1. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы: Индустрияландыру барысы және оның отаршылдық мазмұнына қазақ қайраткерлерінің қарсылығы


ХХ ғ. 20-30 жж. сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы мен ауыр зардаптары



бет3/5
Дата26.12.2021
өлшемі40,2 Kb.
#105944
1   2   3   4   5
Байланысты:
Насибуллина Дильназ Практикалық сабақ 4

3. ХХ ғ. 20-30 жж. сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы мен ауыр зардаптары.

Сталиндік қуғын-сүргін саясатына байланысты Қазақстан жазалау лагерьлерінің аймағына айналды. Қазақ жерінде Дальний, Степной, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл лагерьлері, Кеңгір, Өскемен арнайы лагерьлері ашылды. Бұл лагерьлер ішіндегі ең ipілеpi - Карлаг (ерекше тәртіптегі Қарағанды лarepi), «Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагepi («АЛЖИР») болды. 1937 жылдың күзінде Қазақ өлкесіне Қиыр Шығыстан «жапон тыңшылары» деген заңсыз айып тағылып, 100 мың корей күштеп қоныс аударылды. Сол жылдың күзінде КСРО-ның кавказдық шекарасы бойынан «шекаралық аймақты тазалау мақсатында» мыңдаған курдтар, түріктер, әзірбайжандар, ирандықтар Қазақ жеріне күшпен көшіріліп әкелінді. 1920 жылдардың соңында КСРО-да тоталитарлық жүйенің негізі толығымен орнады. Бұл 1929 жылғы 6 қарашадағы КСРО-ның БОАК мен ХКК шешімен қayiптi қылмыскерлерді коғамнан аластату мен күшпен еңбек еткізу және алыс әрi игерілyi қиын аудандардағы табиғи ресурстарды игеру үшін КСРО-ның шеткі аймақтарында - солтүстік аудандарда, Оралда, Қиыр Шығыста, Орта Азияда еңбекпен түзеу лагерьлерін құруынан көріндi. Бұл жерде БМСБ мен соттың ерекше қаулысы негізінде 3 жылдан 10 жылға дейін сотталғандардың еңбегін пайдалану туралы шешім қабылданды. Ол кезде еңбек лагерьлерінің және Еңбек қоныстарының бас басқармасы - ГУЛАГ құрылған болатын. 1940 жылы ГУЛАГ жүйесінде 53 лагерь болды, ал 1954 жылы олардың саны 64-ке жетті. 1930 жылы лагерьлерде 179 мың адам тұтқында болса, 1940 жылы 1344408 адам, ал 1953 жылы олардың саны 1727970 адамға жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет