Мәтін: Қансонарда бүркітші шығады аңға. Саятшылық құру.
Аралық бақылау жұмысы
Сөздің негізгі мағынасын білдіретін бөлшегін түбір дейміз. Түбір сөздің құрамы әртүрлі болады.
Қазақ тіліндегі сөздердің түбір тұлғасы 5 түрге бөлінеді:
1. Негізгі түбір
2. Туынды түбір
3. Біріккен түбір
4. Қосарлы сөз
5. Қысқарған түбір
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
Құсбегі
Құсбегі – бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды аңға, адал құстарға салу үшін үйрететін бапкер адам. Ол қыран құстарды тор құрып ұстап алады, немесе балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Одан кейін құсты ұшырып, қайыруы (үйретуі) жеткен соң, семіртіп түлетеді. Жеңіл ұшып жеңіл қонатын күйге келтіру үшін оны «ақ жеммен» асырап, бос керілген арқанға қонақтатып ұйқысын алып, қайта арытады.
Құсбегілердің аса жоғары бағалайтын құсы – бүркіт. Аққу мен бүркіт қасиетті, киелі құстар болып есептеледі. Бұл екеуі екі жұмыртқадан артық жұмыртқаламайды.
Бүркіт ұясын ең биік ағаштың басына, не тау шыңдарының ең биік құз жартасына, жел мен аяздың нағыз суық өтіне салады. Онысы – бүркіт өз ұрпағын жұмыртқа кезінен балапан болып, одан ұядан ұшып шыққанға дейін табиғаттың қатал ортасында шынықтырып шығару.
Құсбегілер бүркіт балапанын алу үшін неше түрліқиындықты бастан кешіреді. Олар үшін әсіресе тау бүркіті бағалырақ. Өйткені олар алғыр, өжет, қырағы болады. Қоян, борсық, түлкі, қарсақ сияқты ұсақ аңдарды оңай, тез алады. Ең алғыр, өжет, қырағы тау бүркіттері «таудың ақ иығы» деп аталады. Бұлар қасқыр, аю, бұғы сияқты ірі аңдарды да алады дейді. Құсбегілердің айтуынша, бүркіт ірі аңдарға түсіп, тоқтатуға шамасы келмей бара жатса, бір аяғын аңға, екінші аяғын кез келген затқа не ағашқа қадайды екен. Мұндай жағдайда күшті аңдар бүркіттің денесін екіге бөліп әкететін жағдай да болатын көрінеді.
Бүркіт те өзге құстардай жыл сайын ескі жүнін тастап түлейді. Осы кезде құсбегілер «ақ жем» беріп арықтатып, олардың тез түлеуіне көмектеседі.
Құсбегі бүркітке жаңа ғана алған аңның жүрегін жұтқызады. Оны «тоят» дейді. Кейде бүркіт иесі жеткенше алған аңын жүн-мүнімен жұтып жиберіп, «қоя» деген ентікпе ауруына ұшырайды екен. Сондықтан құсбегілер жүйрік атпен бүркіттің артынан іле-шала жетуі керек екенін айтады.
Орта Азияда бүркіт ұстайтын құсбегілер қазақ пен қырғызда ғана көрінеді. Өзге халықтардың ұстайтындары – тұйғын, лашын, қаршыға, ителгі, тұрымтай, қырғи, жағалтай сияқты майда құстар.
Достарыңызбен бөлісу: |