Тақырыбы: Менің елімнің тарихы


Тақырыбы: Адам мен отбасы



бет6/6
Дата11.11.2016
өлшемі2,63 Mb.
#1490
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Адам мен отбасы

Мақсаты: “отбасы жарастығы», «бақыты», «қуанышы» ұғымдары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
- оқушыларды өз отбасын құрметтеуге шақыру;
- өз отбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру; 
Көрнекілік: плакат. маркер, смайлигтер, кималар
Қызығушылықты ояту сатысы:
Саламатсыңыздар ма? Сабағымызды бастамас бұрын кесінділерді таңдайық.
/«әке», «ана», «бала» сөздері жазылған кима сөздерді ұсынамын/ 2-3 мин.
-Олай болса таңдап алған сөздерге байланысты топтарға бөлінейік. Әр топқа тапсырма таңдаған сөздерге байланысты топқа ат қою, ұран даярлау, сосын бір шумақ өлең айту /2-3 мин.
- Әр топқа қорғауға. 3-4 мин.
Мағынаны тану сатысы: 
- Қалай ойлайсыздар қандай ниетпен біздер «әке», «ана», «бала» болып үш топқа бөліндік?
- Бұл үш сөз арқылы отбасы, жанұя деген ұғымды қарастыруға болады. Отбасы, жанұяны сөздерін естігенде қандай ой пайда болады? Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Адам мен отбасы»
- Мәтінмен жұмыс. Оқулықтың 114 беттінде «Мен оны пір тұтамын» атты әңгіме берілген талқылайық. Әр топқа тапсырма: мәтін бойынша пікірлерді жинақтап, өз пікіріңді ұсын.
Айтылған пікір Менің пікірім
Біздің қолымыздан енді ешнәрсе келмейді. Тезірек үйіңізге алып кетіңіз. 
Мұрат, жаман айтпай жақсы жоқ деген, жолда олай бұлай болып кетсе қайтесің.
Нағыз бақыт жұмыр басты пенде үшін екі аяғынан жер басып тұру екен ғой. 
Қиын қыстау күндері қасымда болып, басымды сүйеді. Өмірдің қызығын да, қиыншылығын да қатар бөлісті. 
- Олай болса сендердің ойларыңша «отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

- Жалпы жауаптарыңызды салыстырайық. 

- Келесіде, «отбасы жарастығы» неге байланысты деп ойлайсызд

Сіздердің ойларыңызды салыстырай

Бейнероликке көңіл аударайық. /Өмір мектебі/
- Адамға өмірде ең қымбат ол оның - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.
Мақал-мәтелдерді аяқтау.
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол 
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.
Бiр бiрiңдi қадiр тұт,
Жұрт үлгi алсын, үңiлсiн
Екi жақсы қосылса,
Өлгенiнше дос болады.
Екi жаман қосылса,
Өлгенiнше өш болады.
Атанда бала туар,
Атасының жолын куар.
Нақыл сөздер. 
Отбасының өнегесі – Отан өнегесі. /Б. Момышұлы/
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. /Қорқыт ата/
Отан отбасынан басталады. /В.А. Сухомлинский/.
Ұлт болам десең, бесігіңді түзе! /М. Әуезов/
Тұжырымдау сатысы: 
- Әр балаға сұрақ: Сен отбасыңда кімсің? Өзіндік орның қандай?
Үйге тапсырма: «Менің отбасым» эссе жазу. 120 бетті мазмұндау.
Қорытынды: Рефлексия
Әр топқа геометриялық кесінділер ұсынамын, оларға:
- Шеңберге сабақтан алған әсеріңді жаз.

Келесі сабаққа ұсыныс

Әр топқа тілек
Әр топқа тілек
Өзіңнің тобыңа тілек
Өзіңнің тобыңа тілек
НӘТИЖЕСІНДЕ: «Бақытты отбасы»

БАЛАНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ?

Олардың кітап оқуына мәдени тынығуына жағдай жасап көмектесу қажет. Кітапханаға жазғызу: сөз қоры молаяды, ойын дұрыс жеткізуге үйренеді.

«Тәрбие от басынан басталады » десек те күйбең тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы әрбір баланың әрекетін, қылықтарын қадағалап, бағыт, бағдар беруге көңіл кейде аз бөлінеді. Әрбір ата-ана баланың ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап, ықпал етуі керек.

Бала- Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі- баршамызға ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышы деп есептеу керек.

Бала өз ата-анасына соншалықты қымбат, «Анаға қарап қыз есер, әкеге қарап ұл өсер» деп халық бекер айтпаған. Баланы үлгі, өнеге алуға сәби кезінен тәрбиелеген жөн.

«Балам, үлкенді сыйлап, ата-анаңды құрметтеп, мұғалімнің берген тапсырмасын дер кезінде бұлжытпай орында, кішіпейіл бол» деп айтуымен қатар тәлімді өз үлгіңіз болуы керек. Олай болса, әрбір ата-ана өз баласының алдында өнегелі ұстаз, адамгершілік пен әділеттің үлгісі ретінде танылуы керек. Отбасында дұрыс тәрбие алмаған баланы бірлесе қайта тәрбиелеуге тура келеді. «Оқу инемен құдық қазғандай.» Ғалым боп тумайды,оқумен жетіледі.Оқу-адамның аса күрделі әрекетінің бірі. Ол көп еңбек етуді қажет етеді. Өмірдің әрбір құбылысын түсініп көңілге тоқығанда ғана жан-жақты білімді, талапты болып өседі.

Жалқаулық- жаман ауру, отыра берсең жалқаулық болады. Жалқаулық тоздырады, еңбек оздырады. Енжар, жалқау адамдар өнермен жолдас бола алмайды. Еңбек тәрбиесі- барлық тәрбиенің негізі ретінде үздіксіз жүргізіліп жатқан үдеріс. Еңбек тәрбиесі мақсатқа, қуанышқа жеткізеді,бақытты өмір сүруге себепші болады. Сондықтан еңбек тәрбиесі-отбасы бақытының негізі.Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс, өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең қуатты негіз болып табылады.»Еңбек – адамның екінші анасы» дейді халқымыз.

Баланың еңбек дағдысын тәрбиелеу үшін оның алдына қойған мақсаты, оған тапсырылған істің шарты белгілі болуы керек.Барлық тапсырманы мезгілінде орындау қай жаста болсын қалыптасқан дағдыға байланысты. Бала баяу қимылдаса, әрекетін тездеруге үйрету керек.Жаттықтыру керек тақтаға шыққанда… Егер баяу баланы шапшаңдыққа үйретпесе, оның ісі өңбей, бірте-бірте еңбекке ынтасы төмендеуі мүмкін.

Бірақ барлық кезде баланың ерекшелігін ескеру шарт. Шапшаң әрекет ететін бала кейде сасқалақтап, істі шала істеуі ғажап емес.

Сондықтан ата-ана баланың еңбек дағдысын тәрбиелеуге осы ерекшеліктерді үнемі естен шығармағаны жөн.Бала өзіне тапсырылған істі мұқият әрі мінсіз орындауға қалыптасуы тиіс. Ондай оқушылар сыныбымызда баршылық. «Әке-отбасының пірі,қара шаңырақтың қожасы». «Әке-үй ішінің тірегі, баласының жүрегі». «Әкесіз бала- панасыз балапан» дейді халқымыз.Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары ,міндеттері бар.Әке алдындағы міндеттер:тілін алу,сөзін тыңдау,ізет көрсету,әдеп сақтау:парыздар:балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып,әкеңе көмекші, демеуші сүйеущі болып, оны әрқашанда қуанышқа бөлеп отыру:кәмелетке жеткен соң әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкенің әкелік еңбегін өтеу.

Әкесін сыйламаған балада адамдық сезім жоқ.Ол-бақытсыз.Өйткені ондай нақұрыста адамгершілік қасиет қалмайды.

Ең әуелі бала әкесінің алдында әдеп сақтай білу керек. Мысалы,аяулы ана ас дайындап, дастархан мәзірін жасайды, сонда анаға көмектесе жүріп, әкені ас-дәмге шақырып, ас алдын әзіз әке таткан соң ғана басқа балалар асқа сумаңдап, сұғынбай, әдеппен «алыңыздан» бастап дәм татады. Бұл-ұлттыұ әдеп.

Әкенің алдында дауыс көтермей, дөрекіленбей сөйлеу қажет.Ол жасқаншақтық емес,кішіпейілділік,әдептілік болып табылады. Әрбір бала ең алдымен әкенін берген тапсырмасын орындап, содан кейін ғана алдына қойған мақсаттарын орындай бастауға тиіс. Егер әкенің тапсымасын орындауға баласының шамасы келмесе немесе басқа бір жағдай болса ол әкеден кешірім сұрайды.

Әкеге бала имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол- әкенің қуанышы, бақыты.

Әсіресе ер бала – әкемен сырлас, жолдас, дос. Сондықтан да ол әрқашан өзінше бір әрекет жасау үшін әуелі әкемен ақылдасып отырғаны жөн.Халық ішінде әулеттік дәстүрлер атадан әке дарып,қалыптасып дамиды, жалғасады.Әке дәстүріне мұрагер болу – борыш.Мысалы,әке күйші, әнші,баланың да өнерге бейімі бар дейік.Ал бала сол әулеттік дәстүрге немқұрайлы қараса, онда әулеттік намыс жоқ, әке үмітін ақтайтындай табандалақ пен жауапкершілік жоқ, яғни ол ұлттық қасиетін жоғалтып алатын керғайсаң кесірлі жан болып шығады.

