1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Қазақстандағы Нұр Отан және басқа саяси партияларының қызметі



бет50/65
Дата26.12.2023
өлшемі384,23 Kb.
#199317
түріҚұрамы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Байланысты:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы-emirsaba.org

74. Қазақстандағы Нұр Отан және басқа саяси партияларының қызметі
Нұр Отан – Қазақстанның президенттік ірі саяси партиясы. 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Міне осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс X съезінде, «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданды. Партияның мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу. Партияның міндеттері мен қызметтері:
• мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну;
• партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттау, өз қызметі туралы ақпарат тарату;
• ҚР-ның заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;
• мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау; партия бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру;
кіші және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермер шаруашылықтарын қолдау; ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;
• заң жобаларының бүкілхалықтық талқылауларына қатысу; өкілді және атқарушы органдарға енгізу үшін қоғамдық пікірді зерделеу әрі заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды депутаттық бірлестіктер арқылы іске асыру;
• қоғам мен мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына жастарды біріктіруге жәрдемдесу;
• белгіленген тәртіппен партия мүшелерін мемлекеттік марапаттауларға ұсыну;
• партия мүшелерін моральдық тұрғыдан көтермелеу;
• азаматтардың бойында жемқорлық фактілеріне төзімсіздікті тәрбиелеуге жәрдемдесу, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi – Қазақстанның саяси партиясы. Партия төрағасы – Азат Перуашев. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік.
Қазақстан Патриоттары Партиясы – Қазақстан саяси партиясы. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу.
«Әділет» демократиялық партиясы. 2002 жылы Қазақстанның саяси сахнасында "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалысы пайда болды. Қозғалыстың басты идеялық рухтандырушысы республикаға танымал құқықтанушы және ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. Саяси қозғалыс қызметінің басты міндеті – Қазақстанның саяси жүйесіндегі демократияландыруды одан әрі дамытып, экономиканы нарықтық жолға түсіру және қоғамдағы ұлтаралық келісімді нығайта түсу. Партия қызметінің негізгі мақсаты – Демократиялық қағидаларға негізделген, құқықтық және әлеуметтік қорғау жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлығы да заң алдында бірдей болатын және барлығы үшін тең мүмкіндік жасалатын Қазақстанда әділ қоғам құру. Партияның мақсаты – қазақстандықтарды шынайы патриоттық сезімге тәрбиелеу, ол тек Туға, Әнұранға, Елтаңбаға табыну емес, салт-дәстүрмен қалыптасқан оның көп ғасырлық тарихына құрмет көрсетуге баулу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет