1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Комплемент жүйесінің альтернативті белсену механизмін түсіндіріңіз



бет30/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

45) Комплемент жүйесінің альтернативті белсену механизмін түсіндіріңіз.
Реакцияның иммундық жауаптағы мақсаты: қан плазмасындағы ферменттік жүйе, реакцияның иммундық жауаптағы мақсаты компоненттердің С5-9 деген лизистік кешен түзіліп, антигендерді ыдырату.
Иммунологиялық реакция механизміне қатысатын барлық факторлар: С3, В, D и Р (пропердин) факторлары, С3b, С3bВ, (С3bВв, С3bВbР, С3а және С3b, С3bВb3b, ) С5-С9, С5а және С5b , С6, С5b67, С8, С5b6789.
Комплементтің альтернативті жолмен белсенуінде кальций иондары, С1, С4 және С2 қатыспайды
Каскад С3 компонентінен басталады, С3 компоненті спонтанды түрде гидролизденіп, тиоэфирлік байланыстың бұзылуына алып келеді және В факторымен байланысатын аймақ түзіледі
Каскадта В, D и Р (пропердин) факторлары күшейткіш әсер етеді
В факторы С3b-мен байланысып, С3bВ комплексін түзеді
D факторы В факторын ыдыратып, С3-конвертаз (С3bВв) түзеді
Пропердин С3bВbР (С3-конвертаза) комплексін тұрақтандырады және С3 компонентін С3а және С3b ыдыратады
С3а ерігіш күйде қан сары суына өтеді
С3bВb3b (С5-конвертаза) комплексі түзіледі
Комплемент жүйесінің терминалді (соңғы) С5-С9 компоненттерінің құрылуы басталады (МШК-мембранаға шабуыл жасаушы комплекс)
С5-конвертазаның әсерімен С5 компоненті С5а және С5b бөліктеріне ыдырайды
С5а ерігіш күйде қан сары суына өтеді, ал С5b МШК-ң алғашқы компоненті болып табылады
С6 компонентінен бастап комплемент жүйесінің ақуыздары ыдырамайды
С5b67 комплексі нысана жасушаның мембранасына орналасады
Мембранаға орналасқан С5b67 белсенді комплексіне С8 компоненті бірігеді
С5b678 комплексіне біріккен С9 компоненті нысана жасуша қабырғасының цитолизін күшейтеді
С5b6789 комплексі жасуша мембранасында ұзындығы шамамен 15 мм және диаметрі 8-12 мм болатын цилиндр тәрізді саңылау пайда етеді, бұл арқылы электролиттер мен су жасуша ішіне кіріп, жасушаның осмостық лизистенуіне алып келеді
Осы иммунологиялық реакцияның механизмінің бұзылыстарында немесе факторларының жетіспеушілігінде қалыптасатын патологиялық жағдайлар: иммундық тапшылық, иммундық кешен аурулары, жұқпалы аурулар, ісік аурулары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет