24. Хлордың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттеріне мысал келтіріңіздер Хлор (лат. Chlorum; Cl) — элементтердің Менделеев кестесінің VІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмері 17, атомдық массасы 35,45; галогендер тобына жатады. Молекуласы екі атомнан (Cl2) тұрады; өткір иісті сарғылт, жасыл түсті улы газ; тығыздығы 0,3214 г/см3. Балқу t – 101°С; Табиғатта екі тұрақты изотопы (35Cl мен 37Cl) бар. Жасанды радиоактивті изотоптарының ішіндегі маңыздылары [34Сl(Т1/2 32,4 мин); 36Сl (Т1/2 3,08105 жыл); 38Сl(Т1/2 37,29 мин)] химиялық және биохимиялық процестерді зерттеуде пайдаланылады.
Хлорды алғаш швед химигі К. Шелле пиролюзитті тұз қышқылымен әрекеттестіріп алған (1774). Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 4,5102%. Хлор өте активті элемент, бос күйінде жанартау лавасында ғана, ал байланысқан түрінде тау жыныстарында, теңіз, мұхит, өзен суларында, өсімдік және жануарлар организмдерінде кездеседі.
[17:13, 28.05.2023] ~Bakdary: Хлорды алу: a) өнеркәсіпте 2KCl(балқыма) → 2K + Cl2↑ 2NaCl + 2H2O→ H2↑+Cl2↑ + 2NaOH
ә) зертханада 1) 4HCl(конц.) + MnO2 = Cl2↑ + MnCl2 + 2H2O 2) 16HCl(конц.) + 2KMnO4 = 5Cl2↑ + 2MnCl2 + 8H2O + 2KCl 3) 4HCl(конц.) + Ca(ClO)2 = 2Cl2↑ + 32H2O + CaCl2 4) 6HCl(конц.) + KClO3 = 3Cl2↑ + 3H2O + KCl
Конмутация (3) және (4) реакцияларында әрі тотықсыздандырғыш HCl, әрі тотықтырғыштар Ca(ClO)2 және KClO3 хлор берушілер болып келеді.Хлор - негізгі химиялық өндіріс өнімдерінің бірі, бром мен йодты, хлоридтерді, құрамында оттегі бар туындыларды алу үшін қолданылады. Қағазды ағартады, ауыз суды дезинфекциялауға пайдаланады.
Химиялық қасиеттері Химиялық белсенді, өте күшті тотықтырғыш:сутегімен реакцияласады,металдармен және бейметалдармен де реакцияласады: 3Cl2 + 2Fe = 2FeCl2 2Cl + Si = SiCl4
Суда және сілтілердің судағы ерітінділерінде дисмутацияланады: Cl2 + 2NaOH(суық) = NaClO + NaCl + H2O 3Cl2 + 6NaOH(ыстық) = NaClO3 + 5NaCl + 3H2O
Қалыпты жағдайда хлор — сарғыш жасыл, ерекше өткір иісті газ, тығыздығы 3,214 г/л, ауадан 2,5 есе ауыр, қайнау t –33,6С, балқу t –100,98С. Суда жақсы ериді. Тотығу дәрежелері +1, +3, +4, +5, +7. Хлор химиялық активті болғандықтан оның қосылыстары көптеген металдармен, бейметалдармен тікелей әрекеттестіру арқылы, ал оттек, азот, көміртек, инертті газдармен хлор қосылыстары жанама жолмен алынады.
Хлор кальций гидрототығымен белгілі жағдайда әрекеттесіп, маңызды техникалық өнімдер (хлорлы әк, гипохлорит, кальций хлораты, т.б.) түзеді. Хлор көптеген органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі (қ. Хлорлау).
Лабораторияда хлорды 4HCl+MnO2=MnCl2+Cl2+2H2O реакциясы арқылы, ал өнеркәсіпте ас тұзының (NaCl) ерітіндісін электролиздеп алады. Хлорды ауыз суды хлорлауға, мата, қағаз ағартуда, тұз қышқылы мен органикалық синтезде, хлоры бар қосылыстар даярлауда, т.б. қолданылады. Қазақстанда хлор Павлодар химия зауытында өндірілед