«Әке тұрып ұл сөйлегеннен без» дейді халқымыз.Мінзіз әке болмайды, әкені міндет сыпайы сынау, достық, әдептілік, мейірімділік, сыйласымдық дәрежеде болу керек.«Әкесінен артық туған» бала әкесін төбесіне көтеріп құрметтей біледі.

Мынау жарық дүниедегі өрнекті, өркендеген өмір құдіретті күннің ақ шуақ нұрынан, аяулы ананың ақ сүтінен жаралған.Жаратқан иеміздің аяулы аясында, саналы саясында өмір деген мың толқынды дүбірлі дүниеде адамдығымыз айқындалып, кісілігімізге сәйкес қымбатты ғұмыр кешеміз.

Ата - жиналысының хаттамасы

Тақырыбы: «Алғашқы ұстаз — ата-ана»

Күн тәртібі:

А) Кіріспе (сынып жетекшінің сөзі)

Ә) «Жанұядағы бала тәрбиесінің ерекшелігі» атты сауалнама

Б) Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөлі»

В) Ата-анамен ынтымақтастығы (пікір алысу)

Г) Оқушының білім сапасын көтеру

Жарыссөзге қатысқандар: Нукенова З., Қапанова С., Балахметова Б., психолог Сәрсекеева Ж.М.

Қабылданған шешім:

Ата — аналар жиналысының шешімі:

Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.

Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.

Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).

Төраға: Бәйкенов М.

Хатшы: Абуова Т.

Баяндама: «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»


Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.

Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғе үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз



Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Сабақтың тақырыбы:  Жол тәртібін жадыңда ұста
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс – жүзінде асыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.
Кіріспе: Біздің еліміздің барлық қала,ауылдарына ортақ  көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы  мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін  мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.
Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.
І. Тарих тағылымы
Бағдаршамның шығу тарихы
Мейіржан: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын  білесіңдер ме? Ал,ендеше тыңдап көрелік.
Тарихқа көз жүгіртсек  алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды.Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.
Оны көше қиылысында ыңғайлап қайта жасаған ағылшын инженер-меганигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
Аянат:Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
Өкінішке орай, бірде газ жарылып,кезекте тұрған полицей қаза болды да,содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
Амандық: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында,сосын Нью-Йорк тағы басқа қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1914 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

Мұғалім: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамы пайда болды.
Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанды бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.Қазақстанда 1917 жылға дейін небары 127 км ғана жол болатын.Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

Гүлназ:Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.
Сағындық: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
Мұғалім: Ал,енді жол белгілеріне сөз берейік.
Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең,
Тартар жолың бұлыңғыр.
2.Есігінен артқы
Көлікке сен мінгін.
Енді есіктен алғы
Түсеріңді білгін
3.Сақтандыру белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам,
Қауіптен сақ бол деп
Сәт-сапар жолдаған.
4.Тыйым салу   белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тыйымшыл белгімін,қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар,бағдарла көз салып жан-жақты.
5.Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол,шартыңды міндетті орында!
6.Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын,тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де,түнде де от болып жанады.
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Амандық. Әй,жолда неғып иіріліп тұрсыңдар? Велосипед келе жатқанын көрмейсіңдер ме? Қағып кетсем қайтесіңдер?

Инспектор: Велосипед болғаны өте жақсы.Ендеше біздің жолда жүру ережелеріне арналған тәрбие сағатымызға қош келдің. Оларды білу саған да қажет. Атың кім өзіңнің?


-Атым-Зуылбек.Велосипедпен зуылдап жүремін.Сондықтан ауылдағылар осылай атап кетті. Ал мынандай белгілер көшеде де қаптап тұр,оларды біліп қайтем. Велосипедті мен бұларсыз-ақ зуылдатам.
Кенет Зуылбектің көзі қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті дөңгелек белгідегі велосипедке түсті.
-Әй,мынау мен үшін жасалған белгі ғой.
Инсп: Иә,сен үшін.Бұл белгінің аты «Велосипед жүрмейді»
-Жүрмейді? Тапқан екенсің! Зуылбектің велосипеді жүрмейтін жер жоқ,білдің бе?  Мен үшін көше,аула,бақ бәрі ашық. (кекетіп)
Сендерше айтқанда,қалай еді,әлгі жасыл жарық.
Балалардың қасына жақындайды.
-Мұны да белгі дейді ау.Әй,көшеге пәтер ішінде тұратын жылу батареясы не үшін керек?
Бәрі күледі
Инсп: Зуылбек-ау,бұл нағыз саған керек белгі. Айталық,сен велосипедпен зуылдап келесің дейік.Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше алдыңда «Шлагбауны бар темір жол өткелі бар» деген сөз. Ұқтың ба?
-А-а…(қолын сілтеп) Бұл белгінің де қажеті бола қоймас.Салдырап-гүрілдеп пойыз жеткенше,зу етіп те үлгеремін.
Адамның белгісі салынған нұсқау белгісінің жанына тоқтап
-(басын шайқап) төртбұрыш,ақ үшбұрыш,қара адам?!
Инс: Жаяулар өтпесі
-Велигім тұрғанда мұны қайтем.
Велосипедін келген жаққа бұрады.
-Қой,мен зуылдайын.Бұл белгілерді түгендеймін деп жолымнан қалармын. Сау болыңдар,ережелер!
-Шынында да жол жүру ережесін білген дұрыс екен.
Балалар: Дұрыс,кел қатарымызға қосыл.
Инсп: Көрдіңдер ме, балалар,жолда жүру ережесін сақтамаған Зуылбек жазым болуға аз ғана қалды. Енді ол жол белгілерін үйренетін болады.
«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.
2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
6.Жол үстінде ойнама,сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса,жолда абайла.
Жұмбақтар шешу:
1.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өмііңді күзеткен,
Ысқырығы түзеткен. (жол сақшысы)
2.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
3.Жоқ өзінде бас та,ауыз да,құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
4.Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді (машина)



Бала - басты байлығымыз,

Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.

Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.

Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

Мектеп – отбасы – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында Жезқазған қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебінде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі - «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында өткізілген ашық есік күні.

Әке – білек, саусағы – балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана – тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады, - демекші ашық есік күнінде әр сыныпта ел тірегі болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани жылулық дарытар түрлі тәрбиелік іс-шаралар

ата-аналармен, қоғамдық орындардың қызметкерлерімен, мектеп оқушыларымен бірлесе атқарылды.

Ата-ана балаға тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн?!

Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұспа тұс келген тағылымы мол іс шара «Қария сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында салт-дәстүрмен, дүниеге жаңа келген жас нәрестеге бата беру дәстүрімен басталып,

Армандарым көп менің,

Атқарамын деп келдім.

Оқып білім, ғылымды.

Тәрбие алам, - деп келдім деген мақсатпен мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың бүгінгі күнде жеткен жетістіктерін көрсететін тәрбие сағаттарымен жалғасты. Атап айтар болсам, мектеп ғимаратындағы «Балдәурен » шағын орталығында «Отбасым – алтын діңгегім» тақырыбында қызықты сәт, даярлық сыныптарында «Аялы алақан», дамыта түзету сыныбында «Біз де өзгелер сияқтымыз» тақырыптарында тренингтер, әжелермен бірлесе отырып «Страна веселых бабушек и озорных внучат» тақырыбында мерекелік байқау,

«Ата-аналар» мектебімен бірлесіп «Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» тақырыбында дөнгелек үстел, «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым», «Бабаның еккені – балаға сая», «Өнерлінің өмірі көркем», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Отбасым – бақыт мекені» тақырыптарында танымдық ойын, сахналық қойылым, байқаулар және «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын?!» тақырыбында қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілді.

Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті» деген болатын. Шынымен де Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді.

Іс-шара барысында тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абайдың

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған мақсат емес,

Өнердің бұдан өзге бәрі жалған, - деген қағидасын басшылыққа алып, білім мен өнерді қос қанаты санайтын өнерлі өрендердің қатысуымен сахналанған Мұхтар Әуезовтың «Абай трагедиясы» көрсетілді.

Болашақ ұрпаққа тәлімі мол тәрбие берерлік ашық есік күні «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында «Сонымен, солай дейік...» теле жобасы бойынша пікірлесуге ұласты. Бағдарлама барысында арнайы шақырылған сарапшылар: ата-аналар атынан еңбек ардагері М.Ермекова, білім бөлімінің әдіскері Д.А.Бірмағанбетов, кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімінің бастығы А.А.Мауленова, С.Қожамқұлов атындағы драма театрының әртісі А.Ш.Шоман, балалар мен жасөспірімдер сарайы директорының орынбасары С.А.Темірбековалар жұмбақ кейіпкердің пікірімен ой бөлісіп, жиналған қауымға, жас ата-аналарға, оқушыларға ақыл – кеңестерін берді.

Қорыта келгенде мектеп – жанұя – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанда ғана



ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет