Тақырыбы: Менің елімнің тарихы


«ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» БАЯНДАМА



бет5/6
Дата11.11.2016
өлшемі2,63 Mb.
#1490
1   2   3   4   5   6

«ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» БАЯНДАМА 

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. 
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. 
Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды. 

Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді. 
Ата-ана мен бала үйлесімділігі
Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек? Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек. 
Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз. 
Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек. 

Ата –аналардың міндеті
1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға;
2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға; 
3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға; 
4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге; 
5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге; 
6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға; 
7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға; 
8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға; 
9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –аналар жиналысына қатысып отыруға. 

12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес:
Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені. 
Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық. Сырт келбеті өзгереді. Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл-парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бойжетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет-әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз. Жасөспірімдердің өзін салыстыра бастайтын өз сұлулық эталоны болатынын естен шығармаңыз. Кейде тіпті сырт келбеті оның келешек өміріне де әсер етуі мүмкін. Сондықтан олар көпшіліктен ерекшеленіп, көзге түсуді ойлайды.

Тәрбиеге қатысты кеңестер
Баланың тәрбиесін қолға алғанда жаман көңіл-күймен бастаған дұрыс емес.
Ең алдымен баладан не талап етесіз,соны жақсылап анықтап алыңыз және балаға түсіндіріп, осы ұсынысқа қалай қарайды сол жайлы біліп алыңыз. 
Балаңызға еркіндік беріңіз.Әрбір қадамын тексермей, тек қана тәрбиелей біліңіз. 
Балаңызға дайын шешімді шеше білуге көмектеспеңіз, керісінше оған жетудің жолын көрсетіңіз, уақыты келгенде балаңызбен мақсатқа жетудің шынайы және өтірік қадамдарын ажыратыңыз. 
Балаңыздың ең алғашқы арманына жеткен уақытты жіберіп алмаңыз. 
Уақытында ескерту жұмыстарын жасаңыз, жағдайды бағалаңыз, содан соң пауза жасап, естілген сөздерді қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Ең алдымен жеке тұлғаны емес, ал жағдайды бағалау керек. Баланың жасаған қателіктеріне қарамастан, балаға мейірім көрсетіңіз, жанынан табылыңыз. 
Тәрбие бірнеше кезеңдерден тұрады. Тәрбие қатал болуы керек, сонымен қатар мейірімді де. 
Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне қатысты кеңестер
Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады: 
1. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру. 
2. 5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін анасына,әкесіне айтып береді. Сол шыншылдығымен ашықтығын пайдаланып баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру басты борыш. 
3. 9-11 сыныптарда әрбір қыз бала және ер бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап қадірлей білуді үйренсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін мейірімді ана, әке шығары сөзсіз. 
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының бойында ізеттілік, ар-ұят, қялшақтық,үлкенге қықзмет көрсету, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші - ол анасы. 

Ата – аналарға өсиет
Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысу қажет. 

ОТБАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Категория: Баяндама


Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, бір бөлігі.Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал біртіндеп өзгеріске түседі .Отбасының өзгеріске ұшырауына биологиялық,психологиялық және демографиялық жағдайлар әсер етеді.
Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады . Біреулер мейлінше өбектеп тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін .Ондай отбасындағы балалар жалқау,енжар болып тәрбиеленеді . 
Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке,өмірде өз орнын таба білуге,алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге,белсенді,оз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу болуы тиіс. Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшелігі бар.Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы зор.Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады. Отбасы тәрбиесінің міндеттері: баланың өзін-өзі тануын дамыту , өзгелермен үйлесімді қарым- қатынас құруға үйрету , айналасымен мәдени қарым- қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыруын санасына сіңіру, адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру , денсаулығын нығайту , ақыл-ой шығармашылық қабілетін жетілдіру. Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мазмұны төмендегідей: Жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу , жеке басының мүмкүндіктерін жетілдіру, ақыл-ой сана-сезімін қалыптастыру ұлттық сана-сезімін қалыптастыру ,ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құруға,белсенділікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Отбасы құндылықтарын,мейірімділік,рахымдылық,қамқорлық,қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту да балаға ата-анасынан берілуі тиіс. 
Отбасында қолданылатын тәрбие құралдары орасан зор: Ата-ананың ,үлкен-кішілерінің, тарихи тұлғалардың айналасындағылардың өнеге-үлгісі,көркем сөз туындылары,музыка, бейнелеу өнері,табиғат,қоғамдық өмірдегі,спорттағы шығармашылық жетістіктері т.б.
Отбасы тәрбиесінің мақсаты, атқаратын қызметі,тәрбие құралдары халықтық педагогика негізінде дамиды.Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан мектептен дін мәселесі бөлек қарастырылады. Конституция бойынша әр ұлт өкілінің мәдениеті аясындағы дінді ұтануына шек қойылмайтығы белгілі.Демек отбасындағы халықтық тәрбиенің діни дүниетаныммен байланысына да назар аударып,имандылық, ізгілік, адамгершілік мәселеріне жете ден қою да өз мәнін жоғалтқан емес. Діннің ізгілікке тән қағидаларды ұстанатыны белгілі. 
Ата-ананың отбасындағы өзара сыйластығы,мейірімділігі мен қамқорлығы, балаларына талап қоюы, олардың отан алдындағы жауапкершіліктерін арттыруы,тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етуі бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарары сөзсіз.

Баяндама: Отбасы және мектеп

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. 
• Отбасы - сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналарының білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасының әлеуметтік-экономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық параметрі өмір сүру жағдайымен, баспананың жабдықталуымен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады. Демографиялық параметрі отбасы құрылымымен анықталады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше. 
Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық. 
Басты қызметтері: 
тәрбиелік;
сауықтыру; 
рухани-адамгершілік;
танымдық-білімдік;
тұрмыстық;
еңбек;
мәдени-ағартушылық;
демалыс-шығармашылық;
тұлғаның өзіндік тәжірибені ынталандырушы;
қорғау.
Басты міндеттері: 
баланы үйлесімді дамыту; 
бала денсаулығына қамқорлық жасау;
оқуына көмек көрсету;
еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;
тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;
ізгі, эмоционалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;
жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;
қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;
өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау;
жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.
Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар. Олар:
отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қатынасы, жайлылығы);
отбасы өмірінің күн тәртібі;
әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың). 
Баланың отбасындағы өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін жасау және талап қоя білудің мәні ерекше. Күн тәртібі баланың еңбегі мен демалысъның, парасаттылықпен, жас және дербес ерекшелігіне сәйкес өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Отбасы мүшелері бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруды және оның дүниетанымы мен өмірлік бағыт-бағдары мен көзқарастарын дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтады. 
Отбасы бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезден-ақ оны жинақылыққа, тілалғьштыққа, еңбекке, мұқияттылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке үйретеді. Отбасы баланың күн тәртібін құруда өз отбасының үй жағдайын, баланың денсаулығын, дәрігер, тәрбиеші не мұғалімдер кеңесін, мектеп пен отбасы талаптарының бірлігін есепке алғаны дұрыс. Өйткені бала өмірінде еңбек, демалыс, ойын, үй тапсырмасын орындау ұйқы және т.б. дүрыс кезектесіп отыруы тиіс. Педагог-психолог ғалымдар пікірлері бойынша белгілі-бір реттелген күн тәртібін сақтау нәтижесінде бала миының үлкен жарты шарының қабында динамикалық стереотип пайда болады. Мысалы, баланың нақты бір мезгілде тамақтануы, ұйқыға кетуі берік қалыптасса, ағзасы сол уақытта оған даяр болып, денсаулығы нығая түспек. Белгілі дағды әдетке айналады.
Баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс-әрекеті:
– сабақ үлгерімін бақылау. Сабақты себепсіз қалдырмауына атсалысу;
– оқуда үлгеруіне, достарымен қарым-қатынасының дұрыс болуына көмектесу, жағдай туғызу;
– сынып жетекшісімен, мектеппен тығыз байланыс орнату;
– қызығушылығын дамыту, танымдық өрелерін кеңейту үшін үлгірмелер, факультативтерді таңдауына көмектесу;
– ақыл-ой еңбетін ғылыми ұйымдастыруға үйрету, ұсыныстар беру, психологпен бірге әңгімелесу;
– араласа білуге, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай білуге баулу;
– қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, имандылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу;
– санитарлы-гигеналық дағдыларды сіңірту;
– адамгершілік-жыныстық, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
Бала толыққанды отбасы мүшесі, сондықтан оның отбасындағы өзінің міндеттері мен борышын адал атқаруы оған да, отбасы мүшелеріне де қуаньш сезімін сыйлайды. Ол үшін отбасы мүшелері бала еңбегіне артық салмақ түсірмей не жеңіл-желпі қарамай, парасатты және әділетті болғандары абзал. Яғни, оқудан келген соң демалуын, оқуын пайдалы еңбекпен ұштастырып отыруын бақылап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырулары керек. Отбасы мүшелері баланы түрлі іс-әрекеттерге және өз бетімен еңбек етуге үйретулері қажет.
Отбасында ата-аналар балалар іс-әрекетін ұйымдастыруда төмендегідей шарттарды есепке алуы тиіс:
– баланың қызығушылығын, ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін түрақтандыру мақсатында міндеттерін бөлуді жоспарлау мен жүзеге асыруда онымен санасу жағын қарастыру;
– балаға сенім білдіру және жас және дербес ерекішелігіне сәйкес болуын қадағалау;
– әр баланың міндеттерін дәл, нақты анықтау;
– әр істің балалардың өзара қатынасының дамуы мен нығаюына және рухының өсуіне қажетті тәрбиелік мәнінің болуы;
– жалпы отбасы тәрбиесінің тұлға дамуының факторы болуын қамтамасыз ету;
– баланың дербестігі мен ынтасын есепке алу;
– балалардың өзара сыйласымдылық пен мейірімділікке, сенімге негізделетін іс-әрекеттерді тапсыру;
– тапсырманы орындау барысында қолдау көрсету, түрткі қалыптастыру.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог-ғалымдар С.Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, Е.Ұзақбаева, К.Қожахметова Р.М.Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жакты сөз болған. Ж.Б.Қоянбаев "Семья және балалар мен жеткіншіктер тәрбиесі" атты еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын қажеттік-шаруашылық функциясын, отбасьның тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандармен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді. 
Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің бірқалыпты жағдайда іске асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуьның басты себебі - ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді.
1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы: бірбалалы, көпбалалы отбасы, бірұлттық, көпұлттық отбасы;
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы;
3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер.
4. Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттерінің көзқарасы;
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
6. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналарының және мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор. 
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жүртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:
ақпараттық;
тәрбиелік-дамытушылық;
қалыптастырушылық;
қорғау-сауықтырушылық;
бақылаушылық;
тұрмыстық.
Аталған өзара әрекеттің міндеттері
ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;
ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру;
бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары 
отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу;
отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;
олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.
Отбасын зерттеу педагогқа не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педатотқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен оның күш куатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық- психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.
Сынып жетекшісі отбасын зерттеуде төмендегідей ережелерді сақтағаны дұрысс:
– Ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс.
– Зерттеу мақсатты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болуы қажет.
– Зерттеу әдістері тәрбие әдістерімен өзара байланысты болуы шарт.
– Психодогиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолдануы керек.
– Отбасын зерттеуде педагог төмендегі мәліметтерге басты көңіл аударулары тиіс:
1. Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік – материалдық, тұрмыстық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет.
2. Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі.
3. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері.

Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы


Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. 
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып түр емес пе? 
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. 
Атақты қазақтың ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: 
Отбасы – шағын мемлекет, 
Мен – президент, сен – премьер, 
дегені бар.
Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында. 
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. «Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі» – деген тамаша нақыл бар. 
Адалдықпен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. 
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. 
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. 
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан. 
Отбасы –адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болып ұшу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі: 
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі; 
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамныњ азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны; 
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек – арқауы; 
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы; 
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы; 
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеп, елжанды азамат тәрбиелеу; 
- отбасы баланың мамандықты еркін жєне саналы таңдауына ықпал жасаушы; 
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.
В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» дегендей мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Өз тәжірибемде тәрбиенің отбасы бағытында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Бақытыңды балаңнан ізде», «Оқу мен тәрбие егіз» « Отбасы-алтын діңгек» «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен мектеппен байланысы» тақырыптарында ата-аналармен бірігіп ата-ана жиналысы мен тәрбие сағаттар жүргіздім. Отбасының бала тәрбиесінде алар орны мен маңызы жөнінде пікірталастар мен баяндамалар жүргіздім. Ата-аналарға балаларының тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұрғандығын еске салдым. 
Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады » деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата – аналар , сіздерге байланысты. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ сондықтан балаларыңыз елін,Отанын сүйетін азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермейік,! Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.

Хаттама № 1

2 «А» сыныбында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы.
Жалпы ата-аналар саны – 20
Қатысқаны – 14
Қатыспағаны – 6
Себептісі – 3
Себепсізі - 3
Қаралған мәселелер:
1. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы »
2. “Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?”
деген сауалнама өткізу.
3. Ағындағы мәселелер.
1- Мәселе
Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»
“Отбасы –шағын мемлекет
Мен-президент, сен-премьер...”
Қ. Аманжолов
Отбасы- ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.
Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды:
адамгершілік

бауырмалдық

татулық

қайырымдылық

әдептілік

инабаттылық


өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу

оның үйренуіне көмектесу

берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау

істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру

жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру

Балаға теріс әсер етеді:
Жанұядағы жанжал,

үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,

баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,

біреудің сыртынан өсек айтуы

балалардың көзінше арақ ішу,

үсті-үстіне темекі тарту т.б.

«Балаңда өсер, көкейіңді тесер»
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады
Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.
Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.
Сондықтан
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,

тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру,

табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,

сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру

дұрыс білім алуына жағдай жасау

Ата-анаға берілетін кеңес:
1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Ой толғанысы ...
1. Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды

Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі

Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады
2. Балаға сенім артса, ол батыл болады

Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі

Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды
3. Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі

Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі

Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді.
Баяндама бойынша оқушының талаптары, ережесі, оқу-құралдары, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс, түсіністік ортақ нәтиже туралы құнды ой-пікірлер айтылды, қоштайтындығын білдірді.
2- мәселе
“Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?”
деген сауал төңірегінде бір сәтте болсын, ойланып көрдік пе екен?
Олай болса, келіңіз, бірігіп табуға тырысалық. Төмендегі сұрақтарға
“Иә”, “Кейде” немесе “Жоқ” деген жауаптардың біреуін беру арқылы өзіңізді тексеруден өткізуіңізге болады.
1) Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды, немесе теле-радио хабарларын көріп, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба?

2) Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?
3) Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?
4) Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?
5) Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде қолданасыз ба?
6) Жүйелік, реттілік – педагогиканың маңызды принциптерінің бірі деп санайсыз ба?
7) Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?
8) Спорт пен дене шынықтыру баланың жан-жақты, үйлесімді дамуында маңызы зор екенін ескеріп отырасыз ба?
9) Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?
10) “Менің уақытым жоқ” немесе “тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын” – деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?
Әрбір мақұлдау жауаптарыңыз үшін – 2 ұпай
Ал кей кезде орындалатын болса – 1 ұпай
Ал қарсы болсаңыз – 0 ұпайдан қойып отырыңыз.
6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмексі екендігін дәлелдейді. “Ештен кеш жақсы” деген ғой, сіз бұл мақалға көп иек арта бермей, жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз абзал.
7 –ден 14- ке дейін ұпай жинасаңыз, Сіз бала тәрбиесінде әрине үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді өткізуге арнаңыз.
3- мәселе
Сынып жетекшісі Кинибаева Бибігүл Төлегенқызы оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды.
а) мекенжай, ата-ананың қызмет орны;
ә) оқушы денсаулығы;
б) оқушы формасы;
4- мәселе
Жалпы сыныпты жөндеу.
а) сыныпты безендіру
ә) гүл өсіру
б) терезе жабу
5- мәселе
а) екінші аяқ киімді тастамау, дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу
ә) аула клубы «Балғыншақ» баланың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау
б) әдеби кітапшалар алып беру (сабақ алдында 2-3 минуттық оқу)
в) түрлі концерттерге қатысуға балаға кедергі болмау
г) форма міндетті түрде киеді
д) лампочка, сабын, порошок тапсыруға қажет
Қаулысы:
1. «Мектеп, оқушы, ата-ана» атты баяндама тыңдалды.
2. «Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?»
деген сауалнама өткізілді.
3. Ағындағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ. Бүгінде көшеде жүрсеңіз немесе бір әлеуметтік ортада, қонақасыда болсын өспірім балалардың шектен шыққан тентектігін кездестіріп жатамыз да, бұл қай отбасының баласы екен деп сәбиге емес, оның отбасына өкпелеп жататынымыз бар. Өйткені Отбасы- өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмас. Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Қазақы танымда - «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл арқылы, ерте кезде балалар оқыса да, оқымаса да дін талап еткен тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары арқылы отбасы тәртібиесін қатаң реттеліп отырған. Атап айтсақ, "қызға қырық үйден тиым" салып, оған қандай киім лайықты, шашты өріп оны шашбаумен сәндеу не орамалдың, не кимешектің астына жасырып қою сияқты жайларды жіктеген. Ал ұл балалар тәрбиесінде еңбекке көп мән беріп, ол туралы да өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың» деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген. Ал, қазіргі кезде қыздарымыздың кіндігін көрсетіп жүруі салтқа айналды. Оны көрген бүлдіршіндер бесіктен белі шықпай жатып шолақ көйлек киіп, басы-көзін бояуды үйренді. Балалар болса алдағы әкесі мен ағасына қарап темекіні қисық тістеп, көпірте шарап ішкенді әдетке айналдырды.
Бүгінде кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. Баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса мектептегі ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды.
Нарықтық заманның талабына ілесеміз деп қазіргі ата-аналар халқымыздың «Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» деген өмірлік қағиданы ұмытқандай.
Қазақтың атақты ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

"Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер", дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет, сондықтан да мемлекетіміздің болашағы үшін ұрпақ тәрбиесін, соның ішіндегі ең негізгісі болған баланың өмірден өз орнын таба алатын азамат ретінде тәрбиелеу жағын ақсатпайық.

Менің отбасым
(Тренинг)

Тренинг мақсаты:
Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге,ата-анасын 
сыйлауға ,кішіге қамқор,тату болуға тәрбиелеу.
Тренинг бағдарламасы:
1.Есімдер аллитерациясы
2.Отбасым-сыйластық,жарастық орнаған ортам. (шағын дәріс)
3. Мен отбасымды мақтан етемін. (оқушылар шығармашылықтары)
4. Тілек шамы
Тренинг барысы:
1.Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы есімдерімен бір-бірімен таныстыру.
Шарты:Әр оқушы өз отбасындағы өзі жақсы көретін адамын айта отырып,оның бір еркелеткен сөзін өз есіміне қосып айту.
Мысалы,Мен отбасымда анамды жақсы көремін.Мен анамның ерке қызы-Жайнагүлмін.
-Еркелеткен есіміңді айтқанда қандай сезімде болдың?
-Қазіргі көңіл-күйлерің қандай?
2.Отбасым-сыйластық ,жарастық орнаған ортам. (Шағын дәріс)
Мақсаты:Оқушылардың отбасы туралы білім беру,отбасы мұшелерін сыйлауға,ата-ананы құрметтеуге,біріне-бір қамқор болуға,әр адамның отбасындаөз орны болатынын түсінуге тәрбиелеу. 
Отбасым-сыйластық ,жарастық орнаған ортам.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,
туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. 
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? 
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. 
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, 
Мен – президент, сен – премьер, 
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен косшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз біріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздін мәнісі де осында. 
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланыст
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - -деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. 
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» - деген тамаша нақыл бар. 
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. 

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері - баланың «әдепті бала» болып өсуі. 
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: « Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. 
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. 
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. 
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек. 
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала -шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді. 
Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», “әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, онын тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
3. Мен отбасымды мақтан етемін.
Оқушылар шығармашылықтары
Отбасы.
Отбасы –үлкен мекеме
Әке,ана мереке.
Болсыншы деп тілеймін,
Отбасында береке.
• * *************
Тіл алу,әдептілік,тәртіптілік,сыпайылық отбасынан шығады.Сондықтан ата-әжені,ата-анамызды құрметтеп,әр уақыт сыйлап жүрейік.Мен өз ата-анамды өте-өте қатты жақсы көремін. Меңдібаева Сезім 5 «ә» сынып. 
Менің отбасым

Жолдасова Гаухар 4 « а» сыныбы
Менің отбасым
Отбасы –таусылмайтын бақыт екен,
Ешқашан ескірмейтін жақұт екен.
Қашанда тату тұрған адам болса,
Ағайын,бұның өзі бақыт екен!
Кәдірбай Батыржан -5 « ә»сынып.


Менің анам.
Мен сені жақсы көремін мамашым,
Өзің мені әлпештедің анашым.
Әрқашан аман болшы жан анам, 
Әр уақытта жүрегімде қаласың.
А.Самғат

4. Тілек ағашы
Оқушылар бүгінгі шарада алған әсерлерін айта отырып, тілек ағашына отбасыларына арнап өз жүрек жарды тілектерін жазу.
Қиналғанда арқа сүйеп жүретін
Қуансамда барма басқа сүйеніш?
Қуансамда бірге жүріп қуанып,
Тірегімсің,ақылшымсың бір өзің!
Жанұям,үстем болсын мерейің
Табылмас жанашырым өзіңдей!
Бірлік пенен татулық,
Амандық пен денсаулық
Болсын бізбен әрдайым!-деп бүгінгі тренингті аяқтаймыз.Уақыт бөліп көңіл қойғандарыңызға көп –көп рахмет.Сау болыңыздар!

Каталог: uploads -> doc -> 011b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
011b -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. «Әке мен бала»
011b -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
011b -> Сабақ «Су-тіршілік көзі»
011b -> Тіл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты. Тәрбие сағат тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет