16) Гомогенді химиялық процестер. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы.
Әрекеттесуші заттардың (реагент) агрегаттық (фазалық) күйіне байланысты химия-технологиялық үрдістер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді.
Фаза – химиялық, физикалық қасиеттері және құрамдары бірдей болатын гомогенді жүйелердің жиынтығы.
Гомогенді деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды.
Гомогенді реакцияның жылдамдығы – жүйенің көлем бірлігінде және кесімді уақытта реакцияға түскен немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың мөлшерімен өлшенеді. Гомогенді реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына, температураға, қысымға, катализатор қатысына тәуелді.
Бастапқы реагенттер мен реакция өнімдері бір немесе бірнеше фазалардан түзілуіне байланысты химиялық реакциялар гомофазалы жəне гетерофазалы болып бөлінеді.
Гомофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
Гомогенді ортада, əсіресе сұйық фазада, химиялық реакциялар гетерогендіге қарағанда тез жүреді, біртекті процестерге арналған аппаратура қарапайым жəне басқаруы жеңіл болып келеді. Сондықтан өндіріс біртекті ортада химиялық процесті жүргізу үшін жүйені гомогендеу əдісін кең қолданады; Сұйық реакция ортасын алу үшін сұйықтық немесе булардың конденсациясы, қатты заттардың еруі немесе балқуы арқылы газдарды сіңіру қолданылады.
Күрделі технологиялық процестің біртекті кезеңдеріне көптеген синтез, ыдырау, алмасу, қосу, алмастыру, полимерлену, крекинг жəне басқа реакциялар жатады.
Газ жəне сұйық фазаларындағы біртекті процестердің жылдамдығына реакцияға түсетін компоненттердің концентрациясы, қысым, температура жəне араластыруы əсер етеді.
Гомогенді процестердегі жылдамдық артуына əсер етеді: Темперартура, кысым, бастапкы заттардын конц, араластыру дəрежесі,қаркындылыгы, катализатор
17) Гетерогенді химиялық процестерге анықтама беріңіз. Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер (Г-С), сұйық-қатты (С-Қ) жүйесіндегі процестер, газ-қатты (Г-Қ) жүйесіндегі процестер. Гетерогенді процесстің жылдамдығына сипаттама беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |