25. Аммиак өндірісі мен қолданылуы. Өндірістің технологиялық параметрлерін сипаттаңыз. Медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз. Аммиак – NH3, сутегі нитриді, түсі жоқ, өткір иісі бар, ауадан 2 есе жеңілрек, тұншықтырғышты улы газды айтамыз.
Өндірістік жағдайда аммиакты синтездеу реакциясының қажетті жылдамдығына жету үшін оны 400-500°С температурадан төмендетпей және қатты катализатордың қатысуымен жүргізеді. Бұл өндірісте темір катализаторлар көп қолданылады.
Аммиакты азот пен сутектің 1:3 қатынасында катализатор жіберу арқылы алады: N2 + 3H2= 2NH3
Темперетура 200-4500С, қысым 20-100МПа. Соның өзінде аммиактың шығымы 15-20%.
Аммиакты синездеу əдістері технологиялық процесте қолданылатын қысымға байланысты үш түрге бөлінеді:
1. Төменгі қысымдағы – 10-15МПа;
2. Орта қысмдағы – 25-60МПа;
3. Жоғары қысымдағы – 60-100МПа.
Қазіргі мезгілде көптеген өндіріс орындарында аммиакты синтездеу
үдерісі орта қысымда жүргізіледі.
Орта қысымда аммиакты синтездеу технологиялық үдерісі негізгі 7 операциядан
тұрады.
1 – табиғи газдағы күкірт қосындыларын тазарту - табиғи газды күкірттен тазартады, өйткені олар катализаторды улап реакцияның жылдамдығын төмендетеді. Тазартылған газға су буын қосып, газ бен будың қоспасын (2)-ге метанды конверсиялауға жібереді.
2, 3 – метанды конверсиялау (бірінші жəне екінші сатысы).
Метанды каталитикалық жолмен конверсиялаудың бірінші саты сы Nі/AІ O катализаторы қатысында, 8000C температурада, 1-4МПа қысымда жүргізіледі.
Бұл сатыда конверсия толық жүрмейді. Əрі қарай толық тазалау үшін,
осы шыққан су газын ауа қосып екінші сатыға жібереді. Метанның бір бөлігі ауадағы оттегімен қосылады.
4 – көміртек оксидін конверсиялау;
5 – конверсияланған газды тазалау;
6 – аммиакты синтездеу;
7– аммиакты бөлу.
Аммиактың шығымы 15-20% аспайды, сондықтан 7-сатыда аммиакты бөліп алғаннан кейін реакцияға түспеген азот сутек қоспасын қайтарады.
Медицинада аммиактың 10%-тік ерітіндісі қолданылады:
-тыныс алуды қоздыру және науқастыестен тану жағдайынан шығару үшін
– жәндіктер шаққанда
– хирургиялық практикада қолды жуу үшін.