1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі және олардың түрлері. Жеке қылмыстық құқық бұзушылық деп қылмыстық заңда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құрылатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмыстық құқық бұзушылықты айтамыз.
Жеке қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігін ажырату, тергеу, сот қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір жағдайларда оны ажырату белгілі бір тұрғыда қиындық та туғызады. Өйткені, жеке қылмыстардың өзі: жай, күрделі құрамға, созылмалы, жалғасқан қылмыстар болып және басқа да түрлерге бөлінеді.