Тақырыбы: Менің елімнің тарихы
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.
- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің елімнің тарихы» деп аталады.
ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
Еліміздің бас қаласы
ҚР президенті
ҚР туының авторы
ҚР елтаңбасының авторлары
Әнұранымыздың авторлары
Еліміздің көрікті жерлері
Отан туралы өлең
Отан туралы ән шырқа
Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
1 - оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
өз қолыңмен аш маған.
6 - оқушы: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
7 - оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар
8 - оқушы: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
Отан от басынан басталады.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
Отан оттан да ыстық.
Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Осындай қарыштап дамып келе жатқан Мемлекетімізді көркейту үшін “біз кімбіз” және қандай үлес қосамыз ?
-Тәртібімізбен, сапалы білімімізбен үлес қосамыз.
-Озық технологиялармен жабдықталған мектепке қол жеткізген ұрпақтармыз.
-Интернет жүйесіне қосылуға мүмкіндік алған , білімге құштар оқушылармыз.
-Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор оқушымыз
-Үш тілді жетік меңгеретін ұрпақтармыз
-Біз спортты сүйетін, салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау оқушылармыз.
-Біз Тәуелсіздік тірегіміз.
Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар:
МАТЫАЛ (Алматы);
АНАТСА (Астана);
ЫДНАҒАРАҚ (Қарағанды);
ЕКТНМЫШ (Шымкент);
НЕСӨМЕК (Өскемен);
ШАЛҚАБ (Балқаш).
«Салт – дәстүр» бекеті
1. Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай діни мерекелерді білесіңдер? (Ораза айт, Құрбан айт);
2.Қазақ халқының жаңа жылы, мерекесі (Наурыз);
3. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер? (Бесбармақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, сүзбе, бауырсақ, қуырдақ).
4. Қазақ халқының қандай салт – дәстүрлерін білесіңдер? (Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, тілашар, атқа мінгізу, араша, асар, т.б.);
5. Қазақ халқының ұлттық киімдерін ата (Айыр қалпақ, шапан, тымақ, ішік, тақия);
6. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын атаңдар (Домбыра, қобыз, дауылпаз, сыбызғы, даңғыра).
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, балалар осымен «Менің елімнің тарихы» атты сынып сағатымыз аяқталды
Сабақтың тақырыбы: Менің елімнің тарихы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар өзінің елін, жерін, тарихын сүю арқылы қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу. 2. Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету.
Сабақтың әдісі: Әңгіме
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы, еліміздің рәміздері, Шәкәрім Құдайбердиев, Абай Құнанбаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин суреттері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Мемлекеттік Әнұран айтылады.
Мұғалім: Отан, Отан
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем!
Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-
Байқайсың ба, байтақ далам қалай паң,
Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән!
Ән салдырып, тамсандырып әлемді
Аппақ сүттей келеді атып арай таң -
Дегендей, Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатыр.
1. Қазақстан Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктердің бірден - бір бастауы – халық.
Ең бірінші байлығым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса – мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,
Тілім барда еркіме кім таласар!?
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі –
Баға жетпес асыл ән.
Мұғалім: - Әнұран туралы не айтасыңдар? Туы, Елтаңба жөнінде......
Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусым айының 4 – жұлдызында қабылданып, 6 – маусым күні күшіне енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің, қазақ халқының ұлттық туы.
Елтаңбаның архитекторы Жандарбек Мәлібеков, Шот - Аман Уәлиханов. Көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы бар.
Шаңырақ – бейбітшілік пен тыныштықтың айғағы. Түндік – көк аспан асыл шырақ күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар – астықтың масақтарын бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылықтың белгісі іспеттес. Бес бұрышты жұлдыз – біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық деген сөз.
Мұғалім: Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық
Ал, енді олай болса, кімді алалық?...
Оқушылар: «Атаның емес, адамның ұлы бол» деген ұлы Абайға жүгінелік.
Мұғалім: Жалыналық Абайға, жүр баралық,
Білімді сол кісіден ізденелік!
Әдейі іздеп біз келдік Сізге делік!
Оқушылар: Шіркін, ақынның асыл сөздері - ай!
«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер....»
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,» - деген де Абай емес пе еді...
Бізге бақытты, бейбіт өмірімізді жасап берген Ұлы тұлғалар есімін мақтанышпен айтамыз.
«Менің Қазақстаным» әні хормен орындалады.
Қорытынды: Өз отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген, дамыған елдердің қатарына қосу үшін, үлгілі, тәртіпті болу, үлкенді сыйлау, іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.
«Табиғатым туып өскен тал бесігім».
Мақсаты: балалардың «табиғат» «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- табиғатпен адам үйлесімділігі: оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру:
- табиғатқа қамқор бола білуге іскерліктерін дамыту;
- табиғатқа, өсімдіктерге күтіммен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі; Табиғаттың әдемілігі адам жанының тазалығы В.А.Сухомлинский.
Барысы:
- Балалар, табиғатты аң, құстарсыз елестетіп көріңдерші. Құстың сайраған үні жоқ жерде, жан-жануарлардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес. Олардың да адамдарға үйретері мен оғындырары мол. Сондықтан табиғаттың сәні болған, тіршілікті жандандырған аң, құстардың табиғатқа бізге берген сыйы деп түсініп, оларға қамқор болумыз керек.Балалар, енді «жер», «су», «ауа», «өсімдік» атты топтарға бөлініп, олардың адамға пайдасы және адамның оларға тигізер пайдасын әңгімелейміз.
1-тапсырма: табиғаттың адамға пайдасы:
2-тапсырма: адамның табиғатқа пайдасы.
«Жер» тобы: 1. Біз адамға нан, жеміс-жидектер береміз. Адам біздің қойнауымызға түрлі дақылдар егеді.Біз ол дақылдарды жомарт қолымызбен молынан қайырамыз. Біздің қойнауымызда әртүрлі жеміс,ағаш, шөп өсіп жетіледі. Қаншама аң-жануарлар, адамдар тіршілік етеді. Осылайша адамдар бізбен жомарттықты, дарқандықты үйренеді.
2.Адамдар жер-анамызды қашаннан бері аялап келеді. Қойнауынан шығып жатқан байлығын пайдаланып қана қоймай оның тазалығына көп мән берген. Жерді анамыз деп қадірлеп отыруды өздеріне міндет санайды.
«Су» тобы: 1. Біз барлық адамдарға, тірі жанға тіпті табиғатқа тазалыық сыйлаймыз. Гүлдер мен ағаштары жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береміз. Шөлдегенге сусын боламыз. Шаршағанның денесін сергітерміз. Біздің арқамызда жайқала өскен гүлдер мен өсімдіктер адамға сұлулық сыйлайды.
2. Адамдар судың қадірін дақсы біледі.Су көздерінің таза болуына, бұлақ, бастауларының маңы бітеліп тынысы тарылмауына өз үлестерін қосады. Су көздерін ашып қана қоймай ол жерлерге ағаш егіп, гүл егіп көркейтеді.Адамдар суды үнемдеп пайдалануы да ұмытқан емес.
«Ауа» тобы: 1.Адамның жақсы демалып, дұрыс тынығуына ауаның пайдасы мол. Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды.
2. Адам баласы ауаның өз денсаулығы үшін керек екенін біледі. Сол үшін де ауаның таза болуына, улы заттармен бұзылмауына көп мән береді. Ауаны таза сақтайын өсімдіктерді де көп егіп күтімге алады.
«Өсімдік» тобы: 1.Адамдар өсімдіктің арқасында таза ауамен дем алады. Өсімдіктер адамға әдемілік, сұлулық сыйлайды. Түрлі гүлдерді бір-біріне сыйлап, адамдар бір-бірінің көңіл күйлерін көтереді.
2. Адамдар өсімдіктердіңөздеріне таза ауа сыйлайтынын, әдемілік сыйлайтынын жақсы түсінеді.Олардыңкейбір түрлерінің дәрілік, емдік қасиеттерінің барын біледі. Сондықтан әр адам баласы өсімдіктерді күтімге алып, жақсы өсуіне жағдай жасайды.
Міне, балалар, табиғат дегеніміз-аң, құс, өсімдік,тау, тас, өзен, көл.Олардың барлығы Табиғаттың бізге берген сыйы.Енді балалар, мына әңгімені тыңдап көрелікші…….
«Қарлығаштың ұясы» (Сәбит Дүйсенбиев) (оқып беру)
Сұрақтар:
Қарлығаш не үшін үйге ұя салды деп ойлайсыңдар?
Гүлжамалдың құрбысының әрекеті дұрыс па?
Сендер олардың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Қарлығаш Гүлжамалдың үйіне неліктен қайта ұя салмады?
Дұрыс айтасыңдар, балалар, Гүлжамалдың құрбысы үлкен қателік жасады.Табиғат-ана құспен достассын, оның балапандарына қамқорлық жасасын деп екі қызға сый жасаған еді. Олар бұл сыйды дұрыс қабылдаған жоқ.
- Көрдіңдер ме, балалар, құстарда тыныштықты қалайды. Олар да қамқор бола білмеген адамдарға рендиді. Ал қарлығаш адамдарға жақын ұшып, кімнің үйіне ұя салса , сол үйге тыныштық пен бақыт келеді деп ұяны бұзбаған, балапандарына қамқор болған.
- Иә, балалар, құстардыда қорғай біліңдер.Қыста бүрісіп отырған торғайларға жем шашуды ұмытпаңдар. Өйткені олар сендердей қамқор достарына сеніп, қыста қалады емеспе? Ал көктемде ұшып жететін жыл құстары шаршасада сендерге сеніп, сендерді сағынып алыстан ұшып келеді. Оларғада ұя жасап, жемшашар әзірлеп күтіп алыңдар.
Мұғалім:
Балалар, мұны ұғыңдар,
Уәдеден шығыңдар.
Құстар біздің досымыз,
Құстардың біз досымыз.
Ұшып жүрсе аспанда,
Сыр түйеді жас жанға.
Қазастан туған жерім киелім,
Қастерлеймін басымды да иемін.
Табиғаттың- таптырмас жан байлығын,
Бәрін, бәрін аялаймын, сүйемін.
Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен- Күнсің көтерілген күліп.
Сен-көлсің, сен- ормансың,сен-бұлбұлсың қырдан,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
« Туған жерге сағыныш» әні хормен орындалады.
Көріп тамашалағандарыңызға рақмет.
Тәрбие сағатының тақырыбы: СПИД – ХХІ ғасыр індеті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал-мәтелдер.
Тәрбие сағатының ұйымдастыру бөлімі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Түгелдеу.
Кіріспе сөз: Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді.Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері,одан сақтану жолдары,аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. Сондықтан осы ауру туралы 9 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді. СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы. СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. Гүлмаржан: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды.Осының әсерінен клетка жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып,өткен процестерді қайталайдыЛимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады.Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді.Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді. Гүлдана: СПИД құрбаны (монолог). - Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі!Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт! Өзімнен өзім сыр таптым, Өле алмай жүрген сырқатпын. Шіріген картоп сияқты, Бұрышында қалған бір қаптың. Өзімнен өзім тістенем, Шарабым да тұр ішпеген. Ұйықтайын десем қорқамын, Көрмейтін сұмдық түс көрем. (Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.) -Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ.Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім.ір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім. әке-шешем бар дегенімді жасады.анда-санда әкем мен тентек болған кезде,айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай,жалғыз балада нең бар?»-деп ара түсетін. (Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.) Әлпештеп алды анам алдымнан шығы, Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып. Ата-ана перуана боп перзенті үшін, Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық. Ардақтап ата-анаңды сол секілді, Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық. Түседі еске кей кез бала кезім, Бала кезім... кетуші ем дала кезіп. Ақ қайынға шайқалған қараушы едім, Қараушы еді мөлдіреген қара көзім. - Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім.Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей,екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды.Оның менен айырмашылығы наша «дегшен» пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым.Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?! Тамырын умен суарып, Денсаулық деген егістің, Шірітіп апсың біразын, Ғаламат қымбат жемістің. Инемен таза денеңді, Тесуге неге келісті? Көк түтінмен уланып, Ащы суды неге іштің? Төсекке асыл азамат, Ауру аеңдеп құлайсың. Дәрігерлерді мазалап, Не үшін енді жылайсың? (Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып,сөйлеп кетті.) - Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын,сол инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айырбасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД-пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппін. Таусылмақ дәм.Бітпек өмір-өзенім. Менің-дағы жетті кетер кезеңім. Оны көптен тарқамаған қайғы мен Жүрегімнің мұң көзінен сеземін. «Өлермін» - деп күңірінем,күйзелем, Мені есірткі найзасымен түйреген. Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай, Қанатымнан жараланған күйде мен. -Соңғы кезде өмір-тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым.О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір! Осы бір-ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді,өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді. О, Жаратқан! Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты. (Мұңлы ащы әуен ойналады.) Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім, Құрбанымын СПИД деген кеселдің. Ақтамай-ақ кетіп барам арманың, «Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің. Кім кінәлі,аялаған анам ба? Бар қажетті даярлаған қоғам ба? Тек қана өзім кінәлімін сол үшін Улы дерттің құрбаны мен болам да. Жас жеткіншек! Өздеріңе өлер кезде айтып кету борыщым, Ауырсаңдар бұл кеселмен, Дәрігер де бере алмайды қол ұшын. Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің, Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін! Азалы да ащы әуен қайта ойнады.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп,жерге құлайды.Бұл оның ақтық сөзі еді.
Гүлмаржан: СПИД-наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?Мысалы: ішімдікке әуестік,токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп,өмір жасыңды қысқартады.Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ.Байлық та, бақыт та сол емес пе? Төлеген: ВИЧ, қазақша АИТВ-адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД –пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде.Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда. Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарының саны 9 млн-ға жеткен. Мейрамгүл: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті.Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38. Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус-ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы,емізгенде жұғады. Дархан: Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін. Гүлдана: Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр.Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр. Денсаулығыңды ойласаң (лото) Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып,ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да,даналы сөздері бар.Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған.Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ.Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай,амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді. Иә, мақал-мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де. Карточкалар үлестіріледі. (мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған). Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды,екінші бөлігін тауып оқу керек. 1. Ішпеген,шылым шекпеген Жасайды жылдар көптеген 2.Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды. 3. Темекінің кермегі- Еріккеннің ермегі. 4. Шарап-арақ ішіңе көшеді, Ақыл шөлмек ішіне түседі. 5. Жабылады шарабыңды ішерде, Бәле төнсе,жоқ араша түсерге. 6. Жасында темекісін будақтатқан, Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан. 7. Адам арақты ішеді. Ақыл арақты ішеді. 8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр, Одан кейін өзгелерді сақтаңдыр. Қорытынды: ТЕСТ 1. СПИД жұқпалы ма? а) Иә ә) Жоқ 2. СПИД вирусын не дейміз? а) Кох талшығы ә) Айде б) А вирусы 3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды? а) 1983 ә) 1985 б) 1956 в) 1988 4. Ауру белгілері бірден біліне ме? а) иә б) жоқ 5. СПИД қандай жолдармен таратылады? а) жыныстық жолдар арқылы ә) қан арқылы б) тағам арқылы в) насекомдар арқылы г) кір қол арқылы. 6. Қай континетте адамдар СПИД-пен ауырғанын білмеген? а) Африка ә) Азия б) Америка г) Австралия 7.Қазақстанда СПИД-пен ауыратын адамдар кімдер? а) жастар ә) балалар в) үлкен адамдар 8.СПИД-ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін. а) норкомания ә) әңгіме кезінде в) темекі шегу г) жезөкшелік 9.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні? а) 1 қазан ә) 1 желтоқсан б) 1 қаңтар 10 Қай ел СПИД-пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды,оларға жағдай жасайды? а) Жапония ә) Канада б) Қытай в) Куба Қорытынды: СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.
Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл (ашық тәрбие сағаты)
Достарыңызбен бөлісу: |