1. Химиялық технологияныңнегізгіұғымдары мен анықтамаларынсипаттап, мысалдаркелтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсаттыөнім, жанамаөнімдер, қосымшаматериалдар, қалдықтар



бет2/35
Дата22.12.2023
өлшемі149,7 Kb.
#198599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
охт сессия (копия)

Көмекші материалдар-бұл химиялық-технологиялық процесстің қалыпты ағымын қамтамасыз ететін химиялық заттар болып табылады.

  • Қалдықтар дегеніміз - табиғи шикізатты өңдеу нəтижесінде пайда болатын заттар.

    2. Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасы: реакция тəртібі мен молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.


    Химия-технологиялық үдеріс (ХТҮ) - бастапқы шикізаттан берілген мөлшер мен сападағы мақсатты өнімді алуға мүмкіндік беретін операциялар жиынтығы. Химия-технологиялық үдеріс , əдетте, қарапайым процестерден тұрады:
    - реакция аймағына реакция жасайтын компоненттерді жеткізу;
    - химиялық реакция;
    - алынған өнімді шығару.
    Химиялық реакциялар олардың молекулалық сипатына немесе химиялық реакция тəртібіне байланысты бөлінеді.
    Химиялық термодинамика химиялық реакциялардың жүру бағытын анықтауға жəне реакциялық жүйенің тепе-теңдік күйін бағалауға мүмкіндік береді..
    Химиялық кинетика дегеніміз химиялық процесс және оның механизмі мен уақыт бірлігіндегі жүріп өту заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
    Химиялық реакцияның жылдамдығы – бірлік фазада (гомогенді реакциялар үшін) немесе фазалардың бөліну бірлік бетінде (гетерогенді реакциялар үшін) бірлік уақытта компоненттердің моль сандарының өзгеруі.


    Реакцияның молекулалық мəні-элементар əрекетке қатысатын бөлшектердің саны.
    Химиялық реакцияның молекулалық мөлшері молекулалардың санына тең, олардың арасында химиялық түрлендірудің элементарлық əрекеті жүзеге асырылады. Реакцияның элементарлы актісіне қатысатын молекуланың санына байланысты химиялық реакцияның молекулалығы бойынша моно-, би- жəне үшмолекулярлы реакциялар болып бөлінеді
    Реакция реті реакция жылдамдығының концентрацияға тəуелділігін білдіретін жəне эксперименталды түрде орнатылатын теңдеудегі концентрация дəрежесінің көрсеткіштерінің қосындысына тең.
    Стехиометрия дегеніміз -реакцияға түсетін заттар арасындағы массалық немесе көлемдік қатынасты қарастыратын химия саласы болып табылады. Заттар химиялық теңдеулерде көрінетін белгілі бір қатынаста өзара əрекеттеседі. Олардың ішінен реакция барысында реакцияға түсетін қоспаның құрамының өзгеруі анықталады, яғни химиялық айналулар нəтижесінде анықталады.
    Қарапайым жəне күрделі айналулар. Егер түрлендіру бірнеше бағытта жүрсе, онда бірнеше стехиометриялық теңдеулер болады. Қарапайым реакция бір стехиометриялық теңдеумен, күрделі реакция бірнеше стехиометриялық теңдеулермен сипатталады. Қарапайым немесе күрделі реакция айналу бағыттарымен анықталады . Қарапайым немесе күрделі реакциялар олардың жүру механизміне сəйкес болуы мүмкін.

    3) Химиялық өндіріске анықтама беріңіз. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтерін сипаттаңыз.


    Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы. Химиялық өндіріске:
    – өндірісте қажетті өнімдер алу;
    – экологиялық қауіпсіздік;
    – пайдаланудың қауіпсіздігі жəне беріктігі;
    –шикізат жəне энергияны максималды пайдалану;
    – максималды еңбек өнімділігі сияқты жалпы талаптар қойылады. Химиялық өндірістің негізгі міндеті – өнім өндіру болғандықтан,
    көп функцинолды болып табылады. Химиялық өндірістің жалпы құрылымы бірнеше функционалды бөлімдерден тұрады.

    Химиялық өндірістіңқұрылымыжəнефункционалдыэлементтері:
    1 – шикізатты дайындау; (алдын ала өңдеу үдерістері, яғни ұнтақтау, бөгде қосындылардан тазарту, компоненттерді араластыру)
    2 – шикізатты өңдеу; (Дайындалға ншикізат компоненттері өзара химиялық
    əрекеттеседі)
    3 – негізгі өнімді бөлу; (түзілген қоспадан негізгі өнімді бөліп оны бөгде қосындылардан тазалайды)
    4 – қалдықтың утилизациясы жəне санитарлық тазалау;
    5 – энергетикалық жүйе; (химия өнеркəсібі шикізатты өнімге дейін өңдеу үшін өте көп мөлшерде энергия жұмсайды.)
    6 – қосымша материалдар мен суды дайындау; (Химиялық өндірісте энергиядан басқа қосымша материалдарда қолданылады. Оларға, мысалы, өнімді бөлу жəне тазалауға арналған сорбенттер, үдерісті жүргізуге қажетті орта жасайтын заттар жəне т.б. жатады. Олардың ішінде су ерекше орын алады, өйткені ол технологиялық ағыстардысалқындату, бужасау, технологиялық ағыстарды еріту жəне сұйылту үшін қолданылады)
    7 – басқару жүйесі(өндірістің күйін, үдерістің жақсы жағдайда жүруін, авариялық жағдайдан қорғауды, күрделі жүйені қосу жəне тоқтатуды бақылауды қамтамасыз етеді.)




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет