Сабақтың тақырыбы: Намыс Бағдат Мәжитов



Дата15.09.2017
өлшемі11,79 Kb.
#33257
  • Сабақтың тақырыбы: Намыс
  • Бағдат Мәжитов
  • Мақсаты:
  • мәтін мазмұныны
  • мен идеясын ашуға
  • мүмкіндік беру;
  • Психологиялық дайындық
  • Ең бірінші бақытым – халқым менің,
  • Соған берем ойымның алтын кенін.....
  • Ал, екінші бақытым – тілім менің,
  • Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
  • Бақытым бар үшінші – Отан деген,
  • Құдай деген кім десе – Отан дер ем!
  • Үй тапсырмасын тексеру:
  • - Мәтіннен өзің үшін жаңалық болған не?
  • - Құстардың туған жеріне деген сезімдерін кітаптан оқып бер
  • - Терістік бұлбұл дегенді қалай түсінесің?
  • - Қарғалар жыл құсы бола ала ма?
  • «Биопоэма» әдісі
  • Аты - .................
  • Сипаттайтын 2-3 сөз - .........................
  • Қай тілде сөйлегенді ұнатасың? -..................................
  • Қандай тіл үйренгің келеді?- .................................................
  • Қандай шет елдерге барғың келеді?-...........................................
  • Болашақта қайда сапар шеккің келеді? -...........................................
  • Өз туған елің туралы пікірің - ............................................................
  • Туған тілде сөйлемейтін құрбыларыңы тілегің - ........................
  • Араласып кеткен оқиғалар
  • Абзал – қаланың баласы. Алматыда тұрады. Биыл үшінші сыныпта оқып жүр. Ал ағасы Арман- студент. Болашақ дипломат. Дипломат дегеніміз – шетелдерде жұмыс істейтін елшілік қызметкері. Ағасының
  • тыңдайтын дәрістері ағылшын тілінде жүредді .........
  • Бір күні ол ағасына :
  • -Аға , маған да ағылшын тілін үйретіңізші , -деді.
  • - Сен әлі кішкентайсың. Келер жылдан бастап ағылшын тілін өздеріңде оқисыңдар,-деп ағасы күлді.
  • Ағасы Абзалдың айтқанынан қайтпайтынын жақсы біледі.
  • Абзал орысшаға да жүйрік. Бірақ үйде тек қазақша сөйлейтін.Әкесі бірде Абзалдың Мұрат деген досымен орысша сөйлескенін байқап қалыпты. Кешке жұмыстан келген соң, ұлын оңаша шақырып:
  • Абзал, айтшы, сы сен кімнің баласысың?- деп сұраы
  • Ауылдағы атамның баласымын, -деді Абзал мүдірместен.
  • Дұрыс айтасың,- деді әкесі.
  • Бірақ сен ең алдымен қазақтың баласы екеніңді ұмытпа.
  • Ал қазақтың баласы қазақша білмесе немесе біле тұрып қазақша сөйлемесе ұят. «Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте!» - деп кім айтқанын білесің бе?
  • Білем, ақын Қадыр Мырза Әли атамыз айтқан.
  • Білсең, сол атаңның өсиетін ешқашан есіңнен шығарма. Осыны достарыңа да айтып жүр,- деп , әкесі ойын түйіндеді.
  • Абзал үндемей қалды. Үндемегені – ұялғаны. Ертесінде әкесімен болған барлық әңгімені Мұратқа айтып берді. Содан бері екеуі бір-бірімен тек қазақша сөйлеседі....
  • Бүгін жексенбі. Өткенде ағасы: «Келесі жолы музейге апарамын» деп уәде берген. Сол уәде бойынша екеуі ерте тұрды....
  • Музейге алматылықтар ғана емес, шетелдіктер де көп келеді екен.....
  • Сөйтіп тұрғанда қастарына шетелдік екі жігіттің келе қалмасы бар ма! Сөйлескен сөздерін тыңдап, олардың ағылшындар екенін біле қойды. Ағылшындар көңілді. Абзалдың ағасы амандасып еді, біреуі: «Менің атым - Билл» , - деп, тілін бұрап өзін қазақша таныстырды. Абзал аң-таң . Шетелдіктер ағасымен тез шүйіркелесіп кетті.
  • Музейден шыққан соң ағасына сұрақты жаудырады.
  • -Ағылшындар сізге не деді?
  • -Олар-америкалықтар. Америка халқы ағылшын тілінде сөйлейді,-деді ағасы.
  • - Біреуі қазақша білетін сияқты. Олар біздің тілімізді қайдан үйреніп алған?
  • -Ынта-ықылас болса, бәрін үйренуге болады. «Сендердің тілдерің-бай тіл.Сөйте тұра кейбір қазақтардың ана тілінде сөйлемейтіні қызық»,-деді. Мен сонда не дерімді білмедім,- деп ағасы тершіген маңдайын сүртті Екеуі де біраз үнсіз қалды. Абзалдың бойын намыс оты шарпыды.
  • Жоспар құру
  • 1.Абзал мен ағасы Арман
  • 2. Әкесінің ескертуі
  • 3. Музейге сапар
  • 4.Намыс отының шарпуы
  • ІІІ. Сергіту сәті
  • Екі көзің не үшін керек?
  • Жақсыларды көру үшін !
  • Екі қолың не үшін керек?
  • Елге көмек беру үшін!
  • Құлақ деген не үшін керек?
  • Ақыл –кеңес тыңдау үшін!
  • Жүрек деген не үшін керек?
  • Жауларымнан қорықпау үшін!
  • Тіл мен жағың не үшін керек?
  • Ақиқатты айту үшін!
  • Ал аяғың ?
  • Шетте жүрсем , туған жерге қайту үшін!
  • Дәптермен жұмыс
  • 1. Сөздікпен жұмыс
  • 2. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырманы орындау
  • -мәтін неге намыс деп аталды?
  • -Егер сенің даусыңды барлық әлем
  • тыңдаса өз еліңнің тіліне,
  • туған еліңе деген махабаттыңды
  • қалай білдірер едің?
  • Ойтолғау
  • Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
  • Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
  • Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
  • Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
  • Туған тілде сыры терең жаным бар,
  • Туған тілде әнім менен сәнім бар.
  • Туған тілім тіл болудан қалса егер
  • Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
  • Үйге тапсырма:
  • Мәтінді әңгімелеу
  • - Америкалықтарға жауап хат жазу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет