1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Қазақстанның экологиялық проблемасы



бет28/65
Дата26.12.2023
өлшемі384,23 Kb.
#199317
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
Байланысты:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы-emirsaba.org

43. Қазақстанның экологиялық проблемасы

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі,озон қабатының бұзылуы,биоәртүрліліктің азаюы,шөлейттекну және жердің құлдырауы жатады.

Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар:Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар;тарихи ластану;трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады.

Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын,радиоактивті,тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары,табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жатқызуға болады.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы. Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор.Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен роөлі бар.
Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды.Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады.Табиғи қорларын игеруде де ,бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынандай проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан,негізгі әрекет етуші Капустин Яр,Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,балықтардың қырылуы,уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән итбалықтың мезгіл- мезгіл қырылуы.
Аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).


Аралдың экологиялық проблемасы.Бұл проблеманың тууына себепші болған – адам әрекеті.Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей,түгелдей дерлік егістіктерді суландыруға пайдаланып келеді.Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты.
Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс – шаралар қаралып,жоьалар жасалды.Кіші аралдың оңтүстігінде ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салында.Соның салдарынан Кіші Аралдың деңгейі 42 м- ге ,аумағы 800 км 2-ге ұлғайды.Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып,көлге тіршіліктіңң нышаны енді.Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына дәлелдеген еді.Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып,үй салып,балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет