1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


жылға дейінгі білім дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар



бет47/65
Дата26.12.2023
өлшемі384,23 Kb.
#199317
түріҚұрамы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65
Байланысты:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы-emirsaba.org

68.2020 жылға дейінгі білім дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар.
2010 жылы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» аясында қазақстандық білім берудің бəсекеге қабылеттілігін арттыру жəне адами капиталды дамытуда қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. 2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда «Интеллектуалды ұлт – 2020»мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.


69.Президенттің «Интелектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда «Интеллектуалды ұлт – 2020»
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мына негізгі үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс болды.
Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады.
Екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс, яғни ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.
Үшінші басым бағыты - жастарды рухани құндылықтар негізінде тəрбиелеу ісіне ерекше мəн беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, жас буынның рухани тəрбиесіне, ұлттық-мəдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек.


70.Қазақстандағы миграциялық,демографиялық үдерістері(1991-2019)
емографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді.
1990- шы жылдардан бастап халықтың республикадан кетуінің жалпы
динамикасы белгіленді, оның шыңы 1994 жылға келді. Сонан соң көші-қон
ағыны төмендеуінің даму бағыты белгіленді. Алайда ол осы күнге дейін
жылына кем дегенде 200-300 мың адамды құрайды. Қазақстандағы 1993-1997
жылдардағы көші-қон процестеріне бес миллионға жуық адам тартылды – үш
миллионнан артық кеткендер (63,5 пайыз) және 1,5 миллионнан артық
келгендер. Қазақстан көші-қон ағынының салдарынан бір жарым миллион
адамнан артық халықты жоғалтты. Бірақ көші-қон сальдосы жыл сайын
қысқарып келеді. Оның үстіне реэмигранттар саны мүлтіксіз артып келеді.
Қазіргі уақытта республикаға 17 154 орыс, 1 410 неміс, 2 349 украин ұлтының
азаматтары қайтып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет