20)Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі және қолданылуын сипаттаңыз.
Минералды тұздар - адам қоректенетін астық құрамында болуга тиісті:
1. фосфор мен магний мен бұлшық еттердегі химилық зат алмасуының дұрыс жүруі;
2. темір-қан құрамындағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі миоглобинді түзету;
Минералды тұздар тағамның міндетті компоненттеріне жатады және олардың болмауы организмнің өліміне әкеледі. Минералды тұздар ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне, оның маңызды жүйелерінің функцияларын қалыпқа келтіруге қатысады. Олар дене тіндерін, әсіресе сүйек тіндерін қалыптастыруға және қалпына келтіруге қатысады: фосфор мен кальций негізгі құрылымдық элементтер болып табылады. Тістердің дамуы мен өсуінде минералдар маңызды рөл атқарады. Мысалы, фтор тіс тінін қатты етеді. Минералдардың маңызды функцияларының бірі-организмдегі қажетті қышқыл-негіз тепе-теңдігін сақтау. Табиғи минералды тұздарды қазып шығару жəне өңдеу əдістерін қарастыратын химиялық технология саласын галургия деп атайды Галургиялық өндірістің шикізаты теңіз суы, құрғақ аймақтардағы теңіз тұзының кен орындары, сондай-ақ көл және жер асты тұзды сулары болып табылады. Галургиялық өндірістің негізгі өнімдері: натрий хлориді жəне сульфаты; калий, магний, бор тұздары; бром, йод жəне олардың тұздары; табиғи сода жəне басқалар. Галлургия бірнеше үрдістерге негізделген: шаю, буландыру, кристалдау жəне табиғи тұз ерітініділерін өңдегенде сусыздандыру.
Тұздарды синтетикалық əдіспен алуда бастапқы материал ретінде негізгі химиялық өндірісінің жартылай өнімдері немесе əртүрлі өндірістердің қалдықтары пайдаланылады.
Минералды тыңайтқыштар - өсімдіктердің өсуі үшін қажетті және жоғары тұрақты егіндік өнім алу мақсатында пайдаланылатын элементтері бар тұздар және басқа өнімдер. Өсімдіктердің өмір сүруіне өте қажетті, бірақ оның құрамында өте аз мөлшерде болатын элементтер микроэлементтер деп аталады, оларға бор, марганец, мыс, мырыш, молибден, кобальт, йод, т.б. жатады. Мұндай элементтері бар тыңайтқыштар микротыңайтқыштар деп аталады.
Тыңайтқыштар пайда болу тегіне байланысты жіктеледі:
Минералдық- Табиғи жəне өндірісте өндірілетін минералды тұздар жатады.
Органикалық- Көң, Қи, Тезек
Органо-минералдық-органикалық жəне минералдық тыңайтқыштардың қоспасы. шымтезек.
Бактериалдық-топыраққа сіңімді қоректік элементтердің түрін түзетін бактериялар.