1. Грам оң кокктар Стафилакокктар: S. aureus таза дақылының жағындысы,Грам бойынша бояу,қанды агар Морфологиялық қасиеті


Егер микроб гемолизді тудырмаса, онда ол гамма гемолизін



бет4/20
Дата20.11.2023
өлшемі83,31 Kb.
#192155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1. Грам оң кокктар Стафилакокктар S. aureus таза дақылының жағы-emirsaba.org

3.
Егер микроб гемолизді тудырмаса, онда ол гамма гемолизін көрсетеді ол көзге көрінбейтін
гемолиз деп те аталады.Бұл кезде колонияның астындағы және айналасындағы агар өзгермейді.
Enterococcus faecalis ,D тобындағы стрептококк деп аталатын жара гамма гемолизін көрсетеді.
3.Гисс ортасы 
Ішінде шыны палочка бар Гис орта,ал жоғы эндо

1)Гисс ортасы – аэробты микробтардың таза дақылын бөліп алуда олардың ферменттік,яғни
сахаролитикалық қабілетін бағалау үшін қолданылатын қоректік орта.Гистің шұбар қатарын
аэробты организмдердің таза дақылын бөліп алудың 4-күні қолданады.Оның құрамына 1%
пептонды су мен 0.5% көмірсу ерітіндісінен тұрады.Гис ортасы моно және дисахаридтерден
тұрады:глюкоза,лактоза, сахароза,мальтоза дәне 6 атомды спирт маннит.Гис ортасының
индикаторы Андреде реактиві.Гис ортасы рН 7.2-7.4 ортада түссізденеді,егер көмірсу мөлшері
артып кететін болса қызыл түске айналады.Гис ортасына таза дақылды ілмекпен сеуіп 37-С 24
сағатқа инкубациялайды.Оның құрамындағы дақыл көмірсуды ферменттеу ерекшеліктеріне
байланысты:
1.Көмірсуды мүлде ферменттемейтін
2.Қышқыл түзе отырып ферменттейтін
3.Газ бен қышқыл түзе отырып ферменттейтін болуы мүмкін.
Әртүрлі көмірсуларды ыдырату қаблеті түрлі көмірсулар мен Андреде реактиві қосылған Гис
ортасына себінді жасаған кезде байқалады.Пробиркаларға қалтқы салынады,яғни бір ұшы бітеу
шыны қылқымалы түтікше.Бұл ферментация жүрген кезде газ түзілгенін білу үшін керек. Егер
бактерия көмірсуды қышқыл түзе отырып ферменттеген болса көк түске боялады,егер газ бен
қышқылға дейін ыдырата отырып ферменттесе ортаның түсі өзгере отырып көпіршіктер пайда
болады.Сонымен қатар қалтқының жоғарғы бөлігіне ауа жиналады.Ферменттеу процесі болмаса
ортаның түсі өзгеріссіз қалады.Алайда бактериялар барлық көмірсуларды толық ферменттемейді,
ерекшеліктеріне қарай олар Гис ортасына кіретін 5 көмірсудың өзіне сай келетін түрін ғана
ферменттей алады,сол үшін орта шынында да шұбар секілді көрінеді.
2)Эндо дифференциалды-диагностикалық ортасы бактериялармен лактозаның ыдырауын
анықтауға мүмкіндік береді.Егер микроорганим лактозаны ыдырататын болса қою қызыл түсті
колониялар пайда болады,егер ыдыратпаған жағдайда колония түссіз қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет