63.Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы (2015-2019жж.) Еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру. 1) дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау;2) сала түзуші ірі жобаларды іске асыру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру;3) экспортқа және (немесе) өз еңбегінің өнімділігін үнемі арттыруға бағдарланған тиімділігі жоғары индустриялық кәсіпкерліктің пайда болуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;4) инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау. Бағдарламаны 2015-2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 878,3 млрд. теңгені құрайды. Әзірлеуге жауапты- Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі.
64.2019ж. 20 наурызындағы Қазақстан Республикасының Парламенті қос палаталарының бірлескен отырысының шешімі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.
Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, президент ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жария етті. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесі мен "Нұр Отан" партиясының басшысы болып қала береді. Президенттің өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.
65.Әлеуметтік реформалар және Қазақстан қоғамының әлеуметтік жаңартуы(1991-2019жж.) Бұл реформалар халықтың əл-ауқатын күшейтуге бағытталуы тиіс болды.
Халықаралық тəжірибені зерделеу халықты əлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді жəне кешенді жүйесінің төмендегідей басты элементтерден тұратындығын көрсетеді: мемлекеттік жəрдемақы;
міндетті əлеуметтік сақтандыру;
жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету;
əлеуметтік көмек.
Республикада 90 жылдары осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылды. Бірнеше арнайы құрылымдар мен қоғамдық қорлар қалыптасты. Олардың қатарында Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мемлекеттік қоры (1991 ж.); Зейнетақы қоры (1991 ж.), Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры (1992 ж.), «Бөбек» қоғамдық қоры (1992 ж.), т.б.бар. Мұның сыртында бірқатар нормативті-құқықтық актілер қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы, ал 2001 жылы «Қазақстан Республикасының халықты əлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының халықты əлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары, əлеуметтiк қорғаудың негiзгi тетiктерi, халықты əлеуметтiк қорғау жүйесiн қаржылық жəне институционалдық қамтамасыз етудi жетiлдiру бағыттары жəне оны iске асырудың кезеңдерi нақтыланды.