3) Жартылай үздіксіз реактор. Шикізатты үздіксіз немесе тең уақыт аралықтарында белгілі үлестермен берумен, ал реакция өнімдерін мерзімді шығарумен сипатталады. Шикізатты мерзімді беріп, өнімді үздіксіз шығаруда мүмкін. Мұндай реакторлар ауыспалы тəрітпте жұмыс істейді, негізгі көрсеткіштері уақыт бойынша өзгереді.
2. Реагенттердің қозғалу және араласу тәртібі:
1) Идеалдық ығыстыру реакторы; Идеалды ығыстырғыш реакторлар аппараттың диаметрінен, əдетте, едəуір артық болатын биіктігімен (ұзындығымен) анықталатын барлық реакциялық жолды реагенттер бір қабаттан кейін келесі қабатты тізбек араласпай, ламинарлы ағынды өтумен сипатталады.
2) Идеалдық араласу реакторы; Берілген уақыт кезеңінде аппаратқа түскен реагент бөлшектері қарқынды араласу əсерінен барлық бөлшектермен бірдей аппараттан бірінші болып шығу мүмкіншілігімен сипатталады. Идеал араласушы реакторларда көлемнің кез келген элементі реактор ішіндегі заттармен лезде араласып кетеді.
3. Реакциялық аймақтағы температурасы
1) Адиабаттық Адиабаттық реакторларда жылу ешқайда кетпейді жəне ол ешқайдан келмейді, реакциядан шыққан барлық жылу реакцияға түсуші заттардың ағынымен шоғырлана түседі.
2) Изотермиялық; Изотермиялық реактор ішінде температура барлык реакциялық көлем бойынша бірдей.
3) Политроптық. Реакция жылуының бір бөлігі реакция аймағынан сыртқа шығарылады немесе керісінше, қажетті жағдайда жылу сырттан əкелінеді.
4. Конструктивті ерекшеліктеріне байланысты:
1) сыйымдылықты реакторлар
2) колонналы реакторлар
3) жылу алмастырғыш типті реакторлар
5. Реактордың жұмыс көлемінде катализаторды орналастыру тәсілі бойынша:
1) жылжымайтын катализатор қабаты бар реактор
2) жылжымалы катализатор қабаты бар реактор
3) қайнаған катализатор қабаты бар реактор.
Әйнекті реакторлар араластыру, еріту, экстракциялау жəне т.б. лабораториялық жəне өнеркəсіп орындарында қолданылады. Қосарлы гомогенді реактор- лабораториялық жəне эмульгирлеу жəне еріту үшін қолданылады.
Реакторлардың конструкциясы мынадай негізгі факторларға байланысты: 1) əрекеттесетін жəне түзілетін заттардың агрегаттық күйі; 2) реакциялық аймақтағы қысым мен температура; 3) жылу əсері мен жылу алмасу қарқындылығы; 4) өңделетін заттардың химиялық қасиеттері; 5) араластыру қарқындылығы; 6) процестің үздіксіздігі немесе периодтылығы; 7) катализатордың болуы жəне оның жай-күйі.