Энергетикалық баланс энергияның сақталу заңына негізделген.Соған сəйкес үдеріске енгізілген энергия мөлшері бөлінетін энергияның мөлшеріне, яғни энергияның кірісі оның шығысына тең.
Химиялық-технологиялық үдерістер энергияның əртүрінің (жылу, механикалық, электр энергия) жұмсалуымен байланысты. Бұл үдерістерде жылу энергиясының маңызы зор болғандықтан, жылу балансы жасала- ды. Бұл жағдайда энергияның сақталу заңы былай айтылады: берілген өндірістік операциядағы жылудың кірісі – ∑Q кіріс осы операциядағы жылудың шығысына – ∑Q шығыс тең болуы қажет, яғни:
∑Qкіріс=∑Qшығыс
Жылу балансы материалдық баланстың деректеріне сүйене отырып жасалады. Баланс жасағанда берілетін жəне алынатын жылуды, аппа- ратта өтетін физикалық өзгертулерді жəне химиялық реакциялардың жылу эффектілерін ескереді.
40. Гендік инженерияға анықтама беріңіз. Медицинадағы гендік инженерияның тарихын, даму кезеңдерін және рөлін сипаттаңыз. Гендік инженерия, немесе генетикалық инженерия — генетикалық жəне биохимиялық əдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу; молекулярлы биологияның бір саласы. Гендік инженерия əр түрлі организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді. Гендік инженериядағы тұңғыш тəжірибені 1972 ж. американ биохимигі Пол Берг (Нобель сыйлығының лауреаты) іске асырды. Ол маймылдың онноген вирусы SV-40-тың толық геномын, бактериофаг — L геномының бір бөлігін жəне Е. Colі бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты (гибридті) ДНҚ алды. 1973 — 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тəжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дəлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тəжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды. Мысалы, генотиптері əр түрлі тіндердің клеткаларын біріктіру арқылы тышқанның аллофенді особьтары (фенотипі əр түрлі дарабастар) алынды. Гендік инженерия-ның теориялық негізіне генетикалық кодтың əмбебаптылығы жатады. Бір ғана кодтың (триплиттің) əр түрлі ағзадағы белок молекулаларының құрамына енетін амин қышқылдарын бақылай алатындығына байланысты, ДНҚ молекуласының кез келген бөлігін басқа бөтен клеткаға апарып салу, яғни молек. деңгейде будандастырылу теориялық тұрғыдан алғанда мүмкін екені анықталды. Жануарлар, өсімдіктер жəне микроорганизмдер гендерінің қызметін қолдан басқаруға болатындығы дəлелденді.
Гендік (генетикалық) инженерия — молекулалық жəне клеткалық инженерия белгілі бір мақсатпен жасанды айқын қасиеттері бар генетикалық материалдарды алдын ала құрастырып, оларды басқа клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл əдіспен организмдердегі тұқым қуалайтын информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгілеген жоспармен қайта құруға болады.
Гендік инженерия ол функциональдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық (ата-ана екі ДНК молекулалары арасынан пайда болған будан) ДНК молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік инженерияның мəні жеке гендерді бір организмнен алып, басқа организмге көшіріп орналастыру.