10)Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптарды жіктеңіз. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасын сипаттаңыз. Шикізат – өнеркəсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Химиялық өнеркəсіптің шикізаты əртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
шығу тегіне байланысты – минералдық, өсімдік, жануартекті;
қоры бойынша – сарқылатын жəне сарқылмайтын;
химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық жəне органикалық
агрегаттық күйі бойынша – қатты, сұйық жəне газ тəрізді.
Сондай-ақ шикізатты біріншілік жəне екіншілік, табиғи жəне жасанды деп бөледі.
Химиялық шикізаттарға мынадай талаптар қойылады:
- өндірістік процестің аз сатылы болуы;
- процестің ыңғайлы жағдайларда жүруін туғызатын, энергияның аз шығынына жеткізетін агрегаттық жағдайының болуы;
- келген энергияның аз жоғалуы;
- мүмкіндігінше процестің төменгі температурада жүруі;
- реакциялық қоспада көзделген өнімнің ең жоғарғы қүрамда болуы.
Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы мақсатты өнімнің максималды шығымына, шикізаттың пайдалы өнімге айналуына бағытталған. Бұл мақсатқа жетудің бірнеше əдістері бар: Үдерістің сызбанұсқасын таңдау – маңызды саты, мұнда шикізат ресурстарын пайдалануды жақсартуға болады.
Кинетикалық фактор жүретін үдерістің кинетикасы мен механизмінің ерекшелігіне негізделген.
Қарсы ағысты жанасу фазасы – ауысу үдерісінің максималды қозғаушы күшін қамтамасыз етеді.
Фракциялы рециклді – бастапқы реагенттер толық емес айналу кезінде қолданады. Бөлу жүйесінде реактордан кейін əрекеттеспеген реагенттерді бөліп қайта өңдеуге жібереді
. Рециклмен регенерация. Қосымша материал қолданғаннан кейін регенерацияланып, қайтадан үдеріске жіберіледі.
Қалдықтардың утилизациясы. Көптеген жағдайда химиялық өзгерістердің нəтижесінде таза өнім алу мүмкін емес. Егерде реакция бойынша бір емес бірнеше өнімдер түзілсе, онда мақсатты өніммен бірге қосымша реакция өнімдерінен де пайдалы өнімдер алуға болады.
Баламалы шикізат. Басқа өндірістердің қалдықтарын қолдану – шикізат көздерін кеңейтудің бір бағыты болса, екіншісі – баламалы біріншілік шикізат көзі болып табылады.