Жалғасқан қылмыс деп ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ұқсас бірдей қылмысты әрекеттерден құрылатын, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз. Мұндай қылмыстарға мысалы, азаптаулар (146-бап) сияқты қылмыс құрамдары. Жоғарыда сөз болған жеке қылмыстардан қылмыстардың көптігін ажырата білу керек.
Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты істеуі мүмкін, мұндай жағдайда олардың іс-әрекетін дұрыс саралау үшін қылмыстардың көптігінің түсінігі дұрыс анықтау керек.
Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескерілмеген немесе сотталғандықтан арылмаған немесе соталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстық құқық бұзушылықтарды істеуін қылмыстық құқық бұзушылықтар көптігі деп айтамыз.