1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Антиденелердің өндірілу механизмін түсіндіріңіз



бет28/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

42) Антиденелердің өндірілу механизмін түсіндіріңіз.
Реакцияның иммундық жауаптағы мақсаты: антидене түзу, антиген жою.
Иммунологиялық реакция механизміне қатысатын барлық факторлар: Т-хелпер, В-лимфоцит, макрофаг,плазмоцит, ДНҚ, РНҚ, иммуноглобулин.
I. Индуктивті кезең – 6-12 сағатқа созылады
1. Макрофагты белсендіру
2. Ақпаратты Т-хелперлерден В-лимфоцитттерге жеткізу
3. Плазмоциттердің түзілуі
II. Продуктивті (өнімді) кезең
4. Плазмоциттер 4-15 күн аралығында антиденелерді өндіреді (плазмоциттердің эндоплазмалық ретикулумының полирибосомаларында жүреді)
5. ДНҚ және РНҚ-дан ақпараттың транскрипциялануы (көшірілуі)
6. Ақпараттың РНҚ-дан полипептидті тізбектерге трансляцияциялануы (ауыстырылуы)
7. Жасушаларда иммуноглобулиндер молекулаларының жиналуы и бөлінуі
Осы иммунологиялық реакцияның механизмінің бұзылыстарында немесе факторларының жетіспеушілігінде қалыптасатын патологиялық жағдайлар: антигенге қарсы антидене өндіре алмайды, аутоиммундық аурулар пайда болады.
43) Антиген таныстырушы жасушалардың антигендік пептидтерді презентациялау механизмін түсіндіріңіз.
Реакцияның иммундық жауаптағы мақсаты: антигенді т лимфоцитке таныстыру
Иммунологиялық реакция механизміне қатысатын барлық факторлар: Макрофагтар, В-лимфоциттер, Дендритті жасушалар, МНС I және МНС II, ТАР-1 және ТАР-2, антиген, т-лимфоцит, антигендік пептидтер, Т-хелпер.
Макрофагтар: антигенді эндоцитоз әдісімен жұтады және фагоцитоздайды, презентациялауды (корпустық антигендер, жасуша ішілік және жасушадан тыс паразиттер) лимфоидтық, дәнекер ұлпаларда, серозды қуыстарда жасайды
В-лимфоциттер: антигенді эндоцитоз әдісімен жұтады, фагоцитоздамайды, презентациялауды (ерігіш антигендер, токсиндер, вирустар) лимфоидтық ұлпаларда және шеткі қанда жасайды
Дендритті жасушалар: антигенді пинцитоз әдісімен жұтады, фагоцитоздамайды, презентациялауды (бактериялық, вирустық, ісік антигендері, аллергендер) лимфоидтық, дәнекер ұлпаларда, эпителийде жасайды
Т-лимфоциттердің антигендерді тану үшін міндетті түрде процессингтелуі
МНС I және МНС II жетілуі
«Антигендік пептид+МНСI/MHCII» комплексінің құрылуы
ТАР-1 және ТАР-2 транспорттық ақуыздарының көмегімен «антигендік пептид+ МНСI/MHCII» комплексінің Гольджи аппараты арқылы жасуша бетіне тасымалдануы
«Антигендік пептид+ МНСI/MHCII» комплексінің беткей экспрессиялануы
Т-лимфоциттерге презентациялануы (МНСI Т-цитотоксикалық жасушаға/MHCII – Т-хелперге)
Осы иммунологиялық реакцияның механизмінің бұзылыстарында немесе факторларының жетіспеушілігінде қалыптасатын патологиялық жағдайлар: аутоиммундық аурулар, ісік аурулары, жұқпалы аурулар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет