27. Темір, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттеріне мысал келтіріңіздер (лат. Ferrum; Fe)[2] — Менделеевтің Периодтық кестесінің 4-ші периодының 8-ші қосымша тобындағы химиялық элемент. Алюминийден кейін жер қабатындағы ең кең/көп таралған металл. Металдар қатарына жататын химиялық белсенділігі бойынша орташа элемент. Негізінен темір деп оның басқа металдардың аз мөлшердегі (0.8%), оның жұмсақтығы мен серпілімділігін сақтайтын қоспа деп атайды.
Алу жолдары
Темірді оның оксидтерінен сутекпен, алюминиймен немесе көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандырып алады: FeO + H 2 = Fe +H2O Fe2O3 + 2 AI = 2 Fe + Al 2 O3 Fe3 O4 + 4 CO = 3 Fe + 4 CO 2 Бұл процестер күрделі өнеркәсіптік қондырғыларға жүреді.
Физикалық қасиеттері
Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Жылтырлығы металл типтес. Магниттік қасиеті бар.
Темірдің қаттылығы 4—5; меншікті салмағы 7—8. Куб формасы бойынша жымдастығы бар. Сынығы созылыңқы.
Тығыздығы 7, 864 г/см3, балқу t ═1539 С.
Темірдің 769 С градусқа дейін магниттік қасиеті сақталады.
Платинадан айырмашылығы, мұны HN03 жақсы ерітеді. Сингониясы куб; гексаоктаэдр формасында. Оның түйірлері кейде уақ тұтас форма түрінде байқалады, сирегірек болса да үлкен кесектері де кездеседі. Темірдің бірнеше полиморфтық модификацияда болатыны анықталған, олардың жоғарғы температуралы модификациясы — ү-Ғе (906°-тан жоғарырақ ) . Ішкі құрылысы жақ орталықты куб. Төменгі температурасы — а-Ғе (906°-тан төменірек). Ішкі құрылысы жабайы орталықты куб.
Химиялық қасиеттері
Темір атомының құрылысы: 26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон, 4 электрондық қабат, 2) 8) 14) 2),
Электрондық конфигурациясы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады. Жай заттармен және күрделі заттармен реакцияға түседі. Таза темір магниттелуге, тез магниттік қасиеттерін жоюға бейім. Сондықтан оны трансформаторлар, электромоторлар, электромагниттер, және микрофон мембраналарын жасауға қолданады. Темір көбінесе болат және шойын құймалары түрінде пайдаланылады.