Гетерогенді реакцияның жылдамдығы – фазалар айырымының аудан беті бірлігінде жəне кесімді уақытта рекцияға түскен немесе реакция нəтижесінде түзілген заттардың мөлшерімен өлшенеді. Гетерогенді реакциялардың жылдамдығы бұл айтылғандардан басқа фазаның жүктелген жеке бөліктерінің күйіне, жылу және масса алмасу жағдайларына, т.б. тәуелді.
18)Химиялық реакторларға анықтама беріңіз. Химиялық реакторлардың жіктелуі. Химиялық реакторлар — химиялық реакцияларды жүргізуге арналған аппараттар. Реактордың алдындағы аппараттардың негізгі міндеті шикізатты реакцияға дайындау, ал реактордан кейінгі орналасқан аппараттардың міндеті – реакцияның өнімдерін бөлу, оларды шоғырландыру немесе зиянды қосымшалардан тазарту болып табылады.
Реакторларға қойылатын талаптар:
1) жоғары өнімділік пен қарқындылықты қамтамасыз ету;
2) максималды айналдыру дəрежесімен қамтамасыз етуі;
3) реагенттерді тасымалдау мен араластыруға кететін энергия шығынының төмен болуы;
4) құрылысы жеткілікті түрде қарапайым жəне бағасы арзан болуы;
5) экзотермиялық реакциялардың жылуы мен эндотермиялық процестерді жүргізу үшін сырттан берілген жылуды түгелдей толық жұмсауы;
6) жұмыс сенімді, мүмкіндігінше толық механикаландырылған жəне автоматтандырылған болуы қажет. Кей жағдайда, көмекші операциялар (жылыту, ұнтақтау, еріту, буландыру, сұйық күйге айналдыру жəне т.б.) мен химиялық айналдыру, бір аппаратта жүруі мүмкін.
Химиялық реакторлардың жіктелуі: 1. Реагенттерді әкелу және шығару әдістеріне қарай:
1) Мерзімді реактор. Мерзімді əрекетті реакторлар толық араласуға жақын, сəйкес, жұмысының кез-келген кезеңінде барлық реакциялық көлемде бірдей температурада жұмыс істейді. Реагенттер операция басында тиеледі. Берілген түрлену дəрежесіне жетуге қажетті уақыттан соң аппарат босатылады.
2) Үздіксіз реактор. Бұл реакторларда бастапқы заттар үздіксіз тиеліп жəне сонымен қатар реакцияның өнімдері үздіксіз шығарылады. Көлемдік жылдамдық үздіксіз істейтін аппараттың өнімділігін сипаттайды.