Тақырыбы: Менің елімнің тарихы


Тақырыбы:Темекі тартсаң ақырын



бет4/6
Дата11.11.2016
өлшемі2,63 Mb.
#1490
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы:Темекі тартсаң ақырын,

Азаяр сана ақылың

Сабақ мақсаты - «Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.


Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім:


Денсаулық дегеніміз - адам жаны мен тәнінің амандығы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі әдетте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды. Дегенменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі зиянды заттарға ұрынып жатады.
Темекі туралы жалпы мағлұмат.

Құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан шылым жасалады. Темекінің елі Америка болып табылады. Американы ашқаннан кейін темекі Еуропада кең таралады. Темекінің ішінде ең көп мөлшерде никотин алкалоиді болады. Никотин улы зат болғандықтан медицинада қолданылмайды және дәрі болып та саналмайды. Бір қорап темекінің құрамындағы никотинді адамға инемен шаншыса, адам өліп кетеді.


Темекінің зияндары.

Мидың қатерлі ісік ауруларының 99, миға қан құйылу ауруының 85 -, өкпенің қатерлі ісік ауруының 90 - ы, тамақтың қатерлі ісік ауруының 99 - нан темекі себеп болады. Темекінің салдарынан өмірімен қоштасқан адамдардың саны есірткі өліміне қарағанда 13 есе көп.

Есірткі қолданудың себептері.

Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілдікпен қарау.

Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.

Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.

Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.

Мода: Айналамыздағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай. Жастардың қауіп қатерді жақсы көруі, өзін - өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, иманның әлсіздігі, жоқшылықтың өзін - өзі өлтіруге итермелеуі негізгі себептер болады.

Өз - өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын, - дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттерге байланысты мақал – мәтелдер мен ұлағатты сөз жарыстыруға кезек берейік.


Мұғалім: «Ол кім? Бұл не?» бөлімі

«Болашақ» тобына сұрақ.

1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы.)

2. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (ішімдік).

3. темекі құрамындағы улы зат? (никотин).

4. СПИД неліктен қорқынышты? (ауырғаннан кейін ең көбі 5 - 7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ).




Тақырыбы:Темекі тартсаң ақырын,

Азаяр сана ақылың
Мақсаты: темекінің тарихы жайлы, оның адам өміріне тигізер әсері жайлы түсінік беру, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру

Көрнекілік: нақыл сөздер,жазылған қағаздар, сызбалар, карта

Пайдаланған әдебиет: «Темекіні шеккенің – өзіңді құртқаның» Қожахметов К.Ж. Демеуова М.Е. Төлендиев К.С Алматы, «Раритер»2003 «Ақылдың кені» Қ.Жарықбаев. Алматы «Қазақстан» 1991 «Денсаулықты сақтай білу де өнер» Ю.Б.Тарнавский. Алматы «Қазақстан» 1988. «Жаманнан жирен» А.Г.Хрипков, Д.В.Колесов., Алматы «Мектеп»1988

Барысы Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер? «Денсаулық дәрістері» айдарымен берілетін бағдарламаны назарларыңызға ұсынамыз Денсаулыққа зор кесел, Үйрете көрме ауызды Насыбай – напақ, шылымға! - деген екен қазақ ақыны Омар Шораяқов. Неге біз «темекі – у, темекі шегу – зиянды әдет» дейміз? Темекі жайлы кеңірек білу мақсатымен студиямызға ғалым ағаларымыз бен апайларымызды қонаққа шақырып отырмыз. Ең әуелі темекінің шығу тарихы жайлы зерттеуші ғалым әңгімелеп берсе. Зерттеуші: Хvғасырдың аяғына дейін бұл өсімдікті Америка континентінің байырғы тұрғындарынан басқа ешкім де білмеді. Ертеде темекі түтінінің адамды өзіне тартып алатын сиқырлы және емдік қасиетін таныған. «Темекі» деген сөз Тобаго деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда Колумб экспедициясымен қазіргі Орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша «tabacco” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1559 жылы Португалиядағы француз емшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичига үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекенінің жапырағы мен тұқымые сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай-ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Никоның құрметіне өсімдік латынша «Nicotiana” бөлінетін алкалоид - «никотин» деп аталады. ХVIғасырдың екініші жартысында темекі дәрілік өсімдік ретінде кеңірек тарала бастады. Темекіні иіскеді, түтінше арқылы шекті, шайнады, әртүрлі заттармен араластырып, суықтан ауырғанды, бас және тіс ауырғанда, тері және жұқпалы ауруларды емдеу үшін қолданды. 1580Жылы ағылшын аристократы, темекіні көп шегетін теңізші әрі ақын Вольтер Рейли мырза Ирландияда темекі плантациясында құрды, кешірек америка колонияларының территориясында тағы да бірнешеуін ашты. Олардың бірін ол «Виржиния»деп атап, оны соңынанөзінің кең тараған темекі сортына берді. ХVIIғасырдың басында қазіргі Америка территориясында,негізінен ағылшын колонияларында басқа да темекі плантациялары өсті.1611 жылы осындай плантацияны Виртиняда ағылшын Джон Рольф жасады. Темекі ұрығын ол Тринидада мен Венесуэлден әкелді, ол технологиясын Вльтер Рейлиден асып жетілдірді. 8 жылдан кейін Виртиниядан Англияға темекіні экспортқа шығару басталды, ол Джон Рольфтің өзі мәңгілікке Жаңа Дүниеге қоныстанды және өзіне темекі өсіруден бақытын сынап көруге кеңес берген индеецтер көсемінің қызына үйленді .

Аристократтар арасында темекінің басқа да табынушылары болды. Пруссия королі Фредерик I (18 ғ басы) өзі Германия сарайында темекі шегудің мерекесін өткізді, ол оның баласы Фредерик-Вильям I «Темекі алқасын» құрды

Темекіге қарсылар да болды. Англия королі Джеймс I ХVII ғасырдың басында-ақ темекі шегуге қарсылығы жөнінде бірнеше рет айтқан болатын.Бұл әдетің денсаулыққа зияндығын, темекінің адамдарды өлімтікке ұқсататын,осылайша мемлекеттің әскери қорғанысын әлсірететінін ескертті. Ол Англияға экспортқа шығатын темекіге салық салды, осы сәтте Франция Ришелье де дәл осындай шара жасады. Бірақ бұл темекінің таралуына тосқауыл болалмады, тек темекінің жасырын контрабондылық жолмен жөнелтуіне жол ашылды .

Шығысты темекі шегу климаттық ыстықтығына байланысты өрт қауыпын тудірды, ал ол үшін қатаң шара қолданылатын.

Түркияда темекі шегетіндердің денесін жарақаттайтын, масқаралайтын, тіпті өлімге де кесетін.

Бокарме деген граф өзінің қайнысын темекі жапырақтарынан алынған бір затты алып келуге жіберді. Уланған адам миында, бауыры мен бүйрегінде және басқа да органдарында никотиннің көп қойыртпасы табылды, дәрігерлердің қортындысы бойыншы адам өліміне солар себепші болған .

ХIХ ғасырдың ортасынды шу болған Бокарме графтың сот ісі темекінің емдік қасиетіне деген сенімді жоғалтты.

Англия король Яков I темекі шегуді зиянды, жетілген адамға лайықсыз және жарамсыз деп жариялады.

Жүргізуші:Әңгімеңізге рахмет. Ал енді зерттеуші дәрігерді тыңдайық. Ол бізге темекінің зияны жайлы әңгімелеп береді.

Зерттеуші дәрігер: Темекі шегуші алғашында өз ағзасын өзі уландырып жатқанын байқамайды. Ал темекіде ең күшті у- никотин бар. Ол қанға тез араласады, ішкі органдарға кіріп алып, олардың қызметін бұза бастайды.

Темекі шегушінің қасында болу да зиянды, себебі жанында тұрған сон,лаж жоқ, улы түтінді жұтасың. Біраз жылдардан соң темекі шегетіндер жөтеле бастайды, жүгірген немесе жай жүргеннің өзінде алқынып қалады, тез шаршайды. Темекі шегуші тыныс алу оргатндарының ауруына душар болады:демікпе, туберкулез, рак.

Темекі шегуге байланысты аурулар тізбесі тым ұзақ және қорқынышты:өкпе,тамақ, қуық,бүйрек рагы, асқазандағы жара,жүрек-қан, тамырлары ауруы, созылмалы бронхит және орталық нерв жүйесінің басқа да аурулары.

Темекі шегу-ақырындап өзін-өзі өлтіру, ауру мен өлімге душар ететін зиянды әдет.

Дәрігерлер адам өмірін әрбір темекі 15 минутқа қысқарта алатынын дәлелдеді.

Темекі шегушілер 5-7 жыл кем өмір сүреді. Ракпен ауырған адамдар 15-20жыл

өмірін қысқартады.

Жүргізуші:Әңгімеңізге рахмет! Қазіргі кезде жасөспірімдер темекі шегушілер көп.Жасөспірімдер неліктен темекі шегеді? Жасөспірімнің денсаулығына темекі шегудің қандай әсері бар?

Сөз кезегін психолықа берейік.

Псиолог: Жас өспірім неліктен темекі шеге бастайды?


Жас өспірімнің түсінігі бойынша, ол-ерліктің, сенімділіктің, есеюдің көрінісі. Сондықтан соншалықты рахаттанбаса да, ересек болып көрінгісі келіп, темекі шеге бастайды.
Темекі шегетін оқушы мектепте қалыптасқан тәртіп жүйесін бұзады.Ата-аналардың, достарының айтқан кеңестерін тыңдамайды. Балалардың сабақ үлгерімі төмендейді. Есте сақтау қабілеті нашарлайды.
Жасөспірімдік шақта қыздар өздеріне басқалардың назарын аударғысы келіп, көз тартатын тартымды болуға ұмтылады. Әдемі, сұлу, жақсы болып көріну үшін үстіне киген киіміне өзгеше үлгі таңдайды, жарасты етіп шаштарын түзейді. Бәзбіреулері сигаретамен тым кербезденіп, бүгінгі күннің қыздары болғысы келеді. Өкінішке орай, олар мұндай «сәнқойлықтың» өте қымбатқа түсетінің аңғармайды да, біраз уақыттан соң сигарета оларды ұсқынсыз, көз тартпайтын күге әкеледі. Темекі шегетін қыздардың беті ескірген, ерте әжімтүседі, даусы ашық емес, күрілдеген, қырылдаған, ауызынан шыққан жаман иіс әжептәуір жерден-ақ сезінеді, тістері сарғайып, түсін жоғалтады. Сигарет қызды тұрпайы, жағымсыз етіп жібереді.
Жас өспірім никотинге бар болғаны бір күнде-ақ үйір болады.Темекінің аз ғана мөлшері балада қанның аз болуына, тамақ қортудың бұзылуына әкеледі.
Жүргізуші: Әңгімеңізге рахмет! Сіздің әңгімеңіз жасөспірімдерге ой салады, темекі шегу секілді зиянды әдеттен аулақ болуға көмектеседі деген сенімдемін. Ал темекі тартатын жасөспірімдерге берер қандай ақыл-кеңесіңіз бар?
Кеңес беруші: Темекіден бас тартатын адам біз айтатын 9 кеңесті есінде сақтау қажет.
1. Темекіден бас тарту ниеті пайда болатын кез келген себепті тап.

2. Темекіні тастайтын күніңнің мерзімін анықта.

3. Үйдегі барлық темекіні сындырып, үстіне сү құй. Темекі сасыған киімдерінді жу.

4. Никотинге деген әдетен толық арылғанша темекі шегетін достарыңнан аулақ бол.

5. Темкіге жұмсайтын ақшаңды бөлек қой. Бір айдан соң оларды сана. Өзіңе қажет деген затты сатып ал.

6. Темекі шеккің келсе, сағыз шайна немесеқышқыл кәмпит сор.

7. Темекінің орнына су іш жеміс шырының сімір. Сұйық ағзаны тазартады.

8. Өз мүмкіндігіңше жаттығулар жаса.

9. Ешқандай жағдайда ішімдік ішпе.

Жүргізуші: Ақыл –кеңесіңізге рахмет! Студиямызға келіп темекінің тарихы және оаның адам өміріне тигізер зияны жайлы әңгімелеп бергендеріңіз үшін көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ал біз болсақ, бағдарламамызды ары қарай жалғастырамыз. Студиямызға темекінің адам ағзасына әсері жайлы Қарабұлақ негізгі мектебінде ашық сабақ өтуде. Осы сабақ үзінділерін тамашалаңыз.

Темекі


Темекі – адамның басты жауларының бірі. Оның түтінінің құрамында мынға жуық улы зат бар. Солардың бір нешеуін атап өтсек: күйк, никотин, иісті газ, т.б.

Темекі түтіні ең алдымен ауыз қуысы мен тыныс жолдарын улайды. Ұзақ уақыт ашуланшақ болады, тез шаршайды, бас аурады, ұйқысыздық байқалады.

Қазіргі кезде жасөспірімдер де теледидардан көрген сериалдардағы бейнелерге еліктеп шылым шегеді. Өзіне де, өзгеге де зиян келтіріп жатқаның білсе де, теріс әдеттен өздігінен қол үзуге ерік күші, жігері жетпейді. Сондықтан оларға бәріміз көмектесуіміз қажет.

Әбдіріхманова Ұлтуған

Темекіге хат

Темекі аға. сәлеметсіз бе?

Сіз бүкіл әлемге таралған зиянды затсыз. Шылым тартпайтындар сізді жек көреді жиіркенсе да, шылым тартатындар сізді жақсы көреді. Олар сіздің көк түтініңізді бүрк еткізіп, көңілдері жарқырап аурулары жазылып кеткендей әсер алады. Бірақ бұнын бәрі алдамшы ғой.себебі темекіні шеккен уақытта адам ағзасына 20-25%улы заттар кіреді. Темекіні шеккен кезде сілекей өте көп бөлінеді, сосын түтінгеуланған сілекей асқазанға түседі. Бұның өзі асқазан сөлінің тым көп бөлінуіне, оның қышқылдығының артуына әкеліп соғады. Бұл көптеген темекішілерді асқазанында гастрит жарақатты сырқат пайда болуына әкеліп соғады.

Сіз-адамзаттың жауысыз! Сізді құрту керек!

Сәлеммен Мұқанова Лейла

Шылымды тартушыларға хат

Сәлеметсіздер ме?

Мен сіздерге өзімнің құрбыларым салған суреттерді жолдап отырмын. Осы суреттерге жақсылап назар аударыңыздар. Сіздер темекіні шеге отырып өзіңізге ғана зиян келтірмейсіз,өзіңіздің қоршаған адамның бәріне зиян келтіресіз. «Темекі тартқан бір кісі, уланған бүкіл үй-іші» деген нақыл сөздің шындығын дәлелдейсіз. Темекіні көп таратқандықтан өз организміңізді өзіңіз құртып, тірі скелетке айналасыз. Сондықтан «Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды» деген аталар сөзімен аяқтаймын.

Сәлеммен Тасболатов Айдар

Жүргізуші;Бағдарламамызды ары қарай жалғастырайық.

Назарларыңызға өнер шеберлері дайындаған концертті ұсынамыз

1. «Бұл кім? Қайырбек Қожахметов

- Күрк-күрк жөтелген

Кеудесін зорға көтерген,

Біреу келеді ілбіп.

- Кім екенін білдік

Қарағаннан сиқына

Шылымшы ғой...

Сұмдық!

- Жүзі солған,



Көзі тұздай болған,

Шөберектей өніп тұр.

Алдымызда адам емес

Кәдімгі өлік тұр

-Кім екенін білдік

Қарағаннан сиқына

Шылымшы ғой...

Сұмдык


-Бұғаналары айқасқан,

Иығы иығына тиіп кетіпті

Тістері сарғайып,

Екі ерні түтінге күйіп кетіпті

-Кім екенін білдік

Қарағаннан сиқына

Шылымшы ғой...

Сұмдық!


-Еті қашқан арқасы,

Тұтас емес бұл өзі

Кәдімгі скелет

-Кім екенін білдік

Қарағаннан сиқына

Шылымшы ғой...

Сұмдық!

- Нансаң да, нанбасаң да



Қалмайды зәрең

Адам ба, аруақ па

Айырасың әрең

-Кім екенін білдік

Қарағаннан сиқына

Шылымшы ғой...

Сұмдық!

-Шылымы сонда да езуінде



-Обасы жоқ екен өзінің де.

2. «Темекі шегудің пайдасы» көрініс.

Бала: - Ата, мен темекі шегуді үйреніп жүрмін. Сіз қалай ойлайсыз, бұл пайдалы ма?

Атасы: - Темекі шегу үш жағдайда пайдалы.

Бала: -Айтыңызшы

Атасы: - Біріншіден, кім де кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды

Бала: -Неліктен?

Атасы: - Себебі ол қартаюға үлгермейді де,ол тым ерте өмірден кетеді. Екіншіден, оның үйіне ешқашанда ұры түспейді

Бала: -Неліктен?

Атасы: -Себебі кім де кім темекі шексе, түні бойы төсекте аударылып, төңкеріліп жатады да қатты жөтелумен болады. Ұры үй иесінің жөтелінен естісімен, үйді айналыпе кетіп қалады. Бірақ бұл әлі біткен жоқ! Кім де кім темекі шексе, оны ешқашанда ит қаппайды.


Бала: - Неліктен?

Атасы: -Себебі темекі шегетін кісі ерте жарымжан болады және жүргенде таяққа сүйеніп жүреді. Ал таяғы бар адамға, балам, ең қабаған ит те жоламайды.

3.«Жаулап алды жарнама» ән-пародия

Жарнамадан көз алмай қарап,

Жол үстінде тұр талай бейне.

«Парламенттен» ішсем шамалап,

Боламын деп «депутат» мен де.

Қайырмасы

Жаулап алды жарнама

Барлық қала, бар дала

Көше, телеарнада

Қаптап кетті жарнама

Армандайды талай бейбақтар

Мольбораны тартсам екен деп

Жексем болды мен де сол кезде

Шляпа киіп, шауып кетем деп.

4. «Мен қазақ ұлдарына қайран қалам» ән

Мен қазақ ұлдарына қайран қалам,

Шылымды шеккен кезде жайрандаған

Оқуға ниеті жоқ қайран ұлдар

Өмірде ойнауменен сайрандаған

Жасырмай тартасын сен шылымыңды

Шылымға берілдің ғой мәңгі енді

Өкпеңнен нең қалады қарағым-ау

Ертерек ойлансайшы өз жайыңды

Шылымды тартпайтын ұл арман болды

Жақсымен ажыратар оң мен солды

Үлкеннің тілін алар ұлдар қайда

Қоғамды бастаушы ма еді қыздар жолдыъ

«Алтын басты әйелден бақыр басты

Ер артық»,- деді емес пе қайран бабам

Намысын ер ұландар бермей қолдан

Шылымды қояр деп мен үміттенем

Жүргізуші: «Денсаулық дәрістері» айдарымен берілген «Темекі шегу- зиянды әдет» атты бағдарламамызды аяқтай келе үй тапсырмасы ретінде сұрақтар бермекшімін.

Қолдарыңызға қаламдарыңызды алып, сол сұрақтарды жазып алыңыздар.

Сұрақтар:

1. Табиғат адамға өмір сүруге қанша жыл береді?

2. Адам өмірін қысқартатын не?

3. Зиянды әдеттерді атаңыз

4. Денсаулық сақтау министірлігі әрбір темекі шегушіні неден сақтандырады?

5. Темекіде қандай зат қауыпты болып саналады?

6. Адамның өмірін темекі шегу әдеті қанша уақытқа қысқартады?

7. Жасөспірім ағзасына қалай әсер етеді?

8. Темекі шегуші адамның қасында болу неліктен зиянды?

Темекі жайлы әдебиеттерде пайдалана отырып, осы сұрақтарға толық жауап жазыңыздар. «Шылым шеккенің іші де күйеді, пұлы да күйеді» деген тақырыпқа щығарма жазыңыздар.

Бағдарламамыз осымен аяқталды. Дендеріңіз сау болсын. Зиянды әдеттерден аулақ болып, ұзақ та бақытты өмір сүріңіздер!

Тақырыбы: Кітапхана – рухани қазына

Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары-бірінен- бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Кітап-рухани прагресстің кепілі,ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті жақындастырар,түсінікке бастар аса маңызды рухани фактор. Кітап- әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру –білімге қызықтыру.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы кітап шығару ісі қолға алына бастады. Соның бірі айғағы кейінгі жылдары «Мектеп»,«Жазушы», «Алматыкітап» баспаларынан шыққан балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапхана қорлары толықтырылып,жаасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылықтары арта түсуде.

Әр кітап- Отан байлығы екенін түсіндіре отырып, кітапты лас қолмен ұстауға, жыртып,жазуға болмайтынын ұғындыру үшін бастауыш сыныптар арасында «Кітапты күтіп ұстайық» ертеңгілігін бастаймыз.

Мақсаты:

Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғымдыру.

Кітап жасаудағы адам еңбектері.

Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету,

Көрнекіліктер: білім,кітап туралы жпзылған плакаттар, кітап көрмесі, жазышулар суреттері.

Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Кітапхана сағатын А. Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын:

Балалар, бұл жол басы жаңалыққа.

Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.

Соларды көре тұра калалық па?

Даналық -өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңіздер, іздеп, тауып алалық та?

Осы кезде үлкен кітап ұстаған оқушы кіреді:

-Балалар мен сәл кешігіп қалдымау, деймін, кешіріңдер! Сендермен дос болып, қайтатыныма сенімдімін.

2-жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз. Кітап жоғары шығыңыз.

Ән «Елімізді сүйеміз!».

1-жүргізуші:Ендеше балалар, бүгінгі мерекемізді жұмбақ айтудан бастайық.

Көп әңгіме, өлеңім,

Күнде ақша беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен оны жақсы көремін.

Тілі бар, үні жоқ ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

Қабат –қабат қаттама,

Қаптамадан аттама.

Ақылын оның алабер,

Айытқан сөзін жатта да.

(Оқушылар жұмбақты шешеді).

2 –жүргізуші:Тәрбие сағатын жұмбақпен тегіннен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміз кітап жайлы болмақ «Кітап» деген сөз қайдан шыққан қандай мағына береді, кім айтады?

Кітапханашы: біздің елімізде бірде бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы Мемлекеттік маңызы бар. Білім туралы Заң қабылданған. Елімізде кітап шығаруға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Оқулықты, көркем әдебиетті күтіп ұстай білейік,оларды басып шығаруға аға, апаларымыз көп еңбек етті.

оқушы:


Орманшының аялы,

Алақайы өсірген.

Сансыз ағам саялы,

Қағаз үшін кесілген.

оқушы:

Баспаларды күн –түні,



Қағаз жасап бағалы,

Қанша адам, кім үшін,

Маңдай тері тамады.

оқушы:


Кітаптарды баршаға,

Талай ғалым қолға алып,

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

Ән «Ұланымыз ұлы елдің».

оқушы:


Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып әр түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қаншама уақыт отырды.

оқушы:

Әріп теру үшін де,



Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

оқушы:


Оқулықты мектебім,

Бекер саған теп –тегін .

Білмейсің –ау сен бірақ.

Қаншама еңбек кеткенін.

оқушы:

Оқулықты құрметте,



Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Ән «Туған ел».

оқушы:

–Кітап –ел мен жерді сүю,талапты кішпейіл болуға, төзімділікке баулиды.



оқушы:

–Кітаптан әркім ақыл –кеңес, тәлім –тәрбие,үлгі -өнеге алады. Кітап біздің рухани жаи азығымыз.

оқушы:

–Ия, құбылыстарым, кітаптардың да арманы бар. Ол –лас, ұқыпсыз оқушы қолына түспеу.



оқушы:

-Бәріміздің де арманымыз сол, білімге қызығатын, ұқыпты балалардың қолына түссек екен!

оқушы:

–Ия достар, кітап қадірін білетін, жақсы балалар көбейе берсін!



Кітапханашы: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және оған ұқыпсыз қарайтын балаларда кездеседі. Кітапты ерінбей оқысаң , ол саған ақыл айтудан ерінбейтін, жалықпайтын шебер ұстаз.

Кітап –жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамдарға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың.

Тақырыбы: Қызықты кітаппен достасайық

Сабақтың мақсаты:

Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.

Сабақтың барысы:

1 - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 2 - сынып оқушылары дайындаған «Кітап - білім бұлағы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - бөлім. Кіріспе.

Кітап туралы не білеміз?

Кітап – араб сөзі, “жазба”,

ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз

Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құрал

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.

Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.

Жұмбақ шешу. Мұғалім: Балалар бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр.

Кітапты ортаға шақырайық.

Кітап: Балалар, мен білім көзі - кітаппын. Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді. Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?

Балалар: Ағаштан

Мұғалім: Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз. Кітап сен бізге қонақ болып, балалардың білімін тамашала. Оқушылардың кітаптың жасалу жолы туралы тақпақтары:

Мағынаны таны.

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

3 - бөлім. Топтық сайыс. 1. Таныстыру. 2. Жалғастыр

Ойын: Кітап нені сүйеді?

3. Көркем сөз

Даналық

4. Ойлан, тап.



5. Өнер көрсету

Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер

Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.

Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.

6. Көрініс

2. «Науқас кітап» көрініс. Дәрігер ролінде: Гүлсәт,

Науқас кітап рөлінде: Сағындық.

„Кітаптың мұңы „

Самал: Ұқыпты баланың кітабы. Наурыз: Жалқау баланың кітабы

Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен

Есіңе сақта!

1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек

3. Кітапты қалай болса солай оқыма.

4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма!

Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.

слайд Жалғастыр

1. Кітап - таусылмайтын байлық. 2. Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.

3. Кітап – алтын қазына. 4. Өнерліге нұр жауар

5. Өнер - ағып жатқан бұлақ, Білім - жанып жатқан шырақ.

1. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.

2. Білім тозбайды, Ақыл азбайды.

3. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті

4. Білекті бірді жығады,..................

5. Оқу білім бұлағы,....................

Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?

Ы. Алтынсарин Кел, Балалар оқылық тақпақ

Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан - жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап - білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.

Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен

Есіңе сақта!

1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3. Кітапты қалай болса солай оқыма.

4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма!

Қорытынды.



Каталог: uploads -> doc -> 011b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
011b -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. «Әке мен бала»
011b -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
011b -> Сабақ «Су-тіршілік көзі»
011b -> Тіл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты. Тәрбие сағат тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет