюжеттері арабтардан ауысқан да, «Фархат пен Шырын», «Таһир мен Зуһра», «Бозжігіт пен Сақыпжамал» - Орта Азияның өзінде туған кейіпкерлер.
«Батырлар жыры», «Ғашықтық жырлар» және «Қиссалардан» кейін көлемі жағынан көбі әрі әлеуметтік шындықты ашуы жағынан көрнектісі – айтыс жанры. Ақындар айтысы жүйрік аттардың бәйгесімен бірдей болған. Айтыста жеңген ақын рудың намысын қорғағаны үшін сыйлық алған. Ертеде өткен ақындар айтысының дүлдүлі Біржан – Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Көкбай мен Әріпті, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлмамбетті т.б. арада ғасырлар өтсе де, халқымыз есінде сақтап келеді. Айтыстың көне түріне «Жар-жар» («Ау-жар»), «Бәдік» айтыстары жатады. Бұлардың авторлары белгісіз. Айтыстың «Жұмбақ айтысы», «Діни айтыс» дейтін түрлері де бар.


40,41,42-Сабақ. 15. Одағай.
Мәтін: Кино және театр өнері.


Одағай
(Междометие)
Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын көңіл-күй, сезім арқы-лы бідціретін сөздер одағай деп аталады.
Одағайдың атап көрсету қызметі жоқ. Оған арнайы грамматика-лык категория тән емес. Көмекші сөздердегі грамматикалық мағына үстеу қызметі де одағайда кездеспейді.
Қазақстан Республикасының халық әртісі
Роза Рымбаева
Роза Рымбаева 1957 жылы бұрынғы Семей облысындағы Жарма ауданының Жаңғызтөбе станциясында туған.
1974 жылы Роза Рымбаева театр-көркемсурет институтының комедиялық музыка-драма факультетін бітірді. Роза "Гүлдер" эстра-далық ансамблінің, "Арай" эстрадалық ансамблінің солисі. Қазіргі заман композиторларының шығармаларымен қатар, қазақ халқының әндерін өзіндік үн-бояуымен нақышына келтіре орындайтын әнші. Өнердегі еңбегі бағаланып, 1975 жылы ҚазССР-іне еңбек сіңіргенәртіс деген атақ берілді
Еркеғали Рахмадиев
1932 жылы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданының "Мәдениет" совхозында туған. 1957 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын композиция класы бойынша бітірген. Еркеғали Рахмадиев есімі халқымызға "Қамар-Сұлу", "Алпамыс" опералары, "Дайрабай", "Құдаша-думан" симфониялық күйлері т.б. поэма, кантаталарымен сондай-ақ, әндерімен де танымал.
Төлеген Мұхамеджанов
1948 жылы бұрынғы Семей облысы, Бесқарағай ауданының Беген селосында туған. 1972 жылы Семей педагогикалық институ-тының тарих факультетін, 1980 жылы Алматы консерваториясының композиция класын бітірген. Композитор шығармашылығы түрлі музыкалық жанрларды қамтыған. Өзінің сазды да сырлы өнерімен бірге оның "Алдар көсе" операсы, "Махамбет" симфониялық поэмасы және т.б. шығармалары бар.
Бекен Жамақаев
Бекен Жамақаев бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Саржал селосында туған. Педагогикалық училищені бітірген. 1948 жылдан бастап, облыстык Ертіс газетіңде редактор, облыстық радио комитетінің директоры болып қызмет істеген. Бекен Жамақаев "Ма-хаббат вальсі", "Сен ғана", "Ертіс вальсі" сынды халқымызға кеңінен таныс әндердің авторы.


Мейрамбек Жанболатов
1938 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында туған. ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған.
1962 жылдан бастап партиялық қызметте істеді. Бүгінгі таңда Абай аудандық "Совхоз туы" газетінің қызметкері. Ол "Жүрек бір, тілек бір", "Кең дала", "Сағындым Сарыарқамды" және т.б. әндердің авторы.
43,44,45-Сабақ. 16. Еліктеуіш сөз.
Мәтін: Бүгінгі газет жаңалықтары. Газет жаңалықтарына шолу.
Аралық бақылау жұмысы
Еліктеу сөздер
(Подражательные слова)


Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе қүбылыстар мен қимыл-қозғалыс-тарды бейнелеуді білдіретін сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
Еліктеу сөздер мағыналық жағынан еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді. Жанды, жансыз заттар шығар-ған түрлі дыбыстарды беру үшін қолданылатын сөздер дыбыстық еліктеуіш сөздер деп аталады: тарс-турс, ырр, саңқ, қарқ, сарт-сурт, салдыр-кулдір, қарш-қүрш.
Заттардың, қүбылыстар мен қимыл-қозғалыстардың түрлі сын-си-паты, әрекеттері көру қабілеті арқылы қабылданып айтылатын сөздер бейнелеуіш создер деп аталады: жалт, қалт, селк, зып, бүлк, маң-маң, қдлт-қүлт, желп-желп.

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

  2. Мәтінді азат жол бойынша бөліп, жоспар құрыңыз.

  1. "Табиғат және біз", "Табиғатты аялау" тақырыптарына диалог құрыңыз.



Табиғатты қорғау
Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы, оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері дүниежүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді химиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және та-биғат байлықтарын ұқыпты пайдалану, ауаның, судың және топы- рақтың тазалығын сақтау өзекті мөселелердің бірі болып саналады. Бұл адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты. Сон-дықтан да табиғатты қорғау адамды қорғау деген ұғыммен тікелей үндесіп жатады.
1991 жылы Қазақстан Республикасының "Табиғи ортаны қорғау туралы" заңы, ал 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің иАрал өңірі халқының тіршілік жағдайларын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" арнайы қаулысы қабылданды.
Мұның бәрі де республикамызда табиғатты қорғау мәселесіне мемлекет тарапынан үнемі назар аударылып тұрғанына толық дәлел бола алады.
Ірі кәсіпорындарда қалдықсыз әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
Өндіріс орындарында табиғатты ластауға жол бермейтін құрылыс материалдарын ойлап шығару, оларды пайдаланудың мер-зімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол.
Қазақстандық өнертапқыш Ғ.Наурызалин ауа, су өткізбейтін құрылыс материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын "Бетон-20"-дан жүз мың есе сапалы болып шықты.
Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ақындардың көп жырлаған тақырыптарының бірі - адам мен табиғат бірлігі.
Қазақ халқының ұлы кемеңгері Абай Құнанбаев та өз шығармаларында төрт түлікті шаруашылықты, аңшылық-саяткерлік өмірді табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған.
Адам өзінің іс-әрекеті арқылы табиғатта ұзақ уақыттар ара-лығында бір-біріне байланысты үйлесімді жүріп отыратын заңдылықтарға әсер етіп, кейде олардың бұзылуына жағдай жасайды. Ормандардың бей берекет қырқылуы, жерді қалай болса солай пай-далану, қырғын соғыс зардаптары, табиғатты талан-таражға салуы соған мысал бола алады.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апаттыаймақ деп аталады. Соның бірі Семей полигоны больш та-былады. Бұл 18 мың км аймақты алып жатыр.
1949 жылдан 1989 жыл аралығыңда бұл жерде 467 ядролық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын әрекеттерден Семей аймағының табиғаты мен халқы өте ауыр зардап шекті. Халқының тағдыры толғандырған азаматымыз Олжас Сүлейменов Семей полигонына қарсы және халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс ұйымдастырып, Семей полигонының жабылуына өз үлесін қосты. Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесіңде су айдындары бейберекет пайдаланудан және түрлі минералды тыңайтқыштарды, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы пайдаланған пестицидтер мен гербицидтерді қолданудан да су қорлары ластанып тартылады. Оны Арал теңізінің тартылуы жайынан, Балқаш көлінің суының азаюынан көруге болады.
3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
3.1 Дыбыс жүйесі.
3.2 Буын түрлері.
3.3 Ерін үндестігі
3.4 Тіл туралы заң. Халықаралық тіл, ұлттық тіл ұғымдары туралы
3.5 Киіз үй тарихы
3.6 Семей өңірінен шыққан өнер адамдары
3.7 Ұлттық музыка аспаптары
3.8 Антоним, синононим, фразеологизмдер
3.9 Амандасу салтының өзге халықтардағы көрінісі
3.10 Ұлттық отбасы тәрбиесі


4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

4.1 Негізгі әдебиеттер


4.1.1. З.Күзекова, Г. Қарақұсова Жоғарғы оқу орындарының эканомика факультеттеріне арналған. А.1997,1999.
4.1.2. Ш.Б Сейтова. Ана тілің –асыл қазынаң. Семей 2001.
4.1.3. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
4.1.4. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
4.1.5. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
4.1.6. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА
4.1.7. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.
4.1.8. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.
4.1.9. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.
4.1.10. Г.Қ Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш А-2000
4.1.11. З.Күзекова . Практикалық курс. Қазақ тілі –Алматы: 2002
4.1.12. Ш.Бектұров. Серғалиев М. Қазақ тілі А-1994
4.1.13. Жас техниктің энциклопедиялық сөздігі. Москва.1980.
4.1.14. Р. Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы Астана, Елорда 2000.

4.2. Қосымша әдебиеттер


4.2.1. Жас толқын электронды оқулығы
4.2.2. Руханият электронды оқулығы
4.2.3. Зерде электронды оқулығы
4.2.4. Елтаным электронды оқулығы
4.2.5. Мәнерлеп оқу электронды оқулығы
4.2.6. Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы
4.2.7. Ыбырай Алтынсарин электронды оқулығы
4.2.8. Қазақ тілі электронды оқулығы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет