Тақырыбы: Менің елімнің тарихы



бет3/6
Дата11.11.2016
өлшемі2,63 Mb.
#1490
1   2   3   4   5   6
:«Дені саудың-жаны сау

Мақсаты:

Білімділік: Денсаулық сақтау мен нығайту, жүйелі тамақтану мен күн тәртібі, гигиеналық талаптар туралы білім беру.

Дамытушылық: Адамның және айналасындағылардың денсаулығын сақтауда оқушылар бойында азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың танымдық ой – өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тереңдету.

Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір салтын сақтап, денсаулықтарын шынықтыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: нақыл сөздер, көріністер.

Мұғалім:

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па,жоқ даңқ қымбат па ?» деп сұраған екен .Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды . Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен .

Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.

Біріншісі - ерте тұру.

Екіншісі - орта тазалығын сақтау.

Үшіншісі - дене шынықтыру.

Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.

Бесіншісі - үнемі сергек жүру.

Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.

Жетіншісі - көп ұйықтап жалқау болмау

Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.

Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.

«Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер ?

Денсаулық – бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарық, ылғал, ауаның, судың құрамы және көптеген басқа заттар әсер етеді. Денсаулықтың негізгі қызметі адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Олай болса үйге берілген тапсырманы жатқа айту. Яғни, «Денсаулық – шексіз бақыт» атты өлеңін түсіну.

1-Оқушы:

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда.

“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
2-Оқушы:

Денің сауда күштісің бұл әлемде

Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де

3 – Оқушы:

Денің сауда жетерсің арманыңа

Жоспарлап алға қойған мақсатыңа

Денің сауда көрерсің бұл дүниенің

Бар қызық, рахатын, жарығын да.

«Жақсыдан үйрен , жаманнан жирен» деп ата – бабаларымыз айтып кеткендей атадан қалған асыл сөздер мен мақал - мәтелдерден қаншалықты білетінімізді көрсетейік

1. Ауру қалса да әдет қалмайды.

2. Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады.

3. Денсаулық кепілі – тазалық.

4. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.

5. Әлсіз денеге ауру ұялағыш.

6. Жаның сау болса, сорлымын деме,

Тәнің сау болса, жарлымын деме.

7. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

8. Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті

9. Ауруын жасырған өледі.

10. Сырқат - тән жарасы, қайғы – жан жарасы.

11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.

Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.

а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)

ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)

б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)

в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)

г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)

ғ) тазалық кепілі (денсаулық)

Мынандай жағдаяттар бойынша сөйлеңіз.

1.Таныс баланың күнде ішімдікті қолданбай тұра алмайтынын білесің, не істейсің?

2.Достарың «Арақ іш, ішпесең бізге жолама» десе қайтер едің?

3.Сен ақшадан қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз»десе не істер едің ?

4. Досыңыз үнемі көңіл көтеру үшін арақ ішуді әдетке айналдырды. Қандай кеңес айтар едіңіз?

2. Транспортта/көлікте/ келе жатырсыз. Қасыңызға мас жүргінші отырды. Сіздің мазаңызды алып бітті. Не істейсіз?

3. Түрлі кештердің, отырыстардың сәні арақ-шарап ішуге айналып барады. Осыны тоқтату үшін қандай амал табар едіңіз?

Қорытынды. Мұғалім:

Денсаулықтың Достары Қастары

Еңбек, күн, су, ауа, дұрыс тамақтану, дұрыс ұйықтау, күн тәртібі, дене күтімі, жеміс-жидек.

Ластық, арақ, насыбай, жалқаулық, еріншектік,темекі

Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер!

Бүгінгі тәрбие сағаты

Денсаулық жайлы сөз еткен.

Көп нәрсені ұғып алдық

Кетпейтұғын мәңгі естен!-деп аяқтаймыз.

Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.

Сабақтың тақырыбы: Аулақ бол, жаман әдеттен.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге

қамқор болуға үйрету.

Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Көрністерге қажетті құралдар, макеттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

І Кіріспе.

Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бізге адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Алдымен бұл қасиеттер біздің бойымызға ананың ақ сүтімен дариды.

Сондай-ақ адам бойында жаман, жат, теріс қасиеттер де болады.

Ол қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «Аулақ бол , жаман әдеттен» атты сабағымыздың барысында білетін боламыз.
ІІ Негізгі бөлім.

1.Атасына келді де,

Сұрады сәби немере.

Жақсы деген немене ?,

Жаман деген немене ?.

(Тақтада жазылған адам бойында болатын қасиеттерді «жақсы», «жаман» деп бөледі.)


2.Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа оқылып, бес асыл іс пен бес дұшпанды ажыратады.

Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.

Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай)
3.Көрініс «Үш ұл»

Талдау жүргізіледі.

Екі баланың осындай болуына не әсер етті деп ойлайсыңдар?

Үшінші балаға мінездеме беріңдер.(Үлкенді сыйлайтын, еңбекқор, адамгершілігі мол бала)

«Жалқаубек» әні орындалады.
4.Айтыс. «Не жақсы?» , «Не жаман?»

5.Сурет бойынша әңгіме «Екі дос»

6.Жұмбақ шешу.
Дәптеріне әріпті

Қаздай тізіп жазатын,

Үйді таза сақтайтын,

Кітаптарды шашпайтын баланы кім дейміз? (ұқыпты)

Түймесін де қадайтын,

Сабақтан да қалмайтын,

Еденді де жуатын

Еңбекті қатты сүйетін баланы кім дейміз? (еңбекқор)

Қол ұшын беріп,

Көмегін де аямайтын.

Қызығына қуанып,

Ренжи қалса , жұбататын адамды кім дейміз? (дос)

Ән де айта алатын,

Би де билеп беретін,

Домбырада күй ойнап,

Сурет сала білетін баланы кім дейміз? (өнерлі)

Жаны үнемі жадырап,

Күлімсіреп қарайтын,

Жылы сөздер айтатын,

Жүрегі жұмсақ адамды кім дейміз? (мейірімді)

Үлкеннің жолын кеспейтін,

Сәлем беріп жүретін,

Кішіге ізет білдіріп,

Қамқоршы бола білетін баланы кім дейміз? (әдепті)


7. «Мен қандаймын?»

Балалар күннің суреті салынған параққа өздерінің бойында қандай қасиеттер барын

жазады.
8. «Ыстық орындық»

Ортадағы орындықта бір оқушы отырады. Басқа оқушылар сол баланың бойында бар

қасиеттерді айтады.

Ол баланың өзі жазған пікірімен салыстырылады.


9. «Халық тағылымы»

Тыйым сөздерді оқушылар кезектесіп айтады.


10. Көрініс «Бақша ағаштары»

Талдау жүргізіледі.


ІІІ Қорытынды.

Интерактивті тақтада жаман -жақсы қасиеттер суреттер арқылы салыстырылып берілген.

Адам бойында болатын қасиеттердің ұнамды, ұнамсызын ажырата білейік.

Ата –анамыздың, ата-әжелеріміздің және ұстаздарымыздың айтқан ақыл кеңесін ойымызға тоқып, жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашағы жарқын, адамгершілігі мол адам болып өсеміз.

Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым

Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету

Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,

саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы

Бүгін саған әлем түгел қарайды

Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның

Бейбітшілік таңы әр кез арайлы

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы


«Менің Қазақстаным – менің болашағым»

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада жылап келіп уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ жері өнерлі, өсиетті

Египетті билеген Бейбарыстай

Елі текті, киелі, қасиетті.


Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім

Азап жүгін ел жауын қуған ері

Әділет пен бірлікке жанын қиып

Әділ өткен билердің туған жері


Қазақ жері – қонақжай төрлер жері

Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі

Елі кедей болмаған, жері байтақ

Едігедей, Бабырдай шерлер елі


Мәнге толы қазағымның ғұмыры

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры

Кеше ғана керексіз ғып тастаған

Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы


Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма

Сүй, Отанды

Шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал, ойына, қырына да
Ел болдың ерік алдың астаналы

Енді кімнен қазағым, жасқанады

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.


Сөзжұмбақ «Отан»
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық

2. Елордамыз қай қала Астана

3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ

4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран


Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.
Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім.

Менің - Қазақстан


Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.

Қыран құсым көк аспанда самғасын

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр

Жас ұландар, берік ұста туыңды

Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.

Еліміздің рәміздерін атайық.

(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)

1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.

Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.

Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков

Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.

Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.

Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Біздің еліміз

Қазақстан Туымен тұғырлы

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты

Еліміздің рәміздері туралы не білесіз?

Әнұраным, жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам – Әнұраным


Шексіз көк аспанды жамылады

Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі

Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын

Әнұран – Мемлекеттің халық әні


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

- Еліміздің Туы. Елтаңбасы туралы не айтамыз?


Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.

Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,

Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.


Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз көктейміз.


Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй


Бұл - таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұнда да бір ерлігім

Мұнда да бар жер күші


Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі


Ән. Елтаңбасы елімнің

Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.

Ақын – жазушыларымыз

Қандай сұлу, қандай көркем,

Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.
Әйнегі күн – шатыры аспан

Кең дала, төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан – Республикам менің!


Айқаста жаудың алқымын сыққан

Ажалға қимай намысты елін

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан – Республикам менің


Абай туған, Сәкен Туған

Құрметте досттым қазақтың жерін

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан – Республикам менің!


Көгінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу неткен көркем

Осы менің туған өлкем


Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу неткен көркем

Осы менің, туған өлкем!


Ер еңбегі шалқып тасқан

Ел еркіндей бақыт тапқан

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!


Ән. Отаным Қазақстан!

- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тілімен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.


Біз, қазақ – мал баққан елміз

Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз

Басымыздан құт-береке қашпасын деп

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Найзамызға үкі таққан елміз

Ешбір дұшпан басынбаған елміз

Басымыздан сөз асырмаған елміз
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат

«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.


Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген

Жанып жатқан лапылдап отқа түскен

Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген


Көк байрағын көтеріп

Желбіреткен қазақпыз


Түбі бірге бауырды

Елжіреткен қазақпыз


Бостандықты сағынып

Қолына алған қазақпыз


Жұлдызымыз жарқырап

Жолы болған қазақпыз


Би «Қара жорға»
Туған тілім – тірлігімнің тірегі
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.

Қымбат маған анам тілі, бал тілім

Қымбат маған дана тілім, ар тілім

Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар

Жырлап өткен Ыбырай мен абайлар

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.


Ана тілім бәрін сөйлер шежірем

Тілсіз нені білдіре алам не білем

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем


Өлең жырмен арайланса таң күліп

Ардақтымды жырлап өтем мәңгілік

Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын

Жалғастырып жаза берем мәңгілік

Ән «Айналдым ана тілімнен»
Өткен тарихымыздан аздаған түсінік

ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.


Көрініс Үш бидің даналығы.

Жерімді гүлдендірген аңыз өлкен

Данышпан даналары аңыз еткен

Үш жүздің басын қосып біріктірген

Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер

Қазақ биі (Әмірбекова Ақерке)

Отанымыздың жүрегі

Тәуелсіздік тірегі

Жеріміздің кіндігі

Халқымыздың бірлігі – Астана

Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті

Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі Астана – азат елдің бас қаласы.

Астана кеше ғана басқа қала

Айналды бәйтеректі Астанаға


Астана туралы өлең шумақтары
Осынау елде бақ табам.

Осынау елде шат балам

Мерейін елдің артырған

Астанам – менің Астанам


Байтақ дала – жерім менің

Арта берсін кенің сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің

Ән «Бала тілегі» (Әбдіхалықова Лиза)
Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.
Жаса Қазақстаным,

Жаса, менің ұлы елім!


Көрініс
Астана кеше ғана басқа қала

Айналды бәйтеректі Астанаға

Астана қаласы – Біздің Отанымыздың жүрегі:

Жаса Қазақстан,

Жаса, менің ұлы елім!
Жаса Қазақстан, жаса менің қазағым

Артта қалды қиындық пен азабың

Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім

Атқан таңдай ашық болсын ажарың


Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым

Алтын бесік байтақ дала – арманым


Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым

Көк аспанда желбіресін байрағың


Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым

Өз ұраның айтылсын өз әнің


Ана тілдің айбыны асқақтап

Болсын таза дін


Батыр ұлың ел көшіп бастаған

Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң


Ашық аспан астында

Мәртебең ассын басқадан


Байтақ дала – жерім менің

Арта берсін жерің сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің

Ән «Атамекен»

Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Тақырыбы: « Ата –баба дәстүрі - ұрпаққа аманат
Мақсаты: Ата –бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Балаларды ұлттық салт –дәстүр,әдеп –ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру және ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қабырға газеттері,нақыл сөздер, шарлар, қазақы бұрыш.

Барысы: І Ұйымдастыру

Құрметті қонақтар,ұстаздар,балалар!

Ассалаумағалейкүм ,халқым менің,

Ардақтап дәстүріңді салтыңды елім

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.

«Халық –қалың орман ,әрі пана ,әрі қорған».Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі ,салт –дәстүрі,діні,тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиемізде ананың ақ сүтінен,ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.Құрсақ шашу, жарыс қазан, шілдехана,бесік той,баланы қырқынан шығару, тұсау кесер ,сүндет той, атқа мінгізу тойы,тоқым қағар.

Бала дүниеге келмес бұрын анасының құрсағында жатқан күннің өзінде –ақ,құрсақ шашу тойын жасаса, дүниеге келерде жарыс қазан тойын жасайды, қазақ халқының осындай салт – дәстүрінен ана мен балаға деген мейірім шапағатын байқаймыз.Ал бала дүниеге келгенде ата –бабаымыз ат шаптырып, той жасап, салты мен дәстүрін,әдеп – ғұрып үлгілерін өнеге етіп болашақ ұрпағына үйреткен. «Ата –баба дәстүрі ұрпаққа үлгі» атты ашық тәрбие тағылымымыздың мәні ана сүтімен даритын салт –дәстүр жайлы болмақ..

Балалар –бүгін біз әр топқа саяхат жасаймыз.

«Өнер алды –қызыл тіл» тобы

Амансыңдар ма балалар!

Біз сендерге өнерлеріңді тамашалауға қонаққа келдік.

Қане салт – дәстүр жайлы не білесіңдер?

Алтынай:


Біздер бұрын көрмеген,

Салт – дәстүрін білмеген.

Үйренеміз дәріптеп,

Заманымда өрлеген.

Альбина: Қонақ күту салтымыз,

Оқып –біліп жатырмыз.

Салт - дәстүрі сақталса,

Арта берер даңқымыз

Мөлдір: Ата –бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата –жолын жалғапты.

Әділер: Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Қазақ халқының өмірінде жыраулық , термешілікпен қатар табан астында өлең шығарып, суырып салмалық өнер де кеңінен дарыса керек. Халқымыз үлкен жиын тойларда бір – біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Ол кейіннен айтыс деп аталған. Айтыстың бірнеше түрі бар: ақындар айтысы,қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтыс. Осылардың бірі қыз бен жігіт айтысына құлақ салайық . «Асыл қазына» тобынан Ақжан мен Нариман айтысқалы отыр. Көріп тамашалаңыздар.

Қыз бен жігіт айтысы

Ерғанат: Айтып қойшы қарағым,

Қандай боп жүр сабағың.

Жайын біліп қояйын,

Сендей салақ баланың

Әлібек: Сөзін тыңда қарағым,

Мен секілді баланың

Сен осында қаласың

Мен мектепке барамын

Хурсанд: Қайда барсаң онда бар,

Семіргенің жөн болар.

Тәртібіңнен алайда,

Болмай тұр –ау оң хабар.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Көрініс: «Әжесі мен немерелері»

(Әжесі тоқыма тоқып отырады)

Немересі Нұрай: Әже,әже, не істеп отырсыз?

Әжесі: Е, балам саған шұлық тоқып берейін деп отырмын.

Нұрай: Әжетай «Тұсау кесу» деген қандай ырым?

Әжесі: Е,балам, Абай аталарың айтқан екен: «Туғанда дүние есігін ашады өлең,өлеңменен жер қойнына кірер денең» деп.Айтқандай сәби шыр етіп дүниеге келгеннен «Бесік той», «Қырқынан шығару»,« Шілдехана», «Тұсаукесер» деген сияқты ырымдар жасалып, адамның өмірі той –думаннан басталады.

Немересі Қажы: Әже баланың тұсауын немен кеседі?Сол туралы айтып беріңізші.

Диас : Әже, әже мен айтайыншы.

Әжесі: Айта ғой балам.

Диас: Баланың тұсауын малдың тоқ ішегімен кесу елдің тоқ болуына байланысты.

Анар: Ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін аттамай, адал болып өссін деген ниеттен туған.

Әсем: Сәбидің тұсауы көк шөппен кесілсе, көк шөптей өсіп өнсін деген ұғымды білдіреді. Тұсауын кесетін сәби ортаға әкелініп, «Тұсау кесу» жыры айтылады.

Дильназ: Әже, тұсау кесу жырын айтып берші.

(Әжесі тұсау кесу жырын айтады)

Әже: Қаз –қаз, балам,қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз –қаз, балам,қаз балам,

Тақымыңды жаз балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңдщы санайық.

Қаз баса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Балалар енді қараңдаршы мына жақта

«Ойлап көрде ,озып көр» деген топ күтіп отыр екен. Мен осы балалардың білімін сынап көрейінші.

1. Қазақтың балаға байланысты әдеп –ғұрпын ата?

-шілдехана, бөбекті қырқынан шығару, тұсау кесер, бесік той

2.Жеті атаны ата?

Біріншісі –атасы,

Екіншісі- әкесі.

Үшіншісі –баласы,

Төртіншісі –немере.

Бесіншісі –шөбере,

Алтыншысы –шөпшек те,

Жетіншісі –немене.

3. Үш биді ата?

-Төле би,Әитеке би, Қазыбек би

4.Тыйым сөздер

Дастархан басында әзіл –қалжың,өлең –жыр айтылған.Өлең –жыр-

сыз ,домбырасыз көңіл көтеру болмаған.

Ән: «Домбыра сазы»

Балалар біз енді соңғы аялдамаға келдік.

-Балалар қараңдаршы мен сиқырлы қобдиша тауып алдым. Қане,ашып көрейінші.(Музыка ойнайды). Балалар ішінде конверт жатыр.Бізге біреу тастап кеткен сияқты. Ашып оқып көрейін.Балалар бізге әжелер қонаққа келе жатыр. Қане бәріміз әжелерді қарсы алайық.

(Әжелер әндетіп кіреді)

-Амансыңдар ма балалар?

Біз сендерге салт – дәстүрімізді көрсеткелі келдік.

Қане,балалар онда бәріміздің назарымыз әжелерде болсын. Салт –дәстүріміз жайлы білейік.

1.Қырқынан шығару.

2.Бесікке салу

3.Тұсау кесер

(Көрсетіліп болғаннан кейін , музыка ойнайды)

Балалар бізге тағы бір дыбыс естілді. Қане жан –жағымызға қарайықшы.

Атпен шауып атай келеді.

-Амансыңдар ма балалар?

Мен көрші ауылға бара жатыр едім. Жолай сендерге 7 күлше таратып,бата бергелі келдім.

Бата:

Дастархандарыңа береке берсін,



Бастарыңызға мереке берсін.

Астарыңа адалдық берсін,

Бастарыңа амандық берсін.

Дендеріңе саулық берсін,

Үлкен азамат боп өсе беріңдер!

Әумин!Құрметті қонақтар! Осымен сіздерге арналған «Ата –баба дәстүрі ұрпаққа үлгі» атты ашық тәрбие тағылымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп –көп рахмет!


Тақырыбы: Өмір,қымбатсың маған!

Мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Міндеттері:

- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;

- өмірге құштарлықтарын дамыту;

- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер

«Өмір жыры» Сөзі Т.Молдағалиевтікі Әні Ә. Бейсеуовтікі

1.Өмір деген ойын да емес,той да емес,

Басқалардан биік тұрар бой да емес.

Өмір деген шахмат емес шатасқан,

Өмір деген ұта қояр дойбы емес.

Қайырмасы:

Өмір –қатаң емтихан,

Өтпейтіндер құлайды.

Қадіріне жетпейтіндер

Өмір бойы жылайды.

2.Өмір оны келе жатыр дәлелдеп,

Өмір деген - еңбек, еңбек және еңбек.

Өмір деген бақыттың да құсы емес,

Қарап жатсаң,қона қалар саған кеп.

Сұрақ-жауап: - Өмір дегенді қалай түсінесіңдер ?

Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады?(тағдыр,тіршілік,махаббат)

Сәттілік сәті. Бір - біріне тілек айту арқылы жүрекшелерді сыйлау.

Мәтінмен жұмыс.Ш.Сариевтің өлеңімен таныстыру.Өмір тек бақыт,қуаныш,шаттықтан ғана емес,оның көлеңкелі жақтары да болатындығын ұғындыру.

Өмір деген тұрмайды қап - қарадан

Ш. Сариев

Өмір деген тұрады:таң мен кештен,

Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.

Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге,

Адамдар Армен келіп,Армен көшкен.

Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,

Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.

Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,

Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз.

Күн десең де,тірлікті түн десең де,

Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,

Жолында жолығатын қос тағдыр бар:

Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.

Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті,

Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.

Жолында жолығатын екі тағдыр,

Күтеді Адам үшін сын сағатты.

Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,

Тірлік татып жатады шулы - шусыз.

Кез келіп тағдырына келеді Адам,

Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.

Қолға түспес дүние жұрт таласқан,

Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.

Сезінер жүрегімен,жаныменен,

Өмір әр кез ашық Күн,Бұлт та басқан.

Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.

Өмір деген тұрады:ақ - қарадан,

Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп,

Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?

Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады?

Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?

Адам баласы не үшін өмір сүреді?

Өмір деген несімен қымбат?

Сенің өмірдегі мақсатың қандай?

Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?

Оқу ақпаратын оқыту,әр ойды тиянақтау,мысал келтіру

Адам өмір бойы өзін-өзі тану,құндылықтарды пайымдау,жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады.

Халқымыз:

«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт - құты қашсын» - дейді.

Адам жаман - жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.

Міне,мен кішкене өмірімді тағы бір тексеріп,әр күнімнің ізіне түсіп отырмын,алыстан бастап дәл бүгінгі күнге жеттім.

Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп,біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ,қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап,сол күйінде қайтадан есіңе түседі.Бір тізбегі - сегіз жылдық бақытты шағың,бала кезің;одан соң оқумен өткен он жылың,одан кейін - армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім,- қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.

Міне,тап бүгінгі түнде,таңертеңгі ұрыс алдында,туған елім мен барлық халқыма,тіпті барлық адам баласына: «Мен өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі,мен өмірімді қатты сүйемін,менің өмір сүргім келеді!» - деп бар дауысыммен айқайлағым келеді.

Адам боп оңай туғанмен,

Адам боп қалу көп қиын.

«Елім үшін жаным құрбан» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Бейбіт заманда елі үшін жанын пида еткен қандай ерлерді білесіңдер?

Өмір туралы слайдтарды көрсету. Өмірдің әр сәтін өзіне түртіп алып, соның біреуіне өлең, мақал, ой толғау жазу немесе сурет арқылы бейнелеу. Өмірдің әр сәтінен ләззат алу.

Жүректен жүрекке. «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін бірге орындау.

Қорытындылау.

Ең бастысы - жүрегің таза болсын;

Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;

Өмір - сұлулық,сүйсіне біл;

Өмір - арман,жүзеге асыр;

Өмір - парыз,орындай біл;

Өмір - ойын,ойнай біл;

Өмір - байлық,бағалай біл;

Өмір - махаббат,ләззат ала біл;

Өмір - құпия,сырын аш;

Өмір - қайғы,көтере біл;

Өмір - күрес,жеңе біл;

Өмір - бақыт,баянды ете біл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет