1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі және олардың түрлері. Жеке қылмыстық құқық бұзушылық


Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуының жалпы қайталануы



бет8/10
Дата07.02.2022
өлшемі51,61 Kb.
#84454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚҚ 7 Қ.Құқықбұз. көптігі

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуының жалпы қайталануы деп істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне қарамастан кез келген басқа бір қылмысты қайталап жасаушылықты айтамыз. Қылмыстың жалпы қайталануы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаңа тағайындалғанда жазаны ауырлататын мән- жай ретінде есепке алынуы мүмкін (54-баптың 1-бөлігі, «1» тармағы).
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы - адамның ұқсас немесе бір тектес қылмысты іс-әрекет тағы да жасауы болып табылады. Бұл жердегі сөз болып отырған ұқсас қылмысқа бір қылмыстың құрамыны жататын қылмыстың қайталанып істеуі жатады (Мысалы, бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі 99- бап, 2- бөлігі, «9» тармақшасы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді бірнеше рет жасаса 106-бап, 2- бөлігі, «7» тармағы). Бір тектес қылмыстар деп объективтік, субъективтік белгілері ұқсас, кінәнің бір түрлі нысаны орын алатын, бір немесе бірнеше ұқсас объектіге қылмысты қол сұғатын қылмыстарды айтамыз (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық және т.б.). Қылмыстық кодекстің 188-бабының бөтеннің мүлкін ұрлауға, бірнеше рет жасауға түсінік берілгенде бір тектес қылмыстар құрамы еске алынған. Бірнеше мәрте жасалған қылмыс деп тану үшін кінәлі адам бұрынғы қылмысы үшін сотталуы немесе сол іс-әрекеті үшін ол әлі де қылмыстық жауапқа тартылмауы қажет. Бірнеше мәрте қылмыс жасады деп тану үшін оны қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескерілмеуі. Сондай-ақ оның сотталғандығы жойылмауы немесе одан арылмауы қажет. Бұл мәселеге Республика Жоғарғы Соты бірнеше рет мән берген.
Бұрынғы істеген қылмыс біткен немесе бітпегеніне, кінәлінің сол қылмыс үшін орындаушы ретінде немесе қылмысқа қатысушы ретінде қатысуына қарамастантағы да істеген қылмысы, іс-әрекеті бірнеше мәрте жасалған деп танылады. Үнемі (ұдайы) жасаған қылмыстар да бірнеше мәрте жасалған қылмысқы жатады. Үнемі қылмыс жасау кейбір қылмыс құрамдарының қажетті белгісі болуы мүмкін. Мысалы, 146-бапта көрсетілген азаптаулар. Мұнда қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi -азаптаулар деп белгіленген.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы Қылмыстық Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда, адамның жасаған қылмыстары осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң қылмыстарды бiрнеше рет жасағаны үшiн жаза көзделетiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша сараланады. (ҚК 12-бап, 4-бөлігі).
Қылмыстық теріс қылықтардың бірнеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда, адамның жасаған қылмыстық теріс қылықтары Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң қылмыстық теріс қылықтарды бiрнеше рет жасағаны үшiн жаза көзделетiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша сараланады. (ҚК 12-бап, 5-бөлігі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